Андрей, 38 жаста, туған қаласы — Балқаш
Наташа, 29 жаста, туған қаласы — Алматы
Жоба туралы
Андрей. Obruchalka.kz бұл — тапсырыспен неке сақиналарын дайындауға маманданған зергерлік шеберхана. Біз 2005 жылдан бастап жұмыс істеп келеміз. Басында бұл зергерлік шеберхана болатын, 2007 жылдан бастап қарқынды түрде өсіп, неке сақинасына маманданған шеберханаға айналдық. Бұл өте қызықты сала, ол кезде дүкендерден жақсы ұсыныстар болмаған еді.
Наташа. Шеберхананы Андрей біз таныспастан бұрын ашқан, ал қазір бұл іс біздің отбасылық ісіміз.
Андрей ата-бабасынан бері алтын іздеуші, оның әкесі мен атасы да алтын іздеушілер болған. Андрей кен орындарында, кейін зергерлік зауытта жұмыс істеген. Алматыға көшіп келген соң жетекші зергерлерден үйреніп, зергерлік бұйымдарын жөндеу және дайындау бойынша өз шеберханасын ашты.
Андрей бүгінде істің қаржылық бөлігін жүргізеді, өндірісті бақылап, клиенттермен келіседі. Ұйымдастырушылық жағы: көрмелерге қатысу, клиенттерді жазу, маркетинг пен сайтты жүргізу — менің мойнымда.
Бұйымдар туралы
Андрей. Біздің шеберзханамызда дайындалатын сақиналар сапалылығымен және өмір бойына берілетін кепілдігімен бірегей болып саналады. Бұйымдарымыз Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығында сынамадан өтеді, сақиналарда шеберхана атауы көрсетіледі және сынама палатасының таңбасы бар. Көзі бар сақиналардың тек сақинасына ғана емес, көзіне де кепілдік береміз.
Шеберханамыздағы сақина жұптарының бағасы 90 000 тг-ден басталады және бағасы сақинаның дизайнына байланысты болады. Сақинаға тапсырыс беру үшін алдымен кездесуге жазылу керек, мұнда біз оның дизайнын жоспарлап, бағасын есептейміз. Бұдан кейін сақина өндіріске түседі, ал екі аптадан соң оны дайын күйінде алып кете аласыз.
Наташа. Былтыр той көрмесінде біз зергерлік өнер бойынша шеберлік сыныбын көрсеттік, ол жерде жас жұбайлар өз қолдарымен неке сақинасын жасады. Бір жылдан бері осындай шеберлік сыныптарын өткізіп тұруды қолға алдық. Жұп өздеріне керек модельді таңдайды, оны жасау процесіне қатыса алады. Толық шеберлік сыныбы, яғни бастан-аяқ жасап шығару 6 сағатқа созылады, ал жасау барысының бір бөлігін ғана көргісі келетіндер 2 сағатқа жуық уақытқа қатысуына болады. Жас жұбайлар дайын бұйымдарды шебердің соңғы өңдеу жұмысынан және Ұлттық сараптама орталығында сынамадан өткеннен кейін бірнеше күн өткен соң алады.
Қазір минимализм трендте, бұл неке сақинасына да қатысты, жас жұбайлар көбінесе қарапайым дизайнды таңдайды: ақ алтын немесе платина, гаухартас және ерекше фактуралар.
Андрей. Неке сақинасы — айрықша сәндік әшекейлер, олар қайталанбас әрі бірегей болуы тиіс. Сондықтан, жеке тапсырыспен дайындалған сақиналар — жас жұбайлардың ерекше күні мен өміріне қажетті нәрсенің нақ өзі.