«SABIT» бағдарламасы бойынша тағылымдама
SABIT бағдарламасы 1990 жылы Вашингтондағы АҚШ Халықаралық сауда министрлігінің әкімшілігімен құрылған. SABIT ТМД елдерінің орта және жоғары бөлім менеджерлері, ғалымдары мен инженерлерін кіші, орта және ірі америкалық компаниялар мен мемлекеттік емес ұйымдарында тағылымдамадан өткізеді.
Бағдарламаның мақсаты — ТМД елдерінің экономикалық қайта құрылымдауына көмектесу. SABIT ТМД елдерінің орта және жоғары бөлім менеджерлері, ғалымдары мен инженерлерін кіші, орта және ірі америкалық компаниялар мен мемлекеттік емес ұйымдарында тағылымдамадан өткізеді.
Бағдарламалар тізімі:
— азаматтық және коммерциялық құрылыстағы энергиялық тиімділік пен энергияның жаңартылатын түрлері
— жеткізілім тізбегін басқару
— қысқы туризм: қысқы курорттар мен демалыс базаларын басқару және маркетинг
— қоғамдық тамақтану саласындағы қауымдастықтардың дамуы
— сүт өнімдерін қайта өңдеу мен қаптау
— ақпараттық технологиялар: бизнес-қабілет пен стартап-компанияларды басқару
— агробизнестегі инновациялар мен тиімділік
— емханалар мен жеке медициналық мекемелерді басқару
— қаптама және маркетинг
Мамандандырылған бағдарламаларға қатысу байқау негізінде жүргізіледі. Өтінім беру мерзімі мен бағдарлама туралы толық ақпаратты мына жерден қараңыз.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының тағылымдама гранттары
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жыл сайын қазақстандық жас қайраткерлер мен шығармашылық ұжымдарға Қазақстанда және шетелде өткізілетін:
— тағылымдамалар
— фестивальдер
— байқаулар
— симпозиумдар
— шеберлік сыныптары
— биеннале мен конференцияларға «Сапарға шығу гранттарын» бөледі.
Байқауға қазақстандық 40 жасқа дейінгі жас мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ 3 адамнан аспайтын шығармашылық ұжымдар қатыса алады. Байқаудың басталғаны туралы өзекті ақпаратты мына жерден және 708 304 байланыс телефоны арқылы біле аласыз.
МАШАВ Халықаралық даму бағдарламасы
МАШАВ, израильдік халықаралық ынтымақтастық агенттігі, 1958 жылы құрылған және ынтымақтастықтың мемлекеттік бағдарламасын құруға, үйлестіруге және жүзеге асыруға жауап береді. Қазір Израиль 140 астам елдермен ынтымақтастықта жұмыс істейді, Израильде және шетелде оқу мен тағылымдама өткізіп келеді. МАШАВ қызметіне туризм, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қоғамдық даму, кәсіпкерлік, жоғары технологиялар және басқалары жатады. Курстар тізімі, олардың мерзімі, сонымен қатар қатысуға өтінім беру формаларымен мына жерден танысуға болады.
Брюссельдегі Еуропалық комиссияда тағылымдамадан өту
Еуропалық комиссия жыл сайын 3 айдан 5 айға дейінгі тағылымдамаға университет түлектерін, сонымен қоса үзіліссіз білім алып, университет дипломын енді алған және жаңа кәсіби мансабын бастағылы отырған түлектерді шақырады. Тренингтік мерзім жылына екі рет өтеді және 1 наурыз бен 1 қазанда басталады. Әдетте, тағылымдамадан ЕО мүше-елдер жоғары оқу орындарының түлектері өтеді, алайда соңғы жылдары ТМД елдерінің түлектері курсқа көптеп қатысып жүр.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
— жоғарғы білімнің алғашқы баспалдағын бітіруі және өтінім беру дедлайны аяқталғанша диплом алуы тиіс
— Еуроодақтың басқа институттарының тағылымдамаларына қатыспау
— ағылшын, француз немесе неміс тілін өте жақсы білу.
Бағдарлама түрлері мен өтінім беру мерзімдері туралы толық ақпаратты мына жерден қараңыз.