facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
amerikandy-zh-g-tt-los-andzhelesten-almaty-a-k-sh-p-kelu-zh-ne-aza-t-l-n-yrenu
logo
Американдық жігіттің Лос-Анджелестен Алматыға көшіп келуі және қазақ тілін үйренуі

17.07.2019

Американдық жігіттің Лос-Анджелестен Алматыға көшіп келуі және қазақ тілін үйренуі

Dennis Keen, 31 жаста, Manhattan Beach, California, USA, tour guide, researcher @walkingalmaty, @monumentalalmaty

photo5256235811148508292.jpg


Лос-АнджелесАлматы


Мен Калифорниядағы Manhattan Beach қаласында өстім. Алматыға алғаш рет студент ретінде 17 жасымда алмасып оқу үшін келдім.

Маған әрқашан география ұнайтын, бүкіл әлем қызықты болатын. Әсіресе, Қазақстан елі жайында білу қызықты еді – АҚШ-да бұл ел туралы аз біледі. Мен қазақ отбасыда тұрып, орыс және қазақ тілін үйрену мүмкіндіктері бар бағдарламаны таптым. Осы уақыт аралығында Астанаға, Шымкентке, Түркістанға барып келдім. Бұл өмірімді өзгерткен ұмытылмас тәжірибе болды.

Бұл саяхаттан кейін, студент ретінде орыс тілін оқи бастадым, Моңғолияда және Қырғызстанда болдым. Қазақ тілін зерттеу үшін, Калифорниядағы Стэнфорд университетіне түстім. Оқуды бітіргесін, қазақ тілін үйренуді жалғастыру үшін, Алматыдағы КИМЭП университетіне түстім. Сол кезден бастап Алматыда тұрып жатырмын.

18622490_10102932626405038_1664844386778977939_n.jpg


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Алматыға алғаш рет келген кезде, қала өмірге толы болып көріндімыңдаған ағаштардан бөлек, бүкіл жерде өсіп жатқан шөптер де, қаланың арықтары бойынша ағып жатқан су да сондай әсер қалдырды.

Бастапқыда қалаға дағдылану қиын болды, себебі көшелер бірнеше атауларға ие және олар ұзынынан орналасқанбарлығы бірдей болып көрінеді. Мен қала бойынша жаяу жүре батадым, орталықтағы әрбір көшені аралап шықтым, кейін автобуспен әрі қарай, көрші аудандарына бара бастадым. Барлық жерлерде серуендеп, барлығын камераға түсіріп отырдым. Жиналған материалды Walking Almaty блогым үшін қолдандым.

Мен американдық ретінде әрқашан күлімдеп, қалжыңдап, бейтаныс адамдармен әңгімелесуге үйрендім


Сонымен қатар бастапқы кезде адамдармен араласу қиынға соғатын. Мен американдық ретінде әрқашан күлімдеп, қалжыңдап, бейтаныс адамдармен әңгімелесуге үйрендім. Сол себепті бастапқы кезде жергілікті тұрғындар кішкене дөрекі болып көрінді. Кейін осы адамдар мені өз үйіне шақырған адамдар сияқты болса, демек олар да мейірімді және қонақжай болып келетінін түсіндім. Тек жұмыс кезінде басқаларға сыпайы және мейірімді болу қажет деп санамайды.

14183844_10102446674626298_5478550914865583483_n.jpg


Алматы жайында


Мен көп саяхаттадым, бірақ дегенмен Алматы сүйікті қалаларымның бірі болып қалады.

Осы жердің өмір деңгейі жақсы, табиғаты әдемі, шағын арақашықтықтар, жаяужол орталығы, қолайлы бағалар, жылы шырайлы адамдар, дәмді тамақ табылады.

Бір қаланың ішінде атмосферасы әртүрлі болып табылатын ықшам аудандарды табуға болатыны ұнайды: Алтын шардағы тарихи ғимараттар, Тас үстіртіндегі саяжайлар, Достықтағы ұйғыр наубайханалар, Алатау ауданындағы қазақ бақташылары. Алты жыл өтсе де, жаңа жерлерді зерттеп, жаңа ашылымдарды жасауға ұнатамын.

Осында келген уақыттан бастап, әсіресе Бауыржан Байбек қызметінің соңғы бірнеше жыл ішінде көп нәрсе өзгерді. Велосипед жолдары, Панфилов көшесі сияқты жаңа жаяу жүретін көшелер пайда болды, жаяужолдар мен жаяу өтпе жолдар жөнделді. Бұның барлығының арқасында қаланың орталығы өмір сүріп, жұмыс істеу үшін жайлылыққа ие болды.

photo5256235811148508293.jpg

Бұның өзінде өзгерістер тек Алтын шар ауданында орын алды, ал шеткі аймақтағы аудандарда ешқандай өзгерістер жоқ. Асфальт төселмеген және су құбырғылары жоқ аудандар да бар, ал Алматы сияқты өнімді және үлкен қала үшін бұл дұрыс емес.


Жұмысы жайында


Алматыға алғаш рет келген кезде, осында ағылшын тілінен сабақ беріп жүрдім. Сонымен қатар үш жыл бойы Kazakh TV телеарнасында «Қазақстанды ашу» саяхаттар туралы бағдарламаны жүргіздім. Бұның арқасында бүкіл елді аралап, Қазақстанға деген махаббатыммен бөлісе алдым.

Төрт жыл бұрын мен өзімнің Walking Almaty жобам аясында жаяу экскурсияларды жүргізе бастадым. Олар шетелдік қонақтар арасында кеңге таралған.

Monumental Almaty – менің соңғы жобам, ол кеңес заманында Алматыда жасалған мозаикалар, фрескалар және монументалды өнердің тағы басқа түрлерін құжаттандыруға арналған. Менің ойымша, өнердің бұл туындылары қала мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады және оларды сақтау үшін мен мүмкіндігімше барлығын жасауға тырысамын.

14238238_10102446674990568_7019407118478508592_n.jpg


Қала қалай ықпал етті


Қазақтар – әлемдегі ең мейірімді және қонақжай халықтардың бірі. Мен қазақтармен тұрып, одан сайын жомарт болуды – бейтаныс адамдарға есік ұстап, автобуста әжелерге орын беруді немесе басқалармен нанмен, сағызбен бөлісу сияқты ұсақ нәрселерді үйрендім. Бұндай кішкентай мейірімді істер АҚШ-да кеңге таралмаған және Қазақстандағы өмірім мені жақсы жағынан өзгертті деп ойлағым келеді.

Қазақтар – әлемдегі ең мейірімді және қонақжай халықтардың бірі


Алматыдағы белсенділердің үлкен қауымдастығы мені шабыттандырды. Айналаңда бірдеңенің өзгергенін қаласаң, өзіңнен бастау керек екенін түсіндім. Сол себепті мен үйімнің ауласында сенбіліктер ұйымдастырып, барельефті мүсіндерді қалпына келтіремін, велосипедтерді жалға беру бағдарламасын жақсарту бойынша қалалық билікпен жұмыс істеуге тырысамын. Осында азаматтар мен қалалық билік арасындағы қарым-қатынас белсенді түрде дамып жатқанын бағалаймын. Және қонақ ретінде де жақсы үлес қоса алатыныма ризамын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі