facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
angliyadan-kelgen-shetel-t-r-yny-aza-standa-y-sen-m-zha-dayy-men-astanany-gonkongpen-sasty-y-zhayly
logo
Англиядан келген шетел тұрғыны Қазақстандағы сенім жағдайы мен Астананың Гонконгпен ұқсастығы жайлы
Өмір сүру стилі

17.09.2017

Англиядан келген шетел тұрғыны Қазақстандағы сенім жағдайы мен Астананың Гонконгпен ұқсастығы жайлы

Джеймс Уилсон, 53 жас, туған қаласы — Лондон , «Назарбаев Университетінің» оқытушысы



Өмірі туралы



Маған Астанада жаңа жұмыс ұсынды,сол себептен мен осында келдім.


RULA0973.jpg


Мен көптеген мемлекеттерде болдым. Басында менімен кездескен адамдар ағылшынша жақсы сөйлей алмады, бірақ кейін мен университетте ағылшынша сөйлейтін әріптестерімді кездестірдім. Кейін мен орыс тілін оқи бастадым,кейбір сөйлемдерді үйреніп алдым.


Мен Жаңа Зеландияда, Қытайда, Гонконгта, Аустралияда, Катарда жұмыс істедім. Гонконг — жемісті қала.Қазақстан үш тілді, және, шын мәнінде, Гонконгтың да екі ана тілі бар: мандарин мен кантондік диалект. Мен адамдардың қарым–қатынастары арасында көптеген ұқстастықтар байқадым: белгілі бір салада жұмыс істейтін адамдар ағылшын тілінде жақсы сөйлейді.Гонконг нәтижелі қала,бірақ та мен Қазақстан туралы тура солай айта алмаймын. Қазақстанның кейбір жүйелері басқа елдерден артта қалып қойған. Мысалы, бұл кейбір банктар мен мейрамханаларда клиенттерге қызмет көрсету жүйесіне қатысты.


Гонконг нәтижелі қала,бірақ та мен Қазақстан туралы тура солай айта алмаймын


Мен Қазақстан жайлы осында келгеннен бұрын кейбір мәліметтер естігем. Менде Катардан және Гонконгтан осында бұрын жұмыс істеген достарым болды. Мен сіздердің елінізді сырттай зерттегем, бірақ сонда да қалауымдай көп мәліметтер білген жоқпын. Маған Алматы ұнады,сонымен қоса мен Бурабайда болдым,шынымен керемет жер. Қарағанды мен Петропавлда болдым.


RULA0966.jpg


Қазақстанда мен өз қабілеттерімде анағұрлым сенімді болдым, себебі адамдар мені тындай бастады, мен НУ жүйесіне бірнеше өзгерістер енгізе алдым. Менің мамандығым — қаржылық есеп, мен университеттің төлемдік жүйесіне кейбір жаңартулар енгізе алдым.


Ең қиын болғаны — бұл климатқа,суыққа үйрену.Алайда, Астананың ғимараттары ауа райына сай жабдықталған, сондықтан бұл шешілмейтін мәселе емес.


Осы жақтың адамдары өз менталитетіне,өз әдеттеріне ие. Оларды басқаша ойлауға мәжбүр ету, олар өздерінің қандай жүйелер ін, пікірлерін өзгертуге дайын екенін зерттеу шынымен қызықты, бұл жарысқа шақыру.



Қала туралы




RULA0970.jpg

Маған Байтерек маңайында сияқты Астананың кең бульварлары ұнайды. Пирамиданың қасында орналасқан бар, кәріс мейрамханалары ұнайды. Әрдайым сол жаққа барғанда, кәріс тілінде сөйлейтін адамдарды көремін. Сырт жағында отыруға мүмкіндік беретін мекемелер ұнайды.


Өкінішке орай, осы жақта көп нәрсе көзге түспей қалады. Темір жол немесе трамвай жолдарының орнына жай жолдар салынады. Болашақ электркөлікте,осыны түсіну керек. Біз келешек ұрпақтарымыз жайлы ойлауымыз керек. Мені жолдардағы қозғалыс,шу, ластану таң қалдырды, жол асты немесе жай ғана темір жолдарын салуға мүмкінідік бар ғой.


Астана EXPO көрмесінен кейін елес қала болып қалатыны мені алаңдатады


Астана EXPO көрмесінен кейін елес қала болып қалатыны мені алаңдатады.Мысалы,әдетте «Керуен» СОО бос болады, бірақ қазір бұл жерде EXPO арқасында адам көп. Мені Университет студенттерінің болашағы алаңдатады: олар Университет бітіргенде немен айналысады? Әрі қарай не болатыны мен үшін қызық. Мен жас ұрпаққа сенемін, олар мүмкіндігі болғанша бәрін жасайды.



Тұрғын үй жайлы



Мен «Назарбаев Университеті» ауданында тұрамын. Бұл жерде өмір суруге арналған жағдайлары жақсы. Үйлер асығып салынды,бірақ олар әдемі. Халықаралық стандарттар бойынша тұрмыстық қызметтер бағасы аса қымбат емес. Әр адамның өзінің бөлек пәтері бар. Кампустарда жаттығу залы,бассейн, балалар паркі, екі дүкен бар. НУ ауданы аз–аздап қалашық болуға жақын. Оқытушылар осы жақта отбасыларымен бірге тұра алады.



Тамақ туралы



Мен жылқы етін, кәуәп, стейк жедім. Астанада сапасы жақсы көкөністерді табумен қиыншылықтар туды, бірақ қазіргі кезде бұл жағдай анағұрлым жақсарды. Осы жақта адамдар негізінде ет жейді, бұл денсаулық үшін жақсы емес. Мен палау, қуырылған күріш жеп көрдім.


Сен: «О, осы тағам не ол, не бұл ағылшын тағамының эквиваленті» деп ойлайсын


Тағамдардың дәмін алғаш рет татып көру қызықты. Сен: «О,осы тағам не ол,не бұл ағылшын тағамының эквиваленті» деп ойлайсын. Мен британдық және қазақ тағамдарында көп ұқсастық таптым. Қазіргі кезде көбінесе тауық етін, салаттар, стейктер жеймін,менің жұбайым көп карри жасайды.



Ойын–сауықтар мен сатып алулары туралы




RULA0959.jpg

Біз қонаққа жиі барамыз,түрлі іс–шаралар ұйымдастырамыз. Мен жүгіруге қатыстым, адамдармен араласамын, көп оқимын.


Мен осы жақта киім сатып алмаймын,себебі ол салыстырмалы қымбат. Менде Индонезияда үйім бар, әдетте мен киімді сол жақта сатып аламын. Тамақ жайлы айтсақ,тамақты мен «Рамсторда» сатып аламын.



Адамдар туралы



Осы жақта таныс емес адамға көз қарас мүлдем басқаша. Адамдар шүбәлі болып көрінеді, таныс емес адамға күлмейді, неге екенін түсінбеймін. Адамдар бір біріне сенбейді. Университет менің Қазақстанға дейінгі жолымды төледі, бірақ кейін менің отырғызу талонымды сұрады. Бұл мәселе белгілі бір адамдарға қатысты емес, бұл ешкімге сенбейтін бүкіл жүйеге қатысты. Осы жерде бүкілі үшін құжат керек,ал сол уақытта Британияда мүлдем басқаша жүйе. Менен қағаздарды қажет етпейді.


Кез-келген жұмысты орындау үшін осы жақта сізге жеті адам қажет,ал Англияда — біреу.Бұл,әрине,керемет,себебі сіз халықтың жұмыспен қамтылу мәселесін шешесіз,бірақ тиімді емес. Бізде қазіргі кезде университет кафедрасында 80 оқытушы мен 12 әкімгер жұмыс істейді, ал сол уақытта Гонконгта 120 оқытушы мен 3 әкімгер жұмыс істейді.


Осы жерде бүкілі үшін құжат керек,ал сол уақытта Британияда мүлдем басқаша жүйе


Осы жақта барлығы анағұрлым баяу өтеді. Гонконгта мен күніне бес адаммен кездесемін, ал осында тек екеуімен ғана кездесуге үлгіремін.


«Хан Шатыр» СОО архитекторы болған Норман Фостер, офистік ғимараттарының жобалауымен айналысты. Офистерді жасағанда, ол Қазақстанда офистік қызметкерлер жұмыс барысында оларды көруге болатынын ұнатпайтынын ескерді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.