facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/iblock/407/4078b819710f3c65a4fe3271eacbf37f.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
almatyda-y-zh-ne-elordada-y-arbat-z-nd-k-tarihy-bar-k-sheler-zh-ne-alada-y-k-rnekt-oryndar
logo
Алматыдағы және елордадағы Арбат: өзіндік тарихы бар көшелер және қаладағы көрнекті орындар

25.07.2020

Алматыдағы және елордадағы Арбат: өзіндік тарихы бар көшелер және қаладағы көрнекті орындар

Өзіндік тарихы бар көшелер


83551956_191073672108824_1494316091990160737_n.jpg

Алматыдағы Арбат қала тұрғындары мен қонақтары арасында көрнекті орындардың бірі ретінде кеңінен танымал. Тоқсаныншы жылдардан бері осы жерде шығармашылық адамдар жиналып, өлеңдер оқыған, гитарамен әндер орындаған және саудамен айналысқан.

Кезінде осында аудиокассеталар, микрофондар және тағы басқа жабдықтар сатылған. Сондай-ақ қаланың әртүрлі аудандарынан келіп, киімдер сатып алатын жер – Орталық әмбебап дүкені (ЦУМ) танымал болған. Арбатта әлі күнге дейін Панфилов атындағы мектеп жұмыс істейді.

Осы көше бойында басты демонстрациялар өткізілетін, ал жанында Орталық базар орналасқан. Сол себепті көше Сауда нүктесі деп аталған, кейін Максим Горький көшесіне, ал қазірде Жібек Жолы атауына өзгертілді. Арбаттың ауданы «алтын шаршының» аумағына кіреді.

photo5413885553570590333.jpg

Нұр-Сұлтандағы Конгресс-холл алдындағы аудан және маңайындағы көшелер ескі қаланың мәдени орталығы болып саналған. Қала тұрғындары «Родина» кинотеатры орналасқан Целинниктер сарайына баруды ұнататын. Сонымен қатар Оқушылар сарайында ең дәмді балмұздақтар сатылған. Жақын жерде фонтандар орналасқандықтан, ата-аналар балаларымен серуендеп, демалатын. Орталық әмбебап дүкені (ЦУМ) Целиноградта да сауданың орталығы ретінде танымал болған.

Маңыздылығы


нурсултанарбат5.jpg

Әлемнің барлық қалаларындағы Арбат – қолөнершілер, музыканттар мен суретшілер жиналатын шығармашылық жер. Осында ерекше субмәдениет қалыптасады және кез келген адам өнерін таныта алады. Қаладағы көрнекті жерлердің бірі болып табылады.
Арбат Қазақстанның екі қаласында да үлкен танымалдылыққа ие. Осында серуендеумен қатар, тамаша уақыт өткізіп, шығармашылық адамдармен танысуға болады.

нурсултанарбат4.jpg

Бұл жергілікті тұрғындардың арасында да, туристердің арасында да қызығушылық тудыратын ерекше кеңістік. Осында іс-шаралар мен фестивальдер де өткізіледі.


Серуендер


арбаталматы.jpg

Арбат – Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы серуендеуге арналған ең әйгілі жаяу жүретін көшелер. Оның бойында әртүрлі тауарлар сатылатын жерлер мен тәулік бойы жұмыс істейтін дамханалар орналасқан.

Нұр-Сұлтанда Арбаттың жанында Орталық саябақ орналасқан, серуеннен кейін аттракциондарға мініп, пикник ұйымыдастыруға болады.

Алматыдағы Арбатта жаздың түнгі уақытында адамдар көптеп жиналады – жастар музыка қосып, ашық аспанның астында демалады. Сондай-ақ орталықта флешмобтар ұйымдастырылады.


Шығармашылық


арбаталматы2.jpg

Елордалық және алматылық Арбат — қалалық мәдени-демалыс орталықтары. Бұл қоғамдық жердің бірегей форматы, кез келген адам музыканттар, бишілер мен суретшілер тобына қосылып, өнер көрсете алады. Ашық аспанның астындағы мәдени өмір көктем және жаз мезгілдерінде айрықша дамиды.

Көше музыканттары қалаға ерекше дем береді. Сондай-ақ, Арбатқа жақын орналасқан үйлердің сыртында заманауи граффити бейнеленген. Осында шығармашылыққа қатысты шектеулер жоқ. Әр жерінің өзіндік ерекшелігі бар.


Есте қаларлық іс-шаралар


нурсултанарбат3.jpg

Алматылық Арбатта жыл сайын заманауи немесе ұлттық өнерге арналған фестивальдер ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар есте қаларлық дәстүге айналған. Осында кәсіби мамандар да келіп, өнер көрсетеді. Шығармашылық адамдар бір-бірімен танысып, араласа отырып жаңа топтар мен бэндтердің негізін салады.

Қазірде Нұр-Сұлтандағы Арбатта қолдан жасалған заттар сатылады, дәмханалар жұмыс істейді және кешкі уақытта музыканттар әндер орындайды. Жағалау жақта бишілер өнер көрсетеді, көшенің ортасында суретшілер суреттерін салып отырады, қала тұрғындары мүсіндермен суретке түсіп, караокемен ән шырқайды.

Материалды жасауға атсалысқаны үшін: елордалық Арбаттың негізін салушы — Арай Ордабаеваға, Open Project музыкалық жобаның менеджері — Айя Мұратхановаға, «Трансформа» театрының директоры — Анна Сувороваға, ARTBAT Fest фестивалінің директоры — Ольга Веселоваға алғыс білдіреміз.


Суреттердің дереккөздері: @sanchosss_muse, @street_photoview, @almatinskya.palata.remesel, @skov162, @masisso_kangnam_korea, @igdark.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.