Қосымшаны бүгінде еліміздің бірқатар мектеп оқушылары пайдаланып, нәтижесін көріп отыр. Осы және өзге де өнертабыстар туралы жыл сайынғы республикалық форумда айтылды. «Назарбаев зияткерлік» мектебінің 10 сынып оқушысы Ержан Қыбдыхайыров жас өнертапқыш атанды. Себебі ол тек компьютер арқылы ғана кіріп, көруге болатын электронды күнделіктің мобильді қосымшасын жасап шықты. Бағдарлама оқушылар мен ата-аналар үшін түсінікті әрі жылдам жұмыс істейді. Қазір Ержанның өнертабысын еліміз бойынша 3 мыңнан аса оқушы пайдаланады екен.
Ержан Қабдыхайыров, жас өнертапқыш: - Бағдарламаны жасауға бізде веб-сайт бар. Ол жерде бағаны көруге болады. Бірақ ол жерде қолдану қиын, көбіне істемейтін болды. Мен осы бағдарламаны жасау арқылы осы мәселені шештім деп ойлаймын. Менің ойымша, басқа елдерде осы сияқты бағдарламалар бар. Себебі ол жерде Назарбаев зияткерлік мектебіндегі сияқты жүйе қолданылады.
Дерек көзі: 24.kz