facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/c3c/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/c3ca6d49753a784068b55cf1e46f08ae.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
almaty-ma-ayynda-y-e-dem-10-zher-alay-zhetuge-zh-ne-ne-k-ruge-bolady
logo
Алматы маңайындағы ең әдемі 10 жер: қалай жетуге және не көруге болады

13.02.2020

Алматы маңайындағы ең әдемі 10 жер: қалай жетуге және не көруге болады

Есік Көлі


issyk11.jpg

Қалай жетуге болады:

— Есік қаласына қарай Құлжа трактісі бойынша жеке көлікте, одан әрі көрсеткіштер бойынша

— экскурсиялық автобуста.

Жер жартасты тау, орман және шалғындармен қоршалған. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді табуға болады. Көл ауа райына байланысты түсін өзгертеді.

Не көруге болады:

— қорық

— «Алтын адам» табылған қорған

— «Кремлевская стена».

Мекен-жайы: Алматының шығысына қарай 65 шақырым, шамамен 1 сағат және 40 минут.


Шарын шатқалы


charyn.jpg

Қалай жетуге болады:

— «Саяхат» автовокзалынан шығатын автобуста, билет құны — 1000 тг

— 7-10 адамға шағын автобусқа тапсырыс беру

— туристік автобуста

— жеке көлікпен бару.

Ең танымал және әдемі табиғи көрікті жерлердің бірі Тянь-Шань жотасында орналасқан. Планетадағы ең үлкен шатқалдардың бірі — Гранд-каньонның «кіші ағасы» болып саналады.

Не көруге болады:

— шағын хайуанаттар бағы

— шаған тоғайы

— тұран тоғайы

— құлып алқабы.

Мекен-жайы: Алматыдан шығысқа қарай 195 шақырым, жол 3 сағат және 50 минутты алады.


Қайынды көлі


kaiyndy.jpg

Қалай жетуге болады:

— Құлжа трактісі бойынша көлікпен (190 шақырым), одан әрі көрсеткіштер бойынша

— экскурсиялық автобуста.

Мөлдір су мен ағаштары бар ерекше көл. Аумағы тау мен шыршалармен қоршалған. Көлдегі су ауа райына байланысты көк, көгілдір түстен қоңырға дейін өзгереді.

Не көруге болады:

— қайың тоғайы

— форель.

Мекен-жайы: Алматыдан 288 шақырым жерде, Күнгей-Алатау шатқалында, жол 5-7 сағатты алады.


Үлкен Алматы көлі


bao11.jpg

Қалай жетуге болады:

— Тұңғыш Президент саябағынан № 28 автобусқа отырып, соңғы аялдама «Алма-Арасанға» жетіп, әрі қарай құбыр бойымен 8 км жуық жүруге болады

— жол бойындағы көліктер арқылы

— жеке автокөлікпен.

Үлкен Алматы көліне жылдың кез келген уақытында баруға болады. Жазда пикник жасап, күркеге отыруға, көлге жақындауға болады. Қыста қар тауларында серуендейді. Сондай-ақ, бұл фотосессия үшін тамаша орын.

Не көруге болады:

— ФИАН космостанциясы

— Туристер шыңы және Үлкен Алматы шыңы

— көл

— беткейлер арқылы серуендеу.

Мекен - жайы: Іле Алатауы мен Алматының оңтүстік шетіне қарай 15 шақырым.


Бархан


barhany.jpg

Қалай жетуге болады:

— экскурсиялық автобуста

— жеке көлікте, Алматы — Қапшағай тас жолы бойымен Сары-Өзенге дейін, кейін Алтын-Емел асуы мен Басши кенті арқылы қозғалыс бойынша.

«Алтын-Емел» ұлттық паркінде орналасқан. «Қазақстанның 7 кереметінің» бірі және ұлттық көрікті орын болып саналады. Бархан жотасынан түскен кезде құмды таудың жер қойнауынан шығатын дыбыстарды естуге болады.

Не көруге болады:

— ән салатын бархан

— Іле өзені

— Жоңғар Алатауы.

Мекен-жайы: Алматының солтүстік-шығысына қарай 300 шақырым.


Түрген шатқалы


turgenskoeushelie.jpg

Қалай жетуге болады:

— жеке автокөлікте, Құлжа трактісі бойынша есік арқылы жүру. Төле би кентінен кейін «Роял Петрол» жанармай құю бекетінің жанында шатқалға қарай апаратын, оңға қарай бұрылыс болады.

— туристік бағыттар арқылы.

Туристер мен Алматы тұрғындары үшін ең танымал бағыттардың бірі. Мұнда аумағы жағынан кішірек шатқалдар, өзендер мен көрікті жерлер бар.

Не көруге болады:

— сарқырамалар

— Киелі Бұлақ

— «Алтын адам» және ашық мұражай

— Шінтүрген мүк шыршалары

— форель шаруашылығы.

Мекен-жайы: Алматыдан 90 шақырым жерде.


Ассы Үстірті


platokassy.jpg

Қалай жетуге болады:

— жеке автокөлікте, Құлжа трактісі бойынша есік арқылы жүру. Төле би кентінен кейін «Роял Петрол» жанармай құю бекетінің жанында шатқалға қарай апаратын, оңға қарай бұрылыс болады. Түрген сарқырамасының алдындағы бірінші аялдама.

Тянь-Шань тау бөктеріндегі ең әдемі жерлердің бірі. Мұнда астрономиялық обсерватория орналасқан, ал жолда қызыл жартастар мен ақ қарлы ландшафттарды кездестіруге болады.

Не көруге болады:

— обсерватория

— шексіз шабындықтар

— ландшафт

Мекен-жайы: Алматыдан шығысқа қарай 75 шақырым


Шонжы ыстық су көзі


chundzha.jpg

Қалай жетуге болады:

— автобуста, билет екі жаққа 5500 тг, тек демалыс күндері

— такси, «Саяхат» вокзалында екі жаққа да 8000 тг

— жеке автокөлікпен Алматы — Қорғас трассасымен, одан әрі көрсеткіштер бойынша жетуге болады.

Бұл Алматы маңындағы минералды көздер, олардың суы ерекше ыстық радон көздерімен танымал. Мұнда серуендеуге, таза ауамен демалуға, пейзаждарды бақылауға және қала өмірінен демалуға болады.

Не көруге болады:

— демалыс аймақтары

— таулар

— ыстық су көздерін.

Мекен-жайы: Шонжы ауылы, Алматыдан 350 шақырым жерде


Бартоғай су қоймасы


bartorgai.jpg

Қалай жетуге болады:

— жеке автокөлікте Құлжа трактісі бойынша Көкпек ауылына қарай.

Су қоймасы екі таулардың арасында орналасқан — Торайғыр және Сюғаты. Ең қызықты көрініс екі туннель ашып, екі үлкен су ағыны пайда болған кезде орын алады. Бұл пейзажға тыныштықтан ләззат алу үшін келеді. Сондай-ақ мұнда балық аулауға болады.

Не көруге болады:

— су қоймасы

— бөгеттер

Мекен-жайы: Алматы қаласынан шығысқа қарай 186 шақырым, Еңбекшіқазақ ауданы, Асысаға ауылынан 10 шақырым.


Көлсай көлдері


kolsai.jpg

Бұл Солтүстік Тянь-Шань маржаны деп аталатын үш көлдің жүйесі. Көлдер қылқан жапырақты шыршалармен қоршалған, ал суда бақтақ тіршлік етеді.

Қалай жетуге болады:

— жеке автокөлікте, жол талғамайтын көлік ыңғайлырақ, Құлжа жолынан Саты кентіне дейін жету керек. Негізгі жол бойымен солға қарай бағыт алып, экологиялық бекетке жету, әрі қарай жаяу жүру арқылы

— қалалық автовокзалдан қалааралық автобуста

— шағын автобусты жалға алу.

Мекен-жайы: Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 330 шақырым


Фотоның дерек көзі: @vkadre_kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт