Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Алматы тұрғындарының 18 белгісі
13965

08.04.2017

Алматы тұрғындарының 18 белгісі

Ең бақытты қазақстандықтар Алматыда тұрады. Осы дұрыс па, әлде керісінше ме, алматылықтар қандай деген сұрақтарға WE қауымдастығының қатысушылары Екатерина Ежкова, Данияр Тұяқбаев, Елена Проценко, Баян Тойкебаева, Мадина Байниетовамен және достарымыз Нұржан Махмудов, Айгерім Егізбаева, Максим Спаришпен бірге жауап іздеп көрдік.


1. Барлық алматылықтар күлімдеп жүреді және ашық, такси жүргізушісімен немесе жедел сатыда көршісімен әрдайым әңгімелеседі.


2. Жазда да, қыста да табиғат аясында демалғанды ұнатады.


3. Алматы тұрғындары кез келген қаладан жоғары және төменгі жақты іздеп жүреді және туған қаласында бағытты тек осылай ғана анықтайды.


4. Оңтүстік астананың әр тұрғыны жазда Ыстық-Көлге барып демалуды парыз санайды.


5. Алматы тұрғындары өздерін Ғаламның ортасы секілді сезінеді. Қайда барса да, бәрі олардың айналасына топтасуы керек деп есептейді.


6. Қалада көшелердің қиылысымен ғана жол табады.


7. Барша алматылықтар көңілді әрі шулы демалғанды ұнатады, олар күн сайын мереке ұйымдастыра алады.


8. Тұрғылықты алматылықтар [ж] – ның орнына [дж] – ны қолданады, мысалы, [жаным] емес, [джаным].


9. Оңтүстік астана тұрғындары Қазақстанның зиялылары болып саналады.


10. Жергілікті тұрғындар танысқан кезде алдымен тұратын ауданын сұрайды. Содан кейін барып, оның адам туралы пікірі қалыптасады. Егер сен ескі орталықта тұрсаң, сен зиялы отбасынан шыққан тұрғылықты алматылықсың. Ал егер сенің ауданың төменде орналасқан болса, сен жақында келген болуың керек.


11. Егер көп мақтан жарық шаша алатын болса, онда Алматы Лас-Вегас болар еді.


12. Алматылықтар бақытты — оларда тау бар және маса жоқ.


13. Алматыда ең сәнқой қазақстандықтар тұрады.


14. Алматылықтардың күнделікті асханасында корей мәдениетінің ізі бар, көпшілік ащы тағамдарды сүйіп жейді. Егер сізді Алматыға қонаққа шақырса, қазақ және корей асханасының араласқанын көресіз.


15. Оңтүстік астана тұрғындары ең таза метроның бақытты иелері.


16. Алматылықтар караокелерді қатты жақсы көреді, караокесіз жұма — оларға ешқандай да жұма күні емес.


17. Алматыда ешкім ешқашан дөнерден бас тартпайды.


18. Алматылықтар алма сатып аларда оны иіскейді, ал апортты қолмен бөліп қарайды.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу