АМГУ студенттері оқудың құны және қосарлы оқыту жүйесі жайында - статьи, истории, публикации | WEproject

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
amgu-studentter-o-udy-ny-zh-ne-osarly-o-ytu-zh-yes-zhayynda

АМГУ студенттері оқудың құны және қосарлы оқыту жүйесі жайында
552

04.05.2019

АМГУ студенттері оқудың құны және қосарлы оқыту жүйесі жайында

Ануарбек Қоныспаев, 18 жаста, туған қаласы — Атырау, студент


Ануарбек 1.jpg


Университетті таңдау жайында


Мен АМГУ-ға 2018 жылы түстім. Бұл Атыраудағы жалғыз техникалық университет болғандықтан, осы оқу орынды таңдадым. Оқуға түсу барысында ешқандай қиындықтар болған жоқ, тек құжаттарды тапсырып, нәтижелерін күту керек болды.


Студенттік өмір жайында


Университеттегі оқу процесі күрделі деп санамаймын, бірақ мұғалімдердің көбісі өздерінің пәндеріне мұқият қарайды және студенттерді еркіне жібермейді.

Біз мұнайгаз нысаналарында өндірістік тәжірибеден өтеміз. Бұл үлкен артықшылық, себебі оқу барысында нағыз жұмыс тәжірибесіне ие боламыз.

Оқудың бір жылғы құны 385 000 теңге, бірақ мен грантқа түстім және тегін оқып жатырмын. Шәкіртақы 21 000 теңгені қамтиды.

Менің білуімше, оқудың соңында түлектер түйіндемелерін түлектер жәрмеңкесіне тапсырады, олар сол жерде жұмыс берушілермен танысып, бос жұмыс орындарды қарастыра алады.

Ануарбек.jpg

Менің студенттік өмірім өте белсенді және жарқын. Біз күн сайын дерлік Студенттер сарайында болып тұрамыз, сол жерде дағдыларымызды дамытып, бос уақытымызды тиімді өткіземіз. Мысалы, жақында университетіміздің атынан Enactus чемпионатына қатыстық. Өкінішке орай, жүлделі орындарға ие бола алмадық, бірақ келесі жылы бәрі басқаша болады деген сенімдемін.

Университетте көп үйірмелер бар, мысалы:

— кітап клубы

— қытай тілінің клубы

— шахматшылар клубы

— «Заңғар» тренингтері.

Мектепке қарағанда университет өзін-өзі таныту үшін әлдеқайда көп мүмкіндіктер береді.

Мектепке қарағанда университет өзін-өзі таныту үшін әлдеқайда көп мүмкіндіктер береді



Жоспарлар жайында


Болашаққа деген жоспарлар көп. Жеке бизнесімді ашуды қалаймын және оған қазірде дайындалып жатырмын. Жақында университетте стартаперлердің үйірмесін аштық және сол жерде бизнестің нарығын зерттеп, өзіміздің бизнес-жоспарларымызды жүзеге асыруға тырысып жатырмыз.


Данияр Құрманбаев, 20 жаста, туған қаласы — Атырау, студент

Данияр (1).jpg


Университетті таңдау жайында


Мен ағамның ақыл-кеңесі бойынша 2016 жылы АМГУ-ға түстім. Оқуға түсу кезінде ешқандай қиындықтар болған жоқ, тек құжаттарды тапсыру керек болды. Бірақ мен түскен жылы қалаған мамандығым жабылған еді, сол себепті басқасын таңдауға тура келді. Мен «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша оқып жатырмын.


Студенттік өмір жайында


АМГУ-дағы оқудың ең басты және ең белгілі артықшылардың бірі – қосарлы оқыту. Ол екі апта оқып, екі апта жұмыс істеу жүйесіне негіделеді. Аталмыш әдістеме көптеген адамдарды қызықтырады.

АМГУ-дағы оқудың ең басты және ең белгілі артықшылардың бірі – қосарлы оқыту


Бүгінде мен университеттің студенттік өміріне араласпай жүрмін, дегенмен бірінші және екінші курста математикалық үйірмеге қатысқанмын. Сонымен қатар геймерлер, пікірталас және тағы басқа клубтардың бар екенін білемін.

Сабақтарға барып, дәрістердің мәнін ұғынып жүрсең, оқу қиынға соқпайды. Әрине, барлығы мектепте алған білімге байланысты. Бүкіл университет бойынша қолданылатын бағалау жүйесі формалды ерекшелік болып табылады, бірақ әрбір мұғалімнің өзіндік бағалау әдістемесі бар.

Мен ақылы негізде оқимын және жылына 369 000 теңге төлеймін.

Нысандардағы өндірістік тәжірибе оқудың артықшылығы болып табылады. АМГУ көптеген мұнайгаз компанияларымен қызмет жасайды, сол себепті өндірістік тәжірибеге ие болу үшін ешқандай қиындық тумайды.


Жоспарлар жайында


Болашақта университетті сәтті бітіріп, жұмыс табуды қалаймын.


Роза Жексенбаева, 19 жаста, туған қаласы — Атырау, сыртқы бөлімнің студенті


Роза.jpg


Университетті таңдау жайында


Мен 2018 жылы Атырау мұнай және газ университетіне түстім. Университеттің абыройы жайында естігенім бар және жалпы маған ұнағандықтан, осы оқу орынды таңдадым. Мен «Мұнай және газ кен орындарын өңдеу» мамандығы бойынша оқып жатырмын.


Студенттік өмір жайында


Менің ойымша, Қазақстандағы мұнайгаз саласын Атырауда оқу әлдеқайда тиімдірек, себебі осында өндірісті өз көзімен көру мүмкіндігі бар.

Менің ойымша, Қазақстандағы мұнайгаз саласын Атырауда оқу әлдеқайда тиімдірек, себебі осында өндірісті өз көзімен көру мүмкіндігі бар


Мен сыртқы бөлімде оқып жатырмын, сол себепті барлық оқу процесі қашықтықта өтеді. Сыртқы бөлім студенттеріне грант берілмейтіні баршаға мәлім, сол себепті мен коммерциялық негізде оқып жатырмын. Оқуымның құны жылына 220 000 теңгені қамтиды.

Оқу барысында әзірге қиындықтарға тап болған жоқпын, бастысы – барлығын уақытында орындап, мұғалімдерге сұрақ қоюдан қорықпау. Өндірістік тәжірибеден әлі өткен жоқпын, бірақ осы мүмкіндікті күтіп жүрмін.

Университеттің студенттік өміріне қатысып жүрген жоқпын, бірақ АМГУ-да қызығушылығы бар адамның іші пысып кетпейтінін естідім.


Жоспарлар жайында


Қазірде мен жұмыс істеп жатырмын, бірақ мамандығым бойынша емес, оқуымды және жұмысымды қатар алып жүремін. Болашақта университетті бітіріп, мұнайшы болып жұмыс істеуді және нағыз кәсіпқой болуды қалаймын.