Біз қалада түрлі халықтың тағамдарынан дәм татып, басқа елдің мәдениетімен танысуға болатын мекемелер топтамасын жасадық.
Грузин тағамдары
«Дареджани», @daredzhani
Грузияның Алматыдағы бір бөлшегі. Мәзірде ыстық хачапури, мәрмәр қамырдағы хинкали және талғамыңызға сай келетін шарап түрлері ұсынылған. Банкеттер мен мерекелерге арнайы тағамдар бар.
«У Афанасича», @u_afanasicha
Classic FINE DINING RESTAURANT форматындағы мейрамхана.
Шығыс тағамдары
«Алаша», @alasha.almaty
«Алаша» мейрамханасы ең талғампаз гурмандардың да көңілінен шығады. Мәзірде қазанда, хосперде немесе мангалда пісірілген тағамдар, түрлі салат, тағам және десерт түрлері бар.
NAVAT, @navat_almaty
Ұлттық тағамдарды NAVAT шайханасынан табуға болады. Мұнда дәмі тіл үйіретін палау мен қозы етінен және балғын көкөністен әзірленген тұздық, қолдан кесілген кеспе және басқа да тағамдар ұсынылады. Мәзірде шығыс тағамдарының түрлері өте көп.
«Тюбетейка», @tubeteika_kz
«Тюбетейка» мейрамханасы уақыт сынынан өткен ұлттық тағамдарды ұсынады. Мәзірде шығыс десерттерін, тандырда піскен ыстық нан, шұбат пен қымыз, палау, бешбармақ және т.б. тағам түрлері бар.
Үнді тағамдары
Tandoor, @tandoor.kz
Ресторан Tandoor — жұмбақ Үндістанның ұмытылмас дәмі. Мейрамхана мәзірінде карри, тикка, тали, бирьяни, пакора және басқа да үнді және азиялық тағамдар ұсынылған. Тандырда піскен нан, шәрбаттағы сүт шариктері мен сәбіз халвасы сізді бейжай қалдырмайды.
«Махараджа», @maharaja_almaty
Бұл — үнді және ливан тағамдарына басымдық беретін заманауи мейрамхана. Мәзірде карри, дәстүрлі нан, гумус, бриош және басқа да көптеген тағамдар бар.
Орыс тағамдары
«Камчатка», @kamchatka.almaty
«Камчатка» — заманауи орыс тағамдарының мейрамханасы. Мұнда авторлық тағамдар, стильді интерьер және ерекше атмосфера үйлесім тапқан. Мұнда балық пен теңіз өнімдерінен әзірленген тағамдарға, десерт немесе салат және т.б. тапсырыс бере аласыз.
«Любовь и Голуби», @lubov_i_golubi_kz
«Любовь и Голуби» кеңестік стильдегі жайлы мейрамханаға борщ ішем деп барып, соңында винегрет, холодец және голубцы сияқты тағамдарға тапсырыс беруіңіз мүмкін.
Итальян тағамдары
Del Papa, @del_papa
Del Papa мейрамханасы 2010 жылдан бері қонақтарды итальян тағамдарымен қуантып келеді. Мәзірде классикалық тағамдар, сондай-ақ өздері әзірлеген ерекше тағам түрлері де бар. Паста, пицца және т.б. ұсынылған.
Julius, @julius.cafe
Julius — еуропалық стильдегі жайлы кофехана. Мекеме таңғы сегізден бастап жұмыс істейді. Мұнда дәмді таңғы ас ішіп, баристалар ең үздік кофе түйіршіктерінен әзірлеген хош иісті кофе ішуге болады.
Азия тағамдары
P.F.Chang’s, @pfchangskz
P.F.Chang’s — дәстүрлі рецепттерге негізделген азиялық тағам дайындау концепциясы. Халықаралық желінің алғашқы мейрамханасы 1993 жылы ашылды. Мейрамханалар дим-самды қолмен жасайды, көкөніс және етті турауға, тұздықтар мен вок тағамдарын пісіруге ерекше назар аударады.
Širo, @siro.almaty
Širo — Esentai Mall-да орналасқан премиум санатындағы жаңа жапон мейрамханасы. Бұл Қазақстандағы abr — ең ірі мейрамханалар желісінің жобасы. Мәзірде суши, сашими, ролл, балық және теңіз өнімдерінен әзірленген тағамдар бар.
Түрік тағамдары
Zumrut, @zumrut.almaty
Зумрут — Түркияның Алматыдағы бір бөлшегі. Ол 2021 жылдың қыркүйегінде ашылған болатын. Мұнда кебаб, мезе түрлері, көптеген салат және т.б. ұсынылған.
«Мармарис», @marmariskz
Кафе желісінде түрік тағамдары дайындалады. Кебаб түрлері, балғын салат, ыстық тағамдар бар. Тәттіні жақсы көретін жандар үшін баклава және түрлі тәтті-дәмді ұсынылған.
Mado, @madokazakhstan
Мекеменің ерекшелігі — ешкі сүтінен әзірленетін дәстүрлі балмұздақ. Мұнда түрік асханасының ең дәмді десерттерінен дәм татуға болады.
Harissa Middle Eastern Cuisine, @harissakz
Интерьері жарқын түстерге толы, кішкентай дорбаларда дәмдеуіштер және жаңғақ сатылады.
Кәріс тағамдары
CHICKEN STAR, @chickenstar_almt
Керемет тауық етін әзірлейтін жер. Бұл pet friendly кофехана. Chihoon негізін қалаушысы дәмді тауық етін, гамбургер және вегетариан тағамдарын дайындайды.
SATORI, @satorirest.kz
Мұнда кәріс, жапон, паназиялық тағамдар ұсынылған. Екі VIP бөлме және аутентикалық интерьердегі екі бөлек бөлме бар.
Korean Street Food, @korean_street_food
Оңтүстік Кореяның жылдар әрі дәмді тамақтану желісі. Мұнда көп күтпейсіз және талғамыңыздан шығатын түрлі тағамдар бар.