facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/bb7/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/bb724d8789623497d2935c9e5c539fbe.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
almau-prezident-aza-stan-men-lemd-alay-alyptastyru-kerek-zh-ne-nege-balalar-r-ashan-ata-analarynan-b-l-md-eken-zhayly
logo
AlmaU президенті Қазақстан мен әлемді қалай қалыптастыру керек және неге балалар әрқашан ата-аналарынан білімді екені жайлы

Асылбек Кожахметов

61 жаста, туған жері — Солтүстік-Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Антоновка ауылы, AlmaU, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті

03.02.2020

AlmaU президенті Қазақстан мен әлемді қалай қалыптастыру керек және неге балалар әрқашан ата-аналарынан білімді екені жайлы


Өзі жайлы


Мен азаматпын. Білімге сенемін. Өзімді кәсіби маман деп ойлаймын — бұл менің миссиям.

Мен адамдарда туындайтын қиындықтардың себебін көремін. Маған адамдар сөйлесіп, кеңес алу үшін жиі келеді. Кейде адамға сөйлесіп, күмәнді сейілтіп, қолдау алу керек. Адамдарға өмірлік мақсатты таңдауда көмектескім келеді.

DSC_4931.jpg

Маған балалар ұнайды. Олармен қуана-қуана сөйлесемін. Оларға сенімділік беріп, бағыт-бағдарды дұрыс таңдауға көмектесемін.

Адам демала ала білу керек. Бұл жағынан менде қиындықтар бар. Бірақ моншаны, шаңғыны, жүгіруді, тауды ұнатамын.

Мен мемлекетті қалыптастырудамын деп есептеймін

Мен мемлекетті қалыптастырудамын деп есептеймін. Өзімдей адамдарды іздеймін. Олар көп. Тек мемлекетті ғана емес, одан тыс әлемді де құрғым келеді. Мұнымен де айналасып келемін, бірақ әлі нәтиже көргенім жоқ. Өз ұлтым мен жалпы адамзатпен мақтанғым келеді.

Қазақстанда бақытты адамдардың көп болғанын қалаймын. Сен дамып жатсаң, жылдамдық аса маңызды емес. Қазақстандықтардың өз өмірлеріне өздері жауап беріп, кәсіпқой, заманауи болып, басқа адамдарға жауапкершілікті ала алғанын қалаймын.

Мәдениеттілік, руханият және ақылдылық білім сияқты тез дамуы керек. Тек құзыреттілік биліктің ғана емес, адамдарды өз артынан ерте алатын элитаның да қалыптасқанын қалаймын. Қазақстандықтардың мәдениеті мықты, бірақ ол елдің дамуына тартылмаған. Егер бұл фактор ескерілсе, біз әлдеқайда табысты боламыз.


Өмірлік қағидалар жайлы


Адам кез-келген қызықты нәрсесімен айналыса алады. Бірақ оны профессионалды тұрғыда жасау қажет. Әрдайым өзінің құндылығын арттыруы тиіс. Біздің ресурстарымыз тек ойлау деңгейімізбен, өмірді түсінумен, алдымызға қойған мақсаттармен шектелген. Мысалы, бұрын ғаламтордың болуын елестету мүмкін емес еді. Ал бүгін бұл біздің шындық.

Өмірлік ісіңді таңдағанда ол саған бақыт әкеле ме, жоқ па — соны түсіну керек. Өмірдің мағынасы байлықта емес. Өз алдындағы мақсатқа жету маңызды.

Сен өзің жайлы айтқан нәрсе маңызды емес. Сен туралы басқалардың айтатыны маңызды. Түрлі жастағы адамдардың, кәсіби мамандардың пікірін тыңдау керек. Осының нәтижесінде шындыққа қол жеткізуге болады.

DSC_4941.jpg

Адам өмірдің көп бөлігінде өзгермейді. Бірақ уақыт, мақсат пен айналаң түрлі өзгерістерді енгізеді. Сен өзіңді өзгертіп, мақсатқа қол жеткізесің, не сыртқы факторларға шағым айтасың.

Адам көп біліп, саяхаттап, араласқан сайын өмірді жақсырақ түсінеді. Сол кезде ол қалыпты шекарадан шығып, өз шындығын құрады.

Қателікті аз жасағың келеді, бірақ олардан қашып құтылу мүмкін емес. Басқалардың қателіктері арқылы өсу мүмкін емес, біз тек өз тәжірибеміз арқылы өсеміз. Ең үлкен қателіктің өзі — катастрофа емес. Маған «егер сен қателікті түзей алсаң, онда сен қателескен жоқсың» деген ұстаным ұнайды.

Қателікті аз жасағың келеді, бірақ олардан қашып құтылу мүмкін емес

Қиындықты алдын алу қажет. Сыртқы орта әрдайым уақытында қабылдау және талдауды қажет ететін сигналдарды береді. Сонда сен саналы әрекет ете аласың, өзіңді көрсете аласың. Ал қиындық келген уақытта, адам стресс жағдайында болады. Мұндай жағдайда табысты шешімдер қабылдау қиын.

Мен мәселелерді бір ғана емес, бірнеше тараптан қарастырамын. Бұрын болған, бірақ мен байқамаған және іске қоспаған, резервтерді табамын. Әр мүмкіндік сайын алысқа және ауқымды қарау керек.

DSC_4955.jpg

Өмір жоспар бойынша жүре алмайды. Сені жолдан тайдыруы мүмкін, бірақ ол керісінше сені қажетті жаққа бағыттайды. Сондықтан егер күтпеген нәрселер болса, бұл қалыпты. Оларды да көру керек.

Өмір жоспар бойынша жүре алмайды

Интуиция — дамытуды қажет ететін маңызды қасиет. 5000 жыл бұрын интуиция адамдарда әлдеқайда жақсы дамыған. Бүгін адам білім алды. Бірақ жаңа нәрсе алу үшін бірдене жоғалтудың қажеті жоқ. Кәсібилік пен түйсік үлкен істерді жасауға көмектеседі.

Сөздерге құрметпен қарау керек. Ойларды дәл түсінетіндей етіп тұжырымдау қажет. Бұл оңай нәрсе емес, бірақ оны үйренуге болады.


Өмірдегі адамдар жайлы


Маған қалыптасқан адамдар қызықты. Егер адам дұрыс және әдемі сөйлесе, бірақ ол сөздердің артында ештеңе болмаса — ол мен артынан еретін адам емес. Іс істерге сәйкес болуы керек. Сондықтан кез келген істе мен үздіктерді табамын.

Мені сапалы ойлай білетін түрлі салалардағы адамдар қоршағанын жақсы көремін. Кез келген мәселеде көзқарас қызықты. Егер сіз өз ісіңізді, өміріңізді тереңірек және мұқият зерттеген болсаңыз, айналаңызда идеялас адамдар аз болады, бірақ олармен қарым-қатынас жасау оңай.

DSC_4949.jpg

Бізді қажет ететін немерелерге, балаларға, ата-аналарға, басқа адамдарға уақыт таба білу маңызды. Маған отбасымыз жиналғанда ұнайды. Менің ағаларым, апа-сіңлерім мен немерелерім көп. Жақындарымның арасында демалуды жақсы көремін.


Қызметі жайлы


Менің әрқашан өз жолым болды. Кеңес Одағы ыдыраған кезде бәрі одан әрі немен айналысатындары жайлы ойлады. Ақша тапқылары келді, мен олардың арасында болдым. Бірақ мен басқалар таңдағанды таңдамадым. Экономикалық бағыт алдағы жылдары трендте болатынын түсіндім. Кәсіпкерлерге арналған білім беру саласында кәсіп ашамын деп шештім.

Менің әрқашан өз жолым болды

Қызметтің ең басында біз Мәскеу мен Санкт-Петербург тәжірибесін зерттедік, содан кейін АҚШ пен Еуропаға бардық. Енді Азияны бақылаудамын. Білім берудің жаңа түрін салатын адамдармен танысамын. Басқаның тәжірибесін көшірмеймін, бірақ табысты қадамдарын өзіме аламын. Өзіңіздікін құру үшін әр түрлі зерттеу қажет.

Білім өзгерді. Оған деген көзқарас та. Бұрын біз 50 жылға білім алдық. Бүгін — он жылға аламыз. Адам жеке тұлға ретінде даму және өмір сүру сапасын арттыру үшін өмір бойы үйренуі тиіс. Өсу әрдайым ыңғайсыз болады. Жақсы және көп табыс табудың оңай жолдары жоқ.

DSC_4934.jpg

Адам өмір бойы мамандық бойынша жұмыс істемеуі керек — бұл өткен ғасырдың ескірген талабы. Бүгін адамдар бірнеше мамандықты ауыстыра алады. Сондықтан әр түрлі білім алу керек: Технократ, гуманитарий және бизнесмен болу керек. Сонда сен табысты және бәсекеге қабілетті боласың. AlmaU-да біз пәнаралық тәсілді ұсынамыз. Студенттер кем дегенде екі, ал егер мүмкін болса — үш мамандықты меңгереді.

Адамдардың дамуына көмектескім келеді

Жастар ата-аналарға қарағанда ақылдырақ. Олар жаңа әлемде өмір сүреді, ал ата-аналар өткен ғасырдың адамдары. Сондықтан ата-аналар балалардың болашақ мамандығын таңдай алмайды. Менің арманым — үлкендерге арналған дәріс оқу. Оның мақсаты — олардың балаларға және өз білімдеріне дұрыс қарауын қалыптастыру.

Мен көп ойланамын. Менің атымда big thinker статусы бекітілгенін қалаймын. Бірақ алдымен оған лайық болып, оны дәлелдеу керек. Ойшылдардың артынан басқа адамдар ереді. Мен бұл адамдардың тобы ауқымды болғанын қалаймын. Адамдардың дамуына көмектескім келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.