Алматы қаласын өзгертетін әрі белсенді демалыс символына айналған қызықты шаралар ұйымдастыратын қалалықтармен сұхбат.
Азат Омарбаев, 31 жаста, қаласы — Алматы, @cars_kz негізін салушы
Бәрі қалай басталды
Мен бала кезімнен көліктерге құмармын, осылайша 2012 жылы «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде CarsKz қауымдастығын аштым. Біздің қауымдастықтың алғашқы шарасы 2012 жылы өтті. Бұл әуесқой автомобильшілердің жиыны болды.
Біз MotorFest2017 ірі қалалық іс-шарасын өткіздік, оған 2017 жылы 10 000-нан астам адам қатысты. Содан кейін мен Алматыға қоныс аудардым.
Жоба жайлы
2021 жылдан бастап CarsKz парақшасы бұған дейін парақша паблик ретінде болды. Ал қазір мен автокөлік контентін түсіріп, ивенттер ұйымдастырамын.
Біз көлік жүргізу мәдениетін дамытуға, паблик құруға және тәжірибе алмасуға бағытталған ірі қалалық іс-шараларды өткіземіз. Осындай оқиғалардың бірі — #MotorFest автомобильдер көрмесі. Іс-шараға мыңдаған энтузиаст, тюнинг пен авто-экзотиканы жақсы көретіндер жиналады.
Ас ішуге, тынығып демалуға болатын жерлер де қарастырылған. Көрермендер бір-бірімен танысып, жарыстарға қатысып, эксклюзивті көліктерді тамашалай алатын шоу-бағдарлама да бар.
2022 жылдың көктемінде біз CarsKz & Coffee іс-шарасын өткіздік. Мұнда қаланың ең үздік көліктерін тамашалауға болады: спорттық көліктер, экзотикалық көліктер, сонымен қатар 90-шы жылдардағы аты аңызға айналған көліктер.
Менің серіктесім Дархан көңілді атмосфераға толы #LowKzMeet жиындарын өткізеді. Бізде нақты регламенттер жоқ: егер әуесқой автомобильшінің қызықты көлігі болса, біз қуана-қуана қарсы аламыз. Мұндай ивент соңғы рет жүздеген көлік ұсынылған «Апорттың» автотұрағында өтті.
Қатысушылар мен қонақтар туралы
Алматы — мың бояулы қала және түрлі мәдениеттің, соның ішінде автокөліктердің орталығы. Мұнда әуесқой автомобильшілер көп. Дархан екеуміз соларға арнап, ең үздік автокөлік шараларын өткізуге тырысамыз.
Жоба қаланы қалай өзгертеді
Біз қызығушылығы бірдей адамдарды бір жерге жинаймыз.
Айдар Найзағарин, 42 жаста, қаласы — Алматы, Cosmic Picnic және Elevation биік таулы кештерінің тең ұйымдастырушысы, @cosmicpicnic
Бәрі қалай басталды
Мен ашық аспан астындағы музыкалық іс-шаралардың — Cosmic Picnic электронды музыка фестивалінің және Elevation биік таулы кештерінің тең ұйымдастырушысымын.
Алғашқы Cosmic Picnic 2014 жылы ұйымдастырылды және тек аздаған адамдар үшін өткізілді. 2021 жылдан бастап біз оны инклюзивті етіп, қатысушылардың санын 100-ден 700 адамға дейін көбейттік.
Сондай-ақ біз соңғы бірнеше жылдан бері 3200 метр биіктіктегі «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының баурайындағы Талғар асуында Elevation кештерін ұйымдастырып келеміз. Ал 2023 жылдан бері Oi-Qaragai баурайында бір маусымда бірнеше рет өткізіп жатырмыз.
Жоба жайлы
Cosmic Picnic-тің өтетін орны үнемі ауысып тұрады. Осыған дейінгі космиктер шөлді жерлерде де, Алматы облысының биік таулы аймақтарында да өтіп жүрді.
Elevation — Қазақстандағы Apres-ski форматындағы алғашқы және жалғыз музыкалық іс-шара.
Қалалықтар электронды музыка әуенін тыңдап, табиғат аясында демалады, шатырларда тұрады. Dj мен электронды музыканттар өнер көрсетеді. Мұнда негізгі би алаңынан басқа, отыратын орны бар шағын сахна, барлар, маркет және түрлі іс-шара өтіп жатады: садақ ату, электрлі велосипед тебу, мотодельтапланда ұшу, телескоп арқылы түнгі аспанды бақылау, шеберлік сағаттары.
Қатысушылар мен қонақтары жайлы
Наша аудитория — это позитивные, открытые и разносторонние люди, которые делают проекты известными и успешными.
Cosmic Picnic-ке электронды музыканы, табиғат аясындағы іс-шараларды ұнататын жандар келеді, ал шаңғы мен сноуборд әуесқойлары Elevation-ға келеді.
Біздің аудитория — жобаларды танымал және табысты ететін позитивті, ашық және жан-жақты адамдар.
Жоба қаланы қалай өзгертеді
Cosmic Picnic-тің көмегімен біз Burning Man немесе Electric Forest сияқты іс-шаралармен салыстыруға болатын сапалы фестивальдер ұйымдастырамыз. Elevation алматылықтарды қысқы табиғат аясында демалуға, шаңғы спортымен айналысуға шақырады.
Біздің іс-шаралар жабық жерде емес, Алматы облысының ең көрікті жерлерінде өтеді.