Алматылық UX/UI дизайнері нетворкинг құруға арналған сүйікті орындары жайлы, неден шабыт алатыны және қызмет ерекшеліктері туралы айтып берді.
Алмат Құрмашев, 35 жаста, қаласы — Алматы, дизайнер, CEO Kurmashev Studio, @mr.kurmashev
Өзі туралы
Мен Kurmashev Studio-ның дизайнерімін және негізін қалаушымын. Біз цифрлық өнімдерге арналған брендинг және интерфейстерді жобалаумен айналысамыз. Мен өз жұмысымда қолдануға болатын жаңа технологиялар мен құралдарды бақылап отыруды ұнатамын.
Менің ортамда әртүрлі саладағы және әртүрлі табыс деңгейіндегі кәсіпкерлер бар. Бұл маған олардың тәжірибесін талдап, үйренуге мүмкіндік береді.
Тыңдаймын, оқимын және көремін
Жұмыс барысында мен назарымды шоғырландыру үшін Lo-Fi-ді тыңдаймын.
Ғылыми фантастикалық жанрдағы сүйікті фильмдерім мен — «Черное зеркало», «Любовь. Смерть. Роботы», «Электрические сны» және т.б. Олар менің санамды кеңейтеді.
Әдебиетте іскерлік кітаптар мен детективтерді ұнатамын.
Неден шабыт аламын
Мен басқа адамдардың трендтерін, жұмыстары мен жетістіктерін бақылап жүремін. Ол мені шабыттандырады және ынталандырады. Өткен жылы Red Jolbors байқауына көрермен ретінде қатыстым, биыл қатысушы болуды жоспарлап отырмын.
Мен Chris Do — designerpreneur, тәлімгер, мотиватор шабыттандырады. Оның бағыты – дизайн саласындағы бизнес. Мен одан көп нәрсені үйреніп жатырмын.
Бос уақытымды қайда өткіземін
Мен бос уақытымды Арбатта, Президент саябағында және қаланың ескі бөлігіндегі көшелерде өткіземін. Сондай-ақ таулар мен саябақтарда демалуды жөн көремін, ол жақтар тыныш әрі кең. Бұл маған күні бойына қуат береді.
Қаладағы сүйікті орындарым: Бутаковка, Президент саябағы, Алма-Арасан, Назарбаев-Шевченко аялдамасы.
Өз саламның адамдарын компаниялардың дизайнерлік кездесулерінде, IT саласындағы форумдар мен конференцияларда, басқа кәсіпкерлермен іскерлік таңғы астарда кездестіремін. Іс-шараны таңдамас бұрын, мен тақырыптар мен спикерлерді қараймын әрі пайдалы таныстық орнатуға болатындарын таңдаймын.
Қайдан не сатып алуға болады
Маған Masculino-дан киінген ұнайды. Күнделікті киімдерімді LC Waikiki, DeFacto, Zara-дан аламын. Егер классикалық стиль қажет болса, таңдауым Shoqan-ға түседі.