facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/a20/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/a20514ada0a934d00c2c3d42782c3bec.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
american-dream-a-sh--a-k-sh-p-shetelde-z-biznes-d-alay-ashu-a-bolady
logo
American Dream. АҚШ-қа көшіп, шетелде өз бизнесіңді қалай ашуға болады

28.06.2022

American Dream. АҚШ-қа көшіп, шетелде өз бизнесіңді қалай ашуға болады

Біз Америкада тұрып әрі сол жақта өз кәсібін дамытып жүрген қазақстандықтармен таныстық. Олар бізге өз бизнестерін қалай ашқандығын айтып, бизнеске байланысты кеңестерімен бөлісті.


Онега Уланова, 33 жаста, АҚШ, Луизиана, LA New Product Development Team негізін қалаушы, @onegaulanova

Онега Уланова.jpg


АҚШ-қа көшуі жайында


Біз АҚШ-қа жолдасым Константинмен бірге көштік. Басында Қарағанды техникалық университетіне түстік. Сол уақытта оқу орны Louisiana Tech University — мен әріптестік орнатқан болатын. Күйеуім университетті бітіріп магистр дипломын алған соң оны Америкаға тағылымдамадан өтуге жіберді. Тағылымдама кезінде университет профессоры Константинге Құрама Штаттардағы докторантура бағдарламасы бойынша оқуды ұсынды, ал ол келісті.

Жолдасым Mechanical Engineering бағыты бойынша докторлық дәрежесін алды — ал мен Engineering Technology Management бойынша магистратураны аяқтадым. Біз біраз уақыт бойы мамандық бойынша жұмыс істеп мансап жасап, өз кәсібімізді ашу үшін ақша жинадық.

Бизнесі жайында


Бүгінгі таңда негізгі бизнесіміз — жаңа өнімдер шығару, ол медициналық жабдықтар, тұтыну тауарлары немесе жануарларға арналған ойыншықтар болуы мүмкін. Компаниялар бізге өз идеяларымен келеді, ал біз оны нарыққа шығару үшін іске асырамыз. Біз жасаған көптеген заттар Walmart пен Target дүкендерінде сатылуда.

Алғашқы прототипін жасауға барлық құрал-жабдықтарымыз бар. Өнімнің бір бөлігін өзіміз жасаймыз, ал кейбірін бөлшектерін Қытай мен Пәкістаннан тапсырыс беріп алдыртамыз.

Уланова Онега.jpg

Осыған ұқсайтын жоба жасау идеясы Константинге университетте оқып жүргенде келді. Сол кезде ол студенттік ұйым құрып, онда студенттер өнім жасап қана қоймай, университет аумағында жасалынған зерттеуді коммерциялаумен де айналысқан еді. Тапсырыс тек профессорлардан ғана емес, жеке бизнес өкілдерінен де түскенде біз бұл істің концептісін коммерциялық жобаға ауыстыруға болатындығын түсіндік. Солай 2016 жылы компания құрылды.

АҚШ-та бизнес жүргізудің ерекшеліктері жайында


АҚШ-та мемлекет компанияның дамуына араласпайды, қажетсіз қағаздар мен есептерді талап етпейді. Үкіметке компания дамып, жаңа жұмыс орындары құрылып, салық төлегені керек.

Құрама Штаттарда банктік есепшот ашу оңай. Сондай-ақ мұнда алғашқы клиенттер мен амбассадорлар да өте адал. Егер сіз жұмысын енді ғана бастаған кәсіпкер болсаңыз, мұндағы адамдар қателіктерді қабылдап, оны бірге түзетуге дайын.

Тілдік барьер себебінен қиындықтар болады. Оған қоса PR-мен жақсылап жұмыс жасау керек. Бастапқы кезде сізге иммигрантқа қарағандай қарап, сақтықпен, абайлап қарым-қатынас жасайды. Бірақ егер сіз жақсы қызмет пен өнім ұсына алсаңыз, онда келесі жолы сіздің шетелдік екеніңізге мән бермейді.

Кеңестер


Кішкентай жоба бастасаң да, ол табысты болады деп сеніп жеңіс жайлы ойлау керек. Масштабтау үшін процесстер мен структуралар құрыңыз. Бастапқыда тұрақты жұмысқа фрилансерлер, аутсорсинг және келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін адамдарды алыңыз.

