Алматылық жасөспірім өзі оқитын мектептің мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Ақерке Нұрахметова, 18 жаста, қаласы — Алматы, @nis_pm_almaty
Өзі туралы
Мен Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сыныбына көштім. Мектеп резервінде олимпиадалық математикамен айналысамын.
Мектебі жайлы
Маған Назарбаев Зияткерлік мектебінің көптеген мүмкіндіктер беретіні ұнайды. солардың бірі — Олимпиада. Біздің резервте сабақ тек сабақ уақытында ғана емес, демалыс және жаз мезгілінде де жүйелі түрде өткізіліп отырады.
Олимпиададан тыс уақытта шет тілдерін тегін оқып үйренуге болады. Мен неміс тілін үш жыл оқып, мектеп базасында емтихан тапсырдым және DSD I дипломын алдым.
Сондай-ақ мектеп атынан жазғы бағдарламаларға қатысуға болады. Осы жазда мен Джонс Хопкинс университетінде гейм-дизайн бойынша курстан өттім.
Мектептегі қауымдастық туралы
Біздің мектепте әртүрлі балалар оқиды. Менің сыныбымда теннис, баскетбол, волейбол, бағдарламалау, робототехника, сурет салумен кәсіби түрде айналысатындар бар.
Менің ортам өмірден өз орнымды табуға шабыттандырады.
Жоспарлары туралы
Болашақта инженер болып, медициналық құрылғыларды дамытқым келеді.
Білемін, бұл оңай болмайды, бірақ физика, химия және математика бойынша Кэмбридж Кеңесінің емтихандарын тапсырғандықтан, мен өз біліміме сенімдімін.