Алматыдағы «Алтын Орда» базарының маңында 10 жолақты жол құрылысына әзірлік басталды. Алайда, күнделікті көлік кептелісінен көз ашпайтын жүргізушілер мен тұрғындар енді үш жыл қалай шыдаймыз, деп қынжылады. Себебі, жол құрылысы 2020 жылы аяқталуы тиіс. Ал, оған дейін бақандай үш жыл бар. Мердігер компания өкілдері болса, «айналма жол - құрылыс аумағының бір бөлігінде ғана болады», деді. Енді көктемге дейін адамдарға арналған көпір бағандары тұрғызылып, электр, су, газ желілерін құрылыс аумағынан басқа жерге орнату жұмыстары жүргізіледі.
Дерек көзі: kaztrk.kz