facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
anara-zhakupova-venter-alay-alamtorda-y-saytta-k-yeu-tauyp-namibiya-a-k-shu-turaly
logo
Анара Жакупова-Вентер қалай ғаламтордағы сайтта күйеу тауып, Намибияға көшу туралы
Басты бет

08.08.2018

Анара Жакупова-Вентер қалай ғаламтордағы сайтта күйеу тауып, Намибияға көшу туралы

Анара Жакупова-Вентер, 40 жаста, Первомайский кенті, Шығыс Қазақстан облысы, қоғам қайраткері



Өзі туралы



Шығыс Қазақстан облысының Первомайский кентінде туылып, сол жерде өстім.

Белсенді қоғам қайраткерімін. Осы уақытқа дейін әрқашан жұмыс істеп, қоғамдық ұйымдарда еріктілікпен айналыстым. Жеке зерттеу де өткіздім. Белгілі бір статус немесе ғылыми деңгей алу үшін емес, жай ғана шетелде және бізде бұның қалай істейтіні қызық болды. Өзімді әлеуметтік қоғамдық ұйымдар қызметінде кішігірім сарапшы деп айта аламын. Қазір ерікті негізде Намибия америкалық бағдарламаларының түлектер ассоциациясының хатшысы болып табыламын. Кеңсе Винхук қаласында орналасқан, ал біздің әлеуметтік жобалар АҚШ Елшілігінен қолдау көреді. Мен «Үздіксіз білім беру Қоры» Қоғамдық қорында жұмысымды жалғастырып жатырмын.

Read Namibia Anara.jpg

Анам екеуміз «Үшінші жастағы университеттер» — University of Third Age — U3A — қозғалысын дамытып жатырмыз — бұл 50+ жастағы адамдардың әлемдік қозғалысы. Олар өздері үшін әлемді жаңадан бастап, жаңа білім мен дағдыларды үйренеді: тілдерді меңгереді, тарихты оқиды, түрлі елдерге барады және тұлға ретінде дамиды. Бізде Қазақстанға бұл қажет. Дәстүр бойынша ата-аналар балаларын өсіріп, немерелеріне бала күтуші болуды армандайды деп есептеледі. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Шын мәнінде, ата-аналарын шын сүйетін балалар оларға тек жақсылық тілейді, барынша ұзақ өмір сүріп, дамып, білімге құмар, белсенді, жігерлі болу, салауатты өмір салтын ұстанып, жаңа елдерді, мәдениет пен тілдерді үйренуге дайын болу мақсатында немерелеріне жеке мысалда дамуға көмектескілері келеді.



Тұрмыс туралы



Күйеуіме «ғаламтор арқылы» тапсырыс бердім. Қалаулымды таңдауға іскерлік көзқараспен қарадым. Мені 100 долларға шетел танысу веб-сайттарында менің анкетамды орналастыратын Өскемендегі агенттікке тіркеді. Агенттіктегі адамдар хат алмасуды жүргізуге көмектесіп отырды.

Сәйкес келетіндер бар болып шықты. Алғаш рет Намибия жайлы болашақ күйеуімнен естідім. Ол орысша сөйлейтін, ал мен ағылшынша сөйлейтін адамды іздедік. Басқа үміткерлерге қарағанда күйеуім ұқыпты, тәртіпті ұнатады және өзі жасайды, тамақтың сапасы мен мөлшерін бақылайды. Ең бастысы, оған орыс тілі мен КСРО мәдениеті ұнайды.

IMG_1377.JPG


Намибияға көшу туралы



Намибия — ыстық, құрғақ климат және суккуленттер мекені. Бұл теңіздер батыс жағалауда құмды дөңдермен кездесетін, оңтүстік судың жетіспеушілігінен кеуіп тұратын, ал солтүстік жыл сайын су тасқынынынан зардап шегетін, кұстар, бөкендер секілді керемет жабайы аңдар астана ішінде, ал бабуиндар қала шетінде жүретін ел. Намибияда жоғары өркениетті қалалардың жанында тұрғындар балшықты үңгірде тұрып, мал өсіріп, киім кимейтін ауылдар да бар.

Намибияға дейін ең бірінші барып көрген шет мемлекеті АҚШ болды, нақтырақ айтсам, Туссон қаласы. Сондықтан ойыма келген ең бірінші ой: «Бұл Туссон секілді, бірақ кактустардың орнына мұнда алоэ өседі».

Намибия маған ұнады. Сегіз жыл бұрын бұл жылы әрі мейірімді ел болды. Сондай-ақ, мұнда мен үшін экзотика болып саналған африкандық нәсіл өкілдері көп болды.



Тіл мен қиындықтар туралы



Friends Namibia.jpg

Намибияда әр адам еркін үш тілде сөйлейді, сондай-ақ, ресми тіл — ағылшын, бизнес-тіл —африкаанс және неміс.

Олар сөйлейтін ағылшын тілін жергілікті тұрғындар әзілдеп, «Намлиш» деп атайды.

Намибиядағы маңызды лингво-франка тілдердің бірі — африкаанс, мен әлі күнге дейін оны меңгере алмадым, бұл жас тіл, оған шамамен 300 жылдай, ағылшын, неміс, араб тілдері қосылған ескі голланд тілінде жасалған. Жұмыс істеу үшін африкаанс, сөйлесу үшін неміс, ал өмір сүру үшін ағылшын тілін білу жеткілікті.

Маған отбасым мен қазақтар жетіспейді, себебі оларға өте жақынмын.

Сонымен қатар, мұнда туристерді есептемегенде, басқа ел өкілдеріне деген толеранттылық жоқ. Мен қытайға ұқсағандықтан, жергілікті халық көз алдымда секіріп, қолын бұлғап, «Нихао» деп айқайлайтын кездер болды, бұл менің ашуыма тиеді.



Тамақ туралы



Күйеуіме, оның туыстарына және біздің қонақтарға бесбармақ ұнайды. Ал манты — онша емес.

Тамақ дайындауды тез үйрендім, күйеуім үйренгендей таңғы асқа ботқаны өзі әзірлейді, ланчқа бутербродтарды кейде өзім жасаймын, ал кейде ол раск пен кофе іше салады, раск — бұл піспе мен кепкен нанға ұқсас тағам. Біздің кешкі ас өте жеңіл әрі тез жасалады — қуыру мен майсыз туралған ет, гарнир және жаңа піскен көкөністер. Нанды аз жейміз. Дұрыс тамақтануды ұстанып, салмағымызды бақылаймыз.

Бұл жерде ет бізге қарағанда арзан, себебі аң-құстар көп сақталған. Еттің түр-түрін табуға болады: сиыр, қой, бөкен. Кез келген адам ет жей алады, тіпті ең кедей адам болса да. Көкөністер, құрғақшылықтан қымбат болуы мүмкін, бірақ Қазақстандағыдан қымбат емес. Қазір топырақсыз, су мен тыңайтқыштар арқылы өсірілетін үй, ферма жобалары дамып келеді.

Маған сүт өнімдері жеткіліксіз. Мұнда олар дәмді емес, ал сүттің дәмі мүлдем басқаша. Қазақтар — сүтпен, етпен өскен халық, сол себепті маған сәл қиындау.



Адамдар туралы



20170726_102756 — копия.jpg

Қонақтарға жақсы қарайды. Егер қонақ келіп, сіздің үйде тұрса, онда ол алғысын қайтарады — тамақ әзірлейді немесе мейрамханаға шақырады — бұл қалыпты нәрсе.

Батыс мәдениеті африканерлермен, немістермен, британдықтармен, ирландтармен, шотландтармен көрсетілген. Менталитетіміз әртүрлі. Маған орысша сөйлейтіндермен немесе орыс достары бар, орыс елінде оқып, жұмыс істеген адамдармен араласқан қолайлы. Африканерлер, еуропалық келбеттеріне қарамастан, менталитет жағынан қазақтарға ұқсайды, себебі олар да алдыңғы 300 жыл бойы көшпенді фермашылар болған.

Қонақтарды шақырған кезде бірден не дайындалатыны айтылады: бұл кез келген тамақ болу мүмкін, тіпті тауық еті мен макарон өнімдері.

Мұнда барбекю — «брай» жасау дәстүрі бар. Етті ер адамдар қуырады, ал әйелдер гарнир, салат және тәтті тағамдар дайындайды. Қонақтардан кейде сусын немесе үстелге қойылатын басқа бір тағам әкелулерін сұрайды.



Баратын орындар мен қауіп туралы



Мен ұлттық Этоша саябағын көруге кеңес берер едім, онда сафари-көліктерінің терезесінен пілдерді, арыстандарды, бөкендер мен мүйізтұмсықтарды қалыпты өмір сүру ортасында көруге болады. Сонымен қатар, Атлант мұхитының жағалауында орналасқан Свакопмунд неміс қаласын да көру керек, ол жерде үлкен сары дөңдер қара-көк мұхитпен және таза көгілдір аспанмен түйіседі. Келесі орын — ең үлкен метеорит Хоба. Міндетті түрде динозаврлардың ізін көру керек. Адамның алақанымен салыстырғанда қаншалықты үлкен болғанын байқау үшін оны ұстап көруге болады.

Мемлекеттің өзі үлкен емес, бірақ адамдар оны жақсы көреді, әсіресе мұнда жүздеген жыл бұрын Еуропада тұрғындарының саны асқандықтаната-бабалары көшіп келген адамдар.

Әрбір турист мұнда қауіпсіз емес екенін асте сақтау қажет. Адамдар қолында көптеген қарулар пайда бола бастады. Өтіп бара жатқан адамға оқ ату мүмкін. Әсіресе туристерге отыруға тиісті емес таксилердің ішінде ондай жиі болып тұрады. Мені мұнда екі рет тонады, өйткені туристер жеңіл олжа. Егер Намибияға келгіңіз келсе, онда сізбен бірге жергілікті адам болу үшін гид алуға кеңес беремін. Бұл өте маңызды, себебі ол дер кезінде төніп тұрған қауіпті байқай алады.



Жоспарлар туралы



Мен әлеуметтік пакеті, яғни медициналық сақтандыруы, тамақтандыруы мен тұрғын үйі бар жақсы орын іздестіріп жатырмын. Жұмыс істеп, басқа елдер мен олардың мәдениетін меңгергім келеді. Батыс әріптестеріммен жұмыс жасауды үйрендім. Намибияда жағдай нашарлап жатыр, ал мен балық секілді жақсырақ орын іздестірудемін.

Күйеуім «жұмыс іздеуге жіберді», яғни жұмыс іздеп, үзілісте үйге келіп отыруыма келісімін берді. Вахталық әдіспен жұмыс табу керемет болар еді. Біз Намибиядан көшіп кететін жағдай бар. Бірақ, күйеуім анасына күтім жасау қажет, сондықтан әлі кете алмаймыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.