Алматы мектептерінде робототехникадан арнайы зертханалар ашыла бастады. Қаладағы бес мектептің оқушыларына осындай зертхана сыйға тартылды. Мамандардың айтуынша, жастар арасында ғылымның бұл саласына деген қызығушылық жоғары.
Алматыдағы №69 орта мектептің жоғары сынып оқушылары бүгіннен бастап робототехниканың әліппесін үйренуді қолға алды. Бұл зертхана робототехникадан басқа информатика, математика, мехатроника, және инженерия бойынша да жеткіншектердің білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді
Зертханада қолданылатын «Бозбала» жинағы қазақстандық стартап компанияның өнімі. Студенттер ашқан компания әзірге керек-жарақты шетелден әкеліп отыр. Келешекте робототехникаға қажетті элементтерді өздері шығармақ ниетте.
Болашақта үздік оқушылар арнайы команда құрамына кіреді. Олар робототехника бойынша өтетін әртүрлі жарыстарға қатысып, ел намысын қорғайтын болады.
Дерек көзі: 24.kz