facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/2a3/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/2a37f8ac27d2ab341c2eca1571f59972.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
alina-mustafina-e-bay-elde-immigranttardy-alay-t-ratyndy-y-zhayly
logo
Алина Мустафина ең бай елде иммигранттардың қалай тұратындығы жайлы

24.03.2020

Алина Мустафина ең бай елде иммигранттардың қалай тұратындығы жайлы

Алина Мустафина, 35 жаста, туған жері — Алматы, журналист, жазушы, режиссер, @alinka_mustafinka

alinamain.jpg


Қазақстан — Катар


Мен көшпендімін. 2008 жылдан бастап тұратын елді, қаланы ауыстырамын.

Жолдасым Түркия елінің тумасы. Біз Алматыда, ол құрылыс саласында инженер-механик болып жұмыс істеп жүрген кезде таныстық. Кейін Араб Әмірліктеріне көшіп, онда төрт жыл тұрдық. Ол қонақ үйлерді салумен айналысты.

Жалпы алғанда туған жерімді санамағанда, мен төрт мемлекет пен сегіз қала ауыстырдым


Одан кейін жолдасым ұшқыш болғысы келді. Испанияға көштік. Ол ұшқышқа, мен режиссер мамандығына оқыдық. Екі жылдан кейін оны Turkish Airlines компаниясына жұмысқа алды. Түркияда бес жыл тұрдық. Былтыр ол Qatar Airways қызметкері болды. Бір жылдан астам уақыт Катарда тұрамыз.

Жалпы алғанда туған жерімді санамағанда, мен төрт мемлекет пен сегіз қала ауыстырдым.

Alina(2).jpg


Көшу кезіндегі қиындықтар


Егер сіздің жақсы жұмысыңыз, әлеуметтік пакетіңіз болса, онда шетелде қиындық тумайды.

Бірақ климаттық ерекшіліктер бар. Катарда екі маусым: жаз және өте ыстық жаз. Мамырдан қазанға дейін дем алуға, жүріп тұруға ыңғайсыз: жоғары дәрежедегі ылғал мен 50 градустан жоғары температура. Балалар мектепке баратындықтан біз тек шілде және тамыз айларында кете аламыз. Ал офистік жұмысы барлар елден шыға аламайды.

Шөлде өмір сүру қиын. Әр ағаш жасанды отырғызылған — әрбіреуіне шланг тартылған. Алматыдан кейін тау мен жасыл шөп жетіспейді.

Елді ауыстырғанда саған араласуға қызық болатын адамдарды табу маңызды


Сондай-ақ алғашқы кездерде мәдениеттілік ерекшеліктерге бейімделу керек. Катарда дресс-кодқа байланысты консерватизм бар. Егер сен қоғамдық орынға барсаң, тізең мен иығыңды жабуың керек. Бірақ өзің тұратын үй кешенінде өзің қалағандай киіне аласың.

Елді ауыстырғанда саған араласуға қызық болатын адамдарды табу маңызды. Әр жыл сайын жаңа елде барлығын басынан бастау қиын. Мұндайда әлеуметтік желілер көмектеседі. Instagram мені көптеген жақсы адамдармен жолықтырды. Кейде адамдарға өзім жазамын, кейде олар маған жазады. Сондай-ақ туған жерімдегі, бұрын тұрған елдердегі ескі достарыммен қарым-қатынаста бола аламын.

Alina(5).jpg


Катардағы өмір жайлы


Біз бұған дейін Араб Әмірліктерінде тұрғандықтан, Таяу Шығыста қалай тұру керек екенін білетінмін. Тіпті «Как уехать в Дубай и остаться там» деген кітап та жаздым.

Сондықтан шөл далада адамдардың өз қолдарымен салынған елге көшу мен үшін қиын болған жоқ.

Дегенмен ерекшеліктер бар. Араб Әмірліктеріндегі адамдар еуропалықтар сияқты болып кеткен, олар аздап өздерінің ерекшеліктерін жоғалтып алған.

Alina(3).jpg

Катарда, керісінше, жергілікті мәдениет айқын көрінеді