Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/bfe/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/bfe6d4b502ad8c3e57112e634679dc27.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Америкалық арман: шетелдік студенттерге шәкіртақылар ұсынатын 10 жоғары оқу орны
2551

09.07.2020

Америкалық арман: шетелдік студенттерге шәкіртақылар ұсынатын 10 жоғары оқу орны

Массачусетс технологиялық институты, @mitpics


mitpics.jpg

Massachusetts Institute of Technologyбұл АҚШ, Массачусетс штаты, Кембридж қаласында орналасқан жекеменшік зерттеу университеті. Бұл оқу орынның түлектері Google, Oracle, Amazon, McKinsey, Accenture, Apple, Boeing және Microsoft сияқты компанияларда жұмыс істейді, жылына орташа есеппен алғанда 76 900 $ табыс табады.

Шәкіртақылар


Шәкіртақылар қаржылық қажеттіліктердің негізінде ұсынылады және ортақ қорлардан, оқу орынның түлектері мен достары беретін сыйлықтардан, капиталдан беріледі. Талапкерлердің 59%-ы шәкіртақы алады. 2018-2019 жылдары гранттың орташа мөлшері 47 593 $ құраған.

Қаржылық көмекке өтінім берген және CSS Profile01-ді толтырған барлық студенттер шәкіртақы тағайындау үшін автоматты түрде қарастырылады.

МТИ жағдайы төмен бірінші курс студенттеріне 2000 $ мөлшерінде грант ұсынады. Бұл грант күзгі және көктемгі семестрлер арасында бөлінеді және семестрге тіркелгеннен кейін басқа да қаржылық көмекпен қатар студенттің шотына есепке алынады.

Магистранттар және PhD-студенттері Research Assistantship – ғылыми көмекші, Teaching Assistantship – оқытушының көмекшісі қызметтерін атқарып, жылына 33 924 $-дан бастап табыс таба алады.

Шәкіртақылар туралы толық ақпарат.



Harvard University, @harvard


harvard.jpg

Harvard University — әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі. Негізгі кампусы Массачусетс штаты, Кембридж қаласында орналасқан. Студенттерді 17 жастан бастап қабылдайды. Олардың 55%-ы шәкіртақы алады.

Шәкіртақылар


Барлық студенттер материалдық жағдайларына тәуелсіз оқу жылының ішінде аптасына 10-12 сағат жұмыс істей алады.

Жоғары оқу орнында университеттік оқу орындарында, сондай-ақ кітапхана, мұражай және кафетерий сияқты жерлерде жұмыс табуға көмектесетін жұмыспен қамту орталығы бар.

Барлық студенттер азаматтығана тәуелсіз қаржылық көмек алуға өтініш бере алады. Отбасының табысы мен мүлкі, марапаттар, кез келген қаржылық жағдайлар туралы ақпаратты ұсыну керек.

Көмекке жыл сайын жүгінуге болады. Жоғары оқу орны келесі жылға қайтадан өтініш беру жөніндегі нұсқаулықты автоматты түрде поштаға жібереді.

Қаржылық көмек туралы толық ақпарат.



Чикаго университет, @uchicago


uchicago.jpg

Чикаго университетіАҚШ-дағы ең беделді ғылыми-зерттеу жоғары оқу орындарының бірі.

Шәкіртақылар


Университетте ірі шәкіртақы қоры бар. U.S. News-қа берілген есеп бойынша Чикаго университеті шетелдік талапкерлерге арналған шәкіртақыларға бөлінетін қаражаттың мөлшері бойынша АҚШ-да бірінші орын алады.

Қаржылық қажеттіліктің негізінде университеттен көмек алу үшін шетелдік студент өзінің қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат ұсына отырып, International Student Financial Aid Application нысанын толтыруы керек.

Үздік шетелдік студенттер үшін Merit Scholarships for International Students шәкіртақылары бар. Барлық шетелдік талапкерлер автоматты түрде осы шәкіртақыны тағайындау конкурсына қатысады. Сондай-ақ бұл шәкіртақы бір реттік грант ретінде беріледі.

All-USA College Academic Team бағдарламасы бойынша бакалаврдың үздік студенттері оқу үлгерімі үшін арнайы наградаға және 2500 $ мөлшеріндегі грантқа ие бола алады.

PhD бойынша ғылым мен инженерияны зерттеп жатқан студент қыздар 10 000 $ мөлшеріндегі Amelia Earhart Fellowships шәкіртақысына ие бола алады, ал STEM бойынша білім алып жатқан қыздар Association for Women in Science Educational Foundation шәкіртақылары мен гранттарының конкурсына қатыса алады.

Гранттар мен шәкіртақылар туралы толық ақпарат.



Duke University, @dukeuniversity


dukeuniversity.jpg

Дьюк университетіжекеменшік университеті. Северная Каролина штаты, Дарем қаласында орналасқан.

Шәкіртақылар


Студенттердің көбісі өздерінің қажеттіліктеріне қарай спорттағы және академиялық жетістіктері үшін қаржылық көмек алады.

Мысалы, Н. Бенджамин герцогы атындағы шәкіртақы академиялық жетістіктері бар және көшбасшылық қасиеттерін танытатын студенттерге көмектесу үшін беріледі. Кампустық және қоғамдық өмірге белсенді қатысатыны үшін студенттерге оқу мен төрт жыл жатақханада тұру және тамақтану тегін ұсынылады.

Шетелдік студенттер Дьюк Университетінің оқудың, тұрудың, тамақтанудың және кітаптардың ақысын өтейтін толық шәкіртақысына ие болу құқығына ие. Жыл сайын шамамен 20-25 шетелдік студент шәкіртақылардың арқасында барлық шығындарын өтейді.

Шәкіртақылар туралы толық ақпарат.



Stanford University, @stanford


stanford.jpg

Стэнфорд университетіжоғары технологиялар мен IT саласындағы алдыңғы қатарлы университеттердің бірі. Кремний алқабында орналасқан.

Шәкіртақылар


Стэнфорд университеті студенттерінің 80%-нан астамы қаржылық көмек алады. Инженерлік мамандықтарға оқитын, экологиялық пәндерді, ғарыш туралы ғылымдар мен аралық пәндерді зерттейтін шетелдік магистратура мен докторантура студенттері де шәкіртақыға өтінімдер бере алады. Олар үшін DOE Computational Science Graduate Fellowship, Ford Fellowship, Fulbright-Hays ұсынылады. Шәкіртақылардың сомасы 10 000 -нан 38 000 $-ға дейін жетеді.

NASA зерттеу зертханаларының бірі магистрлар мен докторларға 78 000 $ мөлшерінде NASA Space Technology Research Fellowships шәкіртақысын бөліп береді.

Болашақ мұғалімдер 9 айлық оқу үшін 4000-нан 8000 $-ға дейін шәкіртақыларға ие бола алады.

Шәкіртақылар туралы толық ақпарат.



Yale University, @yaleadmissions


yaleadmissions.jpg


Йель университеті – Айви Лигасының үштігіне кіретін университет. Нью-Хейвен қаласында орналасқан.

Шәкіртақылар


Ағылшын тілін өте жақсы біліп, қоғамдық және еріктілік қызметтермен айнлысатын, емтихандар бойынша балдары жоғары талапкерлер жылына 12 000-нан 35 000 $-ға дейін шәкіртақылар мен гранттарға ие бола алады.

Университетке түскен кезде, әр студентке қаржылық көмек ұсынылады. Оқу ақысын 100%-дық өтеуіне ие болу үшін арнайы комитетке, ата-ананың жылдық табысы 65 000 $-дан төмен екенін растайтын құжатты ұсыну керек. Гранттар мен шәкіртақыларды Student Financial Services департаменті үлестіреді.

Қаржылық көмек туралы толық ақпарат.



Солсбери университеті, @salisburyuniversity


salisburyuniversity.jpg

Күндізгі оқу бөлімі студенттерінің 55%-ы қажеттілігіне қарай қаржылық көмекке ие болады. Шәкіртақының немесе гранттың орташа сомасы 6190 $-ды құрайды.