Кірістер мен шығындарға мұқият болыңыз. Маңыздысы, сізге қандай жобаға қанша қаражат кеткенін білу.

Бірден тәжірибе жасап көріңіз. Бизнесті енді ғана бастаған кезде басыңа идея көп келеді. Бірақ уақыт өте келе біртіндеп жұмысыңа деген қызығушылық пен күш-қуатың азая береді.

Тайм-менеджмент — бұл табыстылар мен жетістікке жетпеген адамдардың аражігін ажырататын нәрсе.

Жұмысты бастаған соң бірден ауқымды жобалар алмаңыз, олар әрдайым табысты бола бермейді. Алдымен шағын келісім шарттарды орындап үйреніңіз.

АҚШ-та кез келген бизнесті дамытып, оны кірісті етуге болатындығын ұмытпаған жөн.

Жоспарлары жайында


Жоспарларым үлкен. Бизнесімді дамытып онымен бірге өзім де даму. Өз өнімімді шығару. Біз қазір клиенттерге көмектесетін инвестициялық қор құрумен айналысып жатырмыз.


Асель Акельжанова, 23 жаста, қаласы — Майами, лицензиясы бар косметолог, @magicaestheticstudio студиясының негізін қалаушы


Асель Акельжанова.jpg

АҚШ-қа көшуі жайында


Мен Шығыс Қазақстан өңірінің тумасымын. АҚШ-қа ағылшын тілімді жетілдіріп, Нью-Иоркті көру үшін 2017 жылы студенттік визамен келдім. Бірақ оқуым аяқталғасын осында қалуды шештім.

Бизнесі жайында


Алғашқы кезде қызмет көрсету саласында жұмыс істедім. Колледждің туризм факультетіне оқуға түстім. Ал пандемия кезінде үйде отырып ақша табу жайлы идея келді, солай кірпік ұзарту курсын оқыдым. Осы курста мен косметолог лизенциясын алуым керек екендігін біліп, Нью-Йорктегі Brittany Beauty Academy академиясына түстім.

Оқуымды бітірген соң студенттер NYC State Board емтиханын тапсыру керек. Бұл жазбаша әрі практикалық емтихан. Мен оны сәтті тапсырған соң Нью-Йорк штатынан косметолог лизенциясын алдым. Содан кейін Майамиге көшіп келіп, өз студиямды аштым.

Кеңестер


Клиенттер базасы бірден тез жинала қоймайтынына дайын болу керек. Бизнес бастапқы уақытта қомақты қаражат әкелмейді, керісінше көбірек қаржы құюды талап етеді.

Кәсіпті енді бастаған кезде қателік жібермес үшін барлық құжаттар мен салықтық есептерді мұқият дайындаңыз. Бизнестің дамуына арнайы бюджет бөліңіз. Барлық қорқыныштарыңызды шетке ысырып, өзіңізге және жұмысыңызға сеніңіз. Бұл ең бастысы.

Бастысы — берілмеу


АҚШ-та кез келген бизнес түрін ашуға болады және ол өз клиентін табады. Бастысы — берілмеу.

Жоспарлары жайында


Болашаққа жоспарларым — жаңа нәрсені үйренуді тоқтатпау, трендте болу. Тәжірибе жинап, өз ісімді кеңейту.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Егер сіз шетелде төлқұжатыңызды жоғалтсаңыз не істеу керек
Егер сіз шетелде төлқұжатыңызды жоғалтсаңыз не істеу керек
Албания, Черногория және басқалары: Еуропаның қай елдеріне визасыз баруға болады
Албания, Черногория және басқалары: Еуропаның қай елдеріне визасыз баруға болады
Шенген визасын қалай алуға болады: құжаттар, мерзімдер және кеңестер
Шенген визасын қалай алуға болады: құжаттар, мерзімдер және кеңестер
Малайзия, Мальдив және Сейшел аралдары — дайвинг және снорклинг үшін әлемдегі ең жақсы орындар
Малайзия, Мальдив және Сейшел аралдары — дайвинг және снорклинг үшін әлемдегі ең жақсы орындар
«Көгілдір аймақтар». Ұзақ өмір сүретін планетадағы 5 жер
«Көгілдір аймақтар». Ұзақ өмір сүретін планетадағы 5 жер