facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/b45/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/b45ad4f997a720059ac1cd38e2894412.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
anat-tasibekov-solt-st-k-zh-g-tt-almatyda-ne-ta-aldyr-any-zhayly
logo
Қанат Тасибеков солтүстік жігітті Алматыда не таңқалдырғаны жайлы

30.01.2020

Қанат Тасибеков солтүстік жігітті Алматыда не таңқалдырғаны жайлы

Қанат Тасибеков, 58 жаста, туған жері — Астана, жазушы

IMG_7141.jpg


Целиноград — Алматы


1976 жылы мен Алматының жоғары оқу орнына түсіп, оны 1981 жылы бітірдім. Солтүстіктен келген, мен сияқты жігітке көп нәрсе таңқаларлық болды. Мысалы, студенттік жылдары біз картопқа емес, Балтабай совхозына темекіге баратынбыз.

Совхозда тек ұйғырлар ғана тұрды, ал мен солтүстікте орыс, неміс, татарлардың тұратынына үйреніп кеткенмін. Кейін бізді жүзім, құлпынай жинауға жіберді. Бір күні біз кинотеатрдан шығып, қатты қар жауды. Егер Целиноградта қыс пен қар — бұл көзді жауып, қозғала алмайтын жағдайға жеткізетін қатты жел болса, Алматыда бұл — ақ қар қабатымен жабылған әдемі ағаштар және желсіз керемет оңтүстік ауа райы. Сол кезде осы қалаға ғашық болдым, осында өмір сүргім келеді деген ішкі сенім пайда болды.

Бірақ, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін үйге қайтып, Целиноград ауыл шаруашылығы институтында 16 жыл жұмыс істедім. Бірнеше жыл Мәскеуде тұрып, кейін ҚР Президенті тағайындаған конкурсты жеңіп алып, Францияға тағылымдамадан өтуге кеттім. Осылайша Дижон қаласында үш жыл тұрып, Бурбон университетінде ауыл шаруашылығы бойынша докторантураны оқыдым.

Қазақстанға оралғаннан кейін «Ромплинг» француз ауыл шаруашылық фирмасының өкілдігінің басшысы болдым. Менің клиенттерім Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстандағы құс фабрикалары болды. Астанада тұрдым, бірақ Алматыда клиенттер көп болғандықтан сонда жиі баруға тура келді. Бір күні басшылыққа маған Алматыда тұрған ынғайлырақ болады дедім. Осылай Алматыға көшіп, қаланың дәл ортасынан, Төле би және Фурманова көшелерінің қиылысында пәтер сатып алдым.

Менің жұбайым да астаналық, көшіп бара жатқанда ол ата-анасымен жылап, қоштасты


Менің жұбайым да астаналық, көшіп бара жатқанда ол ата-анасымен жылап, қоштасты. Мен одан мүмкін қалғысы келетіні жайлы сұрадым, , бірақ біз барлығымыз бірге көштік, енді ол да Алматыны жақсы көреді.


Жұмыс және Алматыдағы қазақ тілі жайлы


1998 жылдан бастап 5 жыл бойы мен француз фирмасының өкілі болып жұмыс істедім, кейін өз кәсібімді ашып, онымен 10 жыл бойы айналысып келемін. Ал кәсіптен кеткеннен кейін, қазақ тілімен айналыстым. Қазір кітап жазамын. Алматыға көшпесем еш нәрсе жазбас едім, өйткені Алматы — ежелгі дәстүрі бар шығармашыл қала. Бұрын барлық зиялы қауым осында тұрған. Төлеубаев көшесінің өзі неге татиды: Бибігүл Төлегенова да, Дінмұхамет Қонаев та өз уақытында осында тұрды.

IMG_7191.jpg

Мен Франциядан оралғанда, француз тілінде қазақ тіліне қарағанда бірдеңені жеткізу әлдеқайда жеңіл екенін түсіндім. Бұл менің намысыма тиген жағымсыз жаңалық болды. «Тілді үйренуім керек» деген ұстанымым болды.

Алматыға көшпесем еш нәрсе жазбас едім, өйткені Алматы — ежелгі дәстүрі бар шығармашыл қала


Осы кезде мені ақша қызықтыруды қойды, балаларымды барлығымен қамтамасыз еттім. Осылайша, мен қазақ тілін үйреніп, саяхаттай бастадым. Кейін өз тәжірибеммен бөлісу үшін кітап жаздым. Кітапты жақсы қабылдады. Бір уақыттары Қазақстандағы сатылымы ең жоғарғы кітаптардың қатарында болды. Қазір қазақ тілін үйренудің методикасымен айналысамын. Алматыда орыстілді қазақтар тілді үйрену үшін «Мәмле» клубын ұйымдастырдық. Жақында астаналық филиал ашылды.


Көшудің қиындықтары


IMG_7211.jpg

Еш қиындықтар болмады. Өйткені студенттік шағымды Алматыда өткізгендіктен барлығы таныс болды. Бұл жерде туған-туыстарымыз аз тұрады, бір жағынан қиын, оларды сағынасың. Ал бір жағынан жақсы, қазақтарда «Жақынмен алыстан сыйлас» деген мақал бар. Қазір ыңғайлы, билетті 12 000 — 15 000 теңгеге сатып алуға болады. Сондықтан кез-келген адам таңертең ұшып келіп, кешке қайтып кете алады.

Тек жер сілкінісі — алматылық өмірді алаңдатады


Тек жер сілкінісі — алматылық өмірді алаңдатады. Басында қорқыныш сезімі болған. Әрдайым үстелімде дәрілер, су, ақша, құжаттар дайын тұратын. Ал кейін тіпті макрогнатус атты балықтары бар аквариум сатып алдым. Олар жер сілкінісін бірден сезеді.


Алматы не сыйлады


Алматы маған шығармашылық шабыт сыйлады. Себебі қаланың өзі мен оның атмосферасы шығармашылыққа бейімделген.

IMG_7130.jpg

Әрине, Алматы әр күн сайын табиғатқа жақын болу мүмкіндігін сыйлады. Мен серуендгенді ұнатамын, жиі Көк Төбеге жаяу барамын. Мұндай серуен 2,5—3 сағат уақытты алады. Немесе достарымызбен Фурмановка, не Көк-Жайлау тауына шығамыз. Табағанға барып тұрамын, шаңғы тебемін, Қапшағайға немесе аң аулауға барамын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын