Алматыда Бостандық ауданында орналасқан VILLA Boutiques & Restaurants алдында жаппай сырғанауға арналған алтыншы тегін мұз айдыны ашылды. Бұл сырғанақ алматылықтар мен қала қонақтары үшін екі техникалық үзіліспен (мұзға байланысты) тәулік бойы тегін жұмыс істейді. Бұл осыған дейін салынған мұз айдындарының ішіндегі ең шағыны болып саналады. Сонымен қатар алаңда конькиді жалға беру және тамақтану орны қарастырылған. Олар демалыс күндері 11:00-ден 23:00-ге дейін, ал жұмыс күндері 12:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Конькиді 1 сағатқа жалға алу 600 теңге болса, 1 сеансқа (3 сағат) 1 500 теңге. Келушілер өз конькиімен тегін сырғанауға да болады.
Дерек көзі: khabar.kz