Шәкіртақылар


Шәкіртақылардың шектелген саны шетелдік студенттердің елшілері ретінде қызмет атқаруды қалайтын іріктелген шетелдік студенттеріне беріледі. 2019 жылы университет шәкіртақыларға 1 миллион доллар қаражат бөлді.

Кейбір шәкіртақылар өтініш берушіден қаржылық қажеттілікті растауды талап етеді. Шәкіртақыға үміттену үшін FAFSA студенттерге федералды көмек алуға тегін өтініш жіберу керек.

Университеттің барлық шәкіртақы бағдарламалары туралы толық ақпарат.



Dartmouth College, @dartmouthcollege


dartmouthcollege.jpg

Дартмут колледжі — Нью-Гемпшир штаты, Ганновер қаласында орналасқан жекеменшік жоғары оқу орны.

Шәкіртақылар


Дартмут шәкіртақысы қаржылық қажеттіліктер болған жағдайда беріледі және қайтарылмайды. Сомасы 1000-нан 70 000 $-ға дейін өзгеріп отырады.

Қаржылық көмекті түлектер мен шәкіртақы қорлары ұйымдастырып береді. Сонымен қатар Pell Grants бағдарламасы бойынша FAFSA-мен бекітілген студенттер қаржылық қажеттіліктер негізінде грантқа ие бола алады.

Қаржылық көмек туралы толық ақпарат.



New York University, @nyuniversity


nyuniversity.jpg

Нью-Йорк университетіАҚШ-дағы ең ірі және ескі зерттеу жоғары оқу орындарының бірі. Медицина, химия және экономика салаларындағы жетістіктерімен танымал.

Шәкіртақылар


NYU студенттерінің барлығы қаржылық көмек бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады. Қаржылық көмек білім алушының қаржылық жағдайына байланысты беріледі. Бір студентке жылына шамамен 26 000 $ беріледі.

Pell Grants — Пелла гранттарын университет студенттерінің шамамен 20%-ы алады. Шәкіртақы оқуға арналған шығындарды өтеу үшін материалдық көмекті қажет ететін студенттерге беріледі.

AnBryce Scholarship қоры оқу ақысын толықтай өтейді. Талапкердің орташа балы жоғары болуы керек және университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласуы керек.

MBA екі жылдық бағдарламасы студеденттерінің 20-25%-ы жетістіктеріне қарай шәкіртақы алады.

60 000 $ мөлшеріндегі түлектер шәкіртақысы оқу үлгерімі үздік бірінші курс студенттеріне арналған.

Шәкіртақылар туралы толық ақпарат.



University of Rochester, @urochester


urochester.jpg

Рочестер университетіозық ғылыми-зерттеу университеттерінің бірі.

Шәкіртақылар


Университет қаржылық көмектің екі түрін ұсынады: жетістіктерге негізделген көмек және қажеттіліктерге негізделген көмек.

Жетістіктерге негізделген көмек жыл сайын жаңартуды қажет ететін шәкіртақы түрінде ұсынылады. Отбасылық жағдайына байланысты қаржылық қолдауды қажет ететін өтінім берушілер грант немесе қарыз алу мүмкіндігіне ие болады.

Рочестер университеті жетістіктерге негізделген шәкіртақыларды академиялық жетістіктері бар студенттерге тағайындалады. Шәкіртақылардың сомасы жылына 2000 $-нан бастап оқу ақысын толық өтейтін сомаға дейін өзгеріп отырады.

Take Five Scholars program таңдалған мамандықтан ерекшеленетін бағытты зерттеуге мүмкіндік беретін бесінші оқу жылы. Kauffman Entrepreneurial Year шәкіртақысы Рочестер университеті кампусындағы өмірге әсер ете алатын инновациялық және бірегей кәсіпкерлік жобалары бар студенттерге арналған.

Шәкіртақылар туралы толық ақпарат.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу