Қазақстандық «Анаға апарар жол» фильмі Біріккен Ұлттар ұйымында өткен WeLink кинофестивалінде жоғары бағаланды. Оған әлемнің түпкір-түпкірінен 100-ден астам кино мамандары қатысты. Отандық туынды «Өмір жетістігі» номинациясындағы «Үздік көркем фильм» жүлдесін иеленді. Ананың балаға деген махббаты, туған жерге деген адалдығы мен сүйіспеншілігі Нью-Йорк тұрғындарын тәнті етті. Кинофестивальге түрлі жанрда кино түсіріп жүрген АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Судан, Таиланд және Жапония сынды елдердің өкілдері қатысты. Шараның мақсаты кино саласынағы мамандардың басын қосып, тәжірибе алмасу, халықаралық бірлескен жобалар жасауға мүмкіндік беру. Айта кетейік, «Анаға апарар жол» тарихи драмасының Бас продюсері Әлия Назарбаева, ал режиссері Ақан Сатаев. Бұл фильм Испания, Ресей және Хорватияда өткен кинофестивальдарда жоғары марапаттарға ие болған.
Дерек көзі: 24.kz