Илья Кан, 16 жаста, мектеп оқушысы және Teaching for heroes жобасының негізін салушы, @teachingforheroes
Өзі жайында
Мен Алматының тумасымын, биыл АҚШ-дағы Milton Academy мектебінің екінші оқу жылын аяқтадым. Мамандандырылған мектеп мәтіндер мен шығармалар жазуға даярлауға негізделген. Бұл бағыт мені қызықтырады, сол себепті осында оқуға түсуді қаладым. Сондай-ақ, осы оқу орнындағы атмосфера, адамдар және оқытушылар туралы таныстарымнан көп жақсы пікір естідім.
Бастапқы кезде маған қиын болды. Көптеген американдықтардың Қазақстанның қай жерде орналасқандығын білмейтіні мені таң қалдырды. Осында тәлімгерім пайда болды, біз онымен ктіптар мен әдеби мәтіндерді талқылаймыз.
Осы көктемде Қазақстанға оралып, медицина қызметкерлерінің балаларына ағылшын тілі бойынша тегін сабақтар ұсынатын Teaching for heroes жобасын құрдым. Алматыға ұшып келгеннен кейін, мені екі апталық карантинге жіберді. Сол кезде маған қамқорлық көрсеткен Ақмарал есімді кәсіби, әрі мейірімді медбике осы жобаны құруға шабыт берді.
Біз жиі әңгімелесетінбіз, Ақмарал ұлының бар екенін және оның ағылшын тілін үйренуді қалайтынын айтты. Бұл медицина қызметкерлерінің балалары ағылшын тілін тегін үйрене алатын онлайн платформасын құру идеясына түрткі болды. Осылайша мен дәрігерлер мен медбикелердің ұажырлы еңбектері үшін алғыс білдіргім келеді. Біз студенттер ретінде білімімізбен бөлісе аламыз.
Жоба жайында
Жоба іске қосылған кезде, маған команда қажет болады деп ойлаған жоқ едім. Біз тез өсе бастадық және мен әлеуметтік желілерде жұмыс істей білетін, әрі көмектесуге дайын таныстарымды, достарымды іздестіре бастадым. Осылайша ағылшын тілінде еркін сөйлейтін студенттерді жинадық, олар ерікті тәлімгерлер болып табылады.
Бір аптаның ішінде платформада 1000 бала тіркелді
Қазірде командамыз 16 адамнан тұрады және әрқайсысының өзіндік міндеттері бар. Біз адамдарды 40-50 оқушыдан құралған топтарға бөлдік және оқу процесін қадағалайтын көшбасшыны таңдадық,
Бір аптаның ішінде платформада 1000 бала тіркелді және біз 500 сабақ өткіздік. Сабақтардың саны күн сайын артып жатыр.
Жоба 8-ден 16 жасқа дейінгі балаларға арналған. Оқытушылар студенттер болып табылады, олардың мақсаты – балаларды ағылшын тілін үйренуге қызықтыру. Барлық сабақтар интерактивті болып келеді. Әр оқытушы бірегей және өзіндік бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Мысалы, балаға футбол ұнаса, онда осы тақырыптың аясында жасалған материалдар, мақалалар немесе деректі фильмдер ұсынылады. Оқыту дәрістер форматында емес, диалог пен байланыс орнату арқылы жүргізіледі.
Біз сөйлеу дағдысымен қатар жазу дағдысын жақсартатын сабақтар үшін онлайн-платформаны әзірлеу үстіндеміз.
Жобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Қазақстан жастарының конгресі, «Болашақ» қауымдастығы, Leadership.kz білім беру платформасы, World Class Almaty және тағы басқалар қолдады.
Қызығушылықтары жайында
Мен кітап оқуды ұнатамын, бірнеше ғылыми мақалалар жазып жатырмын. Қазіргі кезде Муракамидің «Кафка на пляже» кітабын оқып жатырмын, сондай-ақ маған Габриэль Гарсия Маркестің «Сто лет одиночества» романы ұнайды. Мектепке оқуға түскеннен кейін, мені Дон Кихоттың оқиғалары сияқты классикалық туындылар қызықтыра бастады.
Математика, ағылшын тілі және тарих пәндері бойынша халықаралық олимпидалардағы жеңістерімді мақсан тұтамын.
Фильмдерді көп қарамаймын, бірақ маған қоғам, технологиялардың дамуы, біздің әлем және заманауи мәселелер туралы қызықты тақырыптарды қозғайтын «Черное зеркало» сериалы ұнайды.
Өмірлік қағидалар жайында
Кез келген нәрсеге әртүрлі көзқараспен қарау керек. Адамды тыңдап, оның аргументтерін қабылдай білу керек.
Кез келген нәрсеге әртүрлі көзқараспен қарау керек
Мектепте бізді ақпаратты сараптауға, көптеген дереккөздерге жүгінуге үйретті. Жаңалық шыққан кезде, мен BBC, CNN арналарындағы сюжеттерді қарауға, кейін New York Times немесе Washington post баспаларындағы мақалаларды оқуға тырысамын.
Әлеуметтік желілер жайында
Әлеуметтік желілер қоғамның ажырамас бөлігіне айналды, бірақ мен көп нәрселерді жарияламаймын. Өмірім жайында айтуды ұнатпаймын. Бірақ жобалар мен бизнес үшін әлеуметтік желілерді жүргізу маңызды деп санаймын.
YouTube желісінде қызықты бейнелерді қарауды ұнатамын.
Не шабыттандырады
Бір кітаптан мынадай дәйексөзді есіме сақтап алдым: «Өзіңнің шегіңе дейін жеттің деп ойлаған кезде, шын мәнісінде жолдың 40% ғана өттің деген сөз». Мені сол адамның өмірбаяны және жетістікке жету жолы шабыттандырды.
Болашақтың басым бөлігі қазірде IT саласына байланысты. Жасанды интеллектті пайдалану саласында мамандықтардың үлкен таңдауы болады деп ойлаймын. Алыс болып көрінгенгенімен, бұл біздің болашағымыз.