facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/8f5/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/8f5d801eab19bdffe22299b47555cc82.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
almatydan-shy-an-otbasyly-zh-p-ay-sayyn-y-s-m-100---a-zhetet-n-zhobany-ske-asyru-zhayynda
logo
Алматыдан шыққан отбасылық жұп ай сайынғы өсімі 100%-ға жететін жобаны іске асыру жайында

Рафаель Тілепов, қаласы — Алматы, @tlepovrafael, @jumsaq.kz негізін салушы

Еңлік Бекетаева, қаласы — Алматы, @_enlik_b, @jumsaq.kz негізін салушы

26.07.2020

Алматыдан шыққан отбасылық жұп ай сайынғы өсімі 100%-ға жететін жобаны іске асыру жайында


Бастамасы


90307630_211433519962082_4862929532575243474_n.jpg

Еңлік. Біз Рафаэльмен 2017 жылғы желтоқсанда таныстық. Сол кезде мен Bro Glasses дүкенінде менеджер ретінде қашықтықтан жұмыс істедім. Алғашқы кездесуіміз «Глобус» ОСО-да бірінші дүкеннің ашылуында өтті. Өткен жылдың жазында мен толықтай аутсорсқа ауысып, арт-директор атандым. Қарым-қатынасымыз осы компаниядан бастау алды.

Рафаэль. Сол кезде Еңлікте жеке бизнес болды, ал мен серіктесім Даниярмен Bro Glasses бойынша жұмыс жасадым. Уақыт өте жобадан шығып кетуді шешіп, үлесімді серіктесіме сатып жібердім. Жаңа жобамен айналысу ойы болды. Еңлік екеуміз қызықты идеяларды, клиенттердің қызығушылықтарын талқылап жүрдік.

Оның айтуынша, елімізде сапалы және сәнді төсек-орын жабдықтарын табу қиын. Қазақстандағы төсек-орын жабдықтары гүлді, ескі және қызықсыз болып келетінін айтты. Бұл сала мені қызықтырды, карантин уақытының наурызында осы бағытқа талдау жүргізе бастадым. Әртүрлі елдер мен табысты кейстерді зерттеп, бизнес-жоспар құрдым.

abf37cc1-90be-4f9e-b934-a99b086088d8.jpg

Еңлік әлеуметтік желілерде ілгерілету бойынша маңызды жұмысты өзіне алады деп келістік. Ал мен бизнес-процесті ретке келтіріп, қызметкерлерді жұмысқа қабылдаумен, операциялық қызметпен айналысамын деп шештік. Міндеттемелерімізді осылайша үлестіріп, мамыр айының басында jumsaq home жобасын іске асырдық.

Қанша ақша қажет екенін санап алдым және мамыр айында алғашқы қаржы түсті. Еңлік Instagram желісінде жарнаманы іске қосты, соның арқасында алғашқы тапсырыстар келіп түсті. Бірінші айдың ішінде сұраныстың бар екенін түсіндік, бірақ қалаған нәтижелерге қолжеткізе алмадық.

Бірінші айдың ішінде сұраныстың бар екенін түсіндік


Кейін жұмыстың бағытын өзгерттік. Адамдар жеке өлшемдер мен ерекше түстерді қалады. Бастапқыда төсек-орын жабдықтарын Түркиядан әкеліп сататын дүкен ретінде жұмыс істедік. Өндіріске ықпал ете алмағандықтан, жұмыстың сапасы үшін жауап бере алмадық.

Мамыр айының соңында жобаға қосымша қаражат салып, цехты жалға алуды шештік. Тігіншілерді жұмысқа алып, Қазақстанда төсек-орын жабдықтарын өндіре бастадық.

Еңлік. Адамдарға басты мақсатымыз бен міндеттерімізді маркетинг арқылы жеткіземіз. Қазақстанның бірегей орындарына арнап Nomad Nature топтамасын жасап шығардық. Жобамыз арқылы адамдарға туған жердің табиғатын қастерлеу және жергілікті туризмді дамыту құндылықтарын сіңіруді қалаймыз.

Рафаэль. Бұл идея Көлсай мен Қайындыға барып келгеннен кейін ойымызға келді. Көлдер, таулар бізге шабыт берді және төсек-орын жабдықтарын ерекше түстермен жасап шығаруды қаладық. Бұл топтама Deep of Qayindi атауына ие болды. Содан кейін Қазақстандағы экологиялық мәселелерге көңіл бөлуді жөн көрдік. Қазірде бізде «Арал теңізі 1977» қанық көк түсті топтамасы бар және Көбейтұз тақырыбына арналған дизайн әзірленуде.


Біздің қағидаларымыз бен дәстүрлеріміз


Еңлік. Мен аутсорста жұмыс істеймін және әлеуметтік желелірде ілгерілету жұмыстарымен айналысамын. Рафаэль отбасылық бизнесті дамытуға көмектеседі. Жұмыс және жеке қарым-қатынасымыз тығыз байланысты. Демалыс күндері телефондарымызды өшіріп, жұмыс жайында сөйлеспеуге тырысамыз. Бірақ бұл қиын, себебі идеялар кенеттен пайда болады. Кешкі ас ішкен кезде де жұмыс жайында сөйлемеу ережесін сақтанамыз.

38f67369-ac2b-4b51-8cd5-1a8bb00cd4d6.jpg

Рафаэль. Отбасылық бизнесті жүргізген кезде бірқатар қиындықтар туындайды. Жеке бизнеске қарағанда ортақ және даулы мәселелер көптеп орын алады. Біз темперамент бойынша бір-бірімізге ұқсаймыз, сол себепті аса көп жанжалдаспаймыз.

Еңлік. Мен эмоцияларға беріліп кетемін, кейбір кезде ашушаң боламын немесе көңіл-күйім кенеттен бұзылып кетуі мүмкін. Рафаэльде бизнес жүргізу тәжірибесі бар. Оның арқасында бизнес-серіктістігімізде тепе-теңдік орын алады.

Рафаэль. Жұмыста да, қарым-қатынаста да белгілі бір қағидаларды ұстанамыз. Бастысы – адалдық. Жұмыста клиенттермен, қызметкерлермен, серіктестермен адал болу. Бір-бірімізбен де барлық мәселелерді ашып айтуға тырысамыз. Бұл жұмысымыз бен қарым-қатынасымыздағы құпиялардың бірі. Жанжалдар туындамайды және жобалар бойынша жұмыс істеген кезде, өзімізді бақытты сезінеміз.

Басты қағидамыз — адалдық


Еңлік. Рафаэль екеумізде де қарым-қатынас құру шеберлігі жақсы дамыған. Диалог жүргізу біз үшін маңызды және құрылымды, объективті кері байланыс құруды жөн көреміз. Байланыс орнату дағдысы, жанашырлық сезімі жұмыста және қарым-қатынаста өте жақсы көмектеседі.


Күнделікті өміріміз


Рафаэль. Жоспар келіп түсетін өтінімдерге байланысты құрылады. Еңлікте жеке бизнес, ал менде тұрақты клиенттер бар. Бір аптаға жоспар құрмаймыз. Серуенге, сериалдарға уақыт бөлуге тырысамыз.

Еңлік. Міндеттерді ойдағыдай үлестіру қолымыздан келе бермейді. Jumsaq home жобасы енді іске қосылған кезде, алғашқы айда болжанған түсім болған жоқ, бизнесті жүргізуге қатысты мәселеден бөлек, міндеттемелерді үлестіру мәселесі тұрды. Әрқайсысымыз жұмыстың белгілі бір бөлігі үшін басқа біреу жауап береді деп ойладық.

716e25d8-725c-4d0f-9cb6-9cbee11026fd.jpg

Маған бастапқы кезде басқа салаға ауысу қиын болды, себебі бұдан бөлек жеке бизнесім болды. Серіктеспен отырып, міндеттемелерді үлестіріп алған жөн. Әрқайсысы өзінің жауап беретін бағытын білуі тиіс. Сондай-ақ, жұмыс телефонына түсетін қоңырауларды да үлестіріп аламыз.

Рафаэль. Қазірде уақытымыздың басым бөлігін бизнеске бөлеміз. Штатты кеңейтіп, сату жөніндегі менеджерлерді, курьерлерді жұмысқа қабылдаумен айналысып жатырмыз. Күні бойы іске асырылатын міндеттер үлестіріліп атқарылады.

Бүгінде жобаның ай сайынғы өсімі 100%-ға жетеді. Цехты сатып аламыз деп шештік, себебі тиімділігі бар екеніне көзіміз жетті. Толықтай интернет-дүкенді іске қосу және garage sale — төсек-орын жабдықтарын бір реттік жаппай сатуды ұйымдастыру жоспары бар. Осы бағыт жақсы нәтиже көрсетсе, күзде Алматыда шоу-рум ашатын ой бар.

Еңлік. Instagram желісіндегі парақшамыз үш айдың ішінде жақсы нәтижелер беріп жатыр. Визуалды эстетика мен контентті ілгерілету жағынан алдыңғы орынға шықтық.


Тәжірибеміз


Рафаэль. Отбасылық бизнестің үлкен артықшылығы бір-бірімізге қолдау көрсету мүмкіндігінің болу. Маған Еңліктің жақсы көңіл-күйде болуы қуат береді және көмектеседі. Оны қуанту үшін тиісті нәтижелерге қолжеткізуге тырысамын.

107d2147-35de-49c7-9304-0e65e09af761.jpg

Еңлік. Егер Рафаэль күткен нәтижелерге қолжеткізбесе, көңілі бұзылады. Мен үшін барлық істеп жатқан әрекеттеріміз күшті болып көрінеді. Барлық нәрселерге жақсы жағынан қарауға тырысамын, бұның Рафаэльге қалай әсер ететінін көремін.

Отбасылық бизнес құрылған кезде, бастысы – туыстарға қатысты қазақи таптаурындармен күресу. Бейтаныс адамға жұмыс істеп жатқандай сезімде болу керек.

Жұмыс бізді жақындастырады және қуат береді


Рафаэль. Отбасымен және туыстармен жұмыс істеуге болады. Біз бір-бірімізге сенеміз. Жақын адамды ортақ іске тарта отырып, оған деген сеніміңді танытасың. Бірақ кейбір кезде адамдар кәсіби дағдыларға назар аудару қажеттілігін ұмытады.

Еңлік. Жұптар әртүрлі болып келеді, кейбіреулерге отбасылық бизнес жақпайды. Бірақ жұмыс бізді жақындастырады және қуат береді. Ортақ мақсаттарға қолжеткізуге талпындырады. Ортақ жоспарларды іске асыру үшін барынша жұмсаймыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст