Қазақстандық Аенль Сайфуллина Еуропада білім алу және сол жақта тұру тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар Karl Lagerfeld компаниясында бизнес-сарапшы ретінде қалай мансап құрып жатқанын айтып берді.
Анель Сайфуллина, 23 жаста, қаласы — Амстердам, Karl Lagerfeld компаниясында бизнес-сарапшы, @anel.saifullina
Қоныс аударуы туралы
Менің Еуропада тұрып жатқаныма 10 жылдай болды. Нидерландыға көшкенге дейін Италияда тұрдым. Онда бір жарым жыл жұмыс істегеннен кейін көңілім толмайтынын түсіндім, өйткені солтүстік Еуропадағы елдердің өмір сапасы әлдеқайда жақсырақ. Оған қоса, өмірімде өзгерістер болғанын қаладым. Осылайша, қоныс аударып, өткен жылдың тамыз айынан бастап Амстердамда тұрып жатырмын. Мен сән саласында оқимын әрі жұмыс істеймін.
Жаңа жерге бейімделуі және қиындықтар туралы
Нидерландыдағы, әсіресе Амстердамдағы ең үлкен проблема — баспана табу. Нидерланды —Еуропадағы халық тығыздығы ең жоғары ел. Мұнда жыл сайын көптеген иммигранттар мен студенттер келеді. Баспана табу бірнеше айға созылуы және қала орталығынан ештеңе таппауыңыз да мүмкін. Амстердам — елдегі ең қымбат қала. Бөлмелердің бағасы айына 800-1000 еуродан басталады.
Мен қоныс аударуымды бірнеше ай бұрын жоспарлағандықтан, ешқандай қиындықтарға тап болмадым. Университет арқылы баспана алуға құжат тапсырдым, бұл маған бірінші жылы көмектесті.
Мұндағылардың барлығы ағылшын тілінде сөйлейтінін білетінмін, бірақ голланд тілінің мүлдем қажет еместігіне таңғалдым. Адамдар ондаған жылдар бойы осы елде өмір сүріп, жергілікті тілде бір ауыз сөз білмеуі мүмкін. Сондай-ақ мұнда өзіңді қауіпсіз сезіну ұнайды. Үйге түнделетіп қайтсам да, ешбір қорқыныш сезінбеймін. Бұл жақта полиция жақсы жұмыс істейді, халқы да адал.
Қоныс аудармас бұрын алдын ала баспана іздеуге кеңес беремін және Facebook-тегі алаяқтардың құрығына түсіп қалмаңыздар
Қоныс аудармас бұрын алдын ала баспана іздеуге кеңес беремін және Facebook-тегі алаяқтардың құрығына түсіп қалмаңыздар. Елде жартылай жеке денсаулық сақтау жүйесі бар екенін есте ұстаған жөн, сондықтан міндетті түрде сақтандыру алу керек. Яғни медицина негізінен тегін басқа Еуропа елдерінен ерекшеленеді. Мемлекет оны жалақыңызға байланысты төлеуге көмектеседі. Сақтандыру құны айына 130 €.
Нидерландыда қалай жұмыс іздеуге болады
Мен маркетинг және сыртқы нарықты дамыту саласында бір жарым жылдай жұмыс істедім. Содан кейін алты ай бойы сақтандыру саласында бизнес-сарапшы болып жұмыс істедім.
Көшпес бұрын LinkedIn арқылы бірнеше жұмысқа өтініш бердім. Karl Lagerfeld өтінішіме жауап беріп, сұхбатқа шақырған компаниялардың бірі болды. Үш кезеңнен өткеннен кейін олар маған offer жасады.
Нидерландыда жұмыс табу қиын деп айтпас едім. Түрлі салада көптеген бос жұмыс орындары бар. Ел иммигранттар үшін ашық және background-ңыз жұмыс табуда үлкен рөл атқарады.
Қазіргі уақытта agile пен flexible болу маңызды. Яғни тез бейімделіп, шешім таба білу керек, әсіресе бизнес саласында. Бұдан бөлек, тайм-менеджментті де айтар едім — уақытты дұрыс бөлу және оқу мен жұмыстан басқа да нәрселермен айналысу қабілеті. Бұл сізге жинақы болуға және жаңа дағдыларды дамытуға көмектеседі. Ең соңғысы, бірақ маңыздылығы бар нәрсе — teamwork. Егер халықаралық компанияда жұмыс істесеңіз, бұл қиын болуы мүмкін, өйткені тәжірибесі мен мәдениеті әртүрлі адамдармен жұмыс жасайсыз.
Karl Lagerfeld компаниясындағы жұмысы туралы
Мен IT, сән саласында бизнес-сарапшымын. Жұмысымның басты ерекшелігі — компанияның 360°-та қалай жұмыс істейтінін көремін: коллекцияның пайда болу процесінен бастап, сөмкені клиентке үйге жеткізуге дейін. Негізінен мен жаңа жобалар кезінде бизнес-процестерді түсінуге және оларды қалай жақсартуға болатынын, қандай жаңа software таңдауға болатынын немесе процесс барысында нені өзгерту керектігін түсінуге көмектесемін. Бизнес-сарапшы — бизнес пен IT арасындағы көпір.
Karl Lagerfeld-те жұмыс істеудің ерекшелігі — иерархияның мүлде жоқтығында
Karl Lagerfeld-те жұмыс істеудің ерекшелігі — иерархияның мүлде жоқтығында. Мұнда әрбір пікір маңызды және қанша жұмыс істесеңіз де, қандай лауазымда болсаңыз да. Кеңседе бәріміз қалаған жерімізде отырамыз. Бізде бекітілген орын жоқ. Маған бұл ұнайды. Сондықтан болар, жұмыс орнымызда достық атмосфера орнаған.
Тағы бір ерекшелігі — креатив. Ай сайын компанияның ұйымдастыруымен белгілі бір тақырыпқа сай кештер өтеді. Мұнда біз барлық бөлімшедегі әріптестермен жиналамыз. Біздің офис өте үлкен, сондықтан бұл барлығымен танысудың тамаша мүмкіндігі.
Қоныс аудару қалай әсер етті
Қоныс аударуымның арқасында жаңа елмен, жаңа мәдениетпен таныстым және халықаралық компанияда жұмыс істеудің мүлдем жаңа тәжірибесін аштым. Бұрынғыдан да ашық-жарқын әрі тез тіл табысып кететін болдым.
Басқа елге көшу — жаңа мүмкіндіктер ашатын және тұлғалық дамуға ықпал ететін баға жетпес тәжірибе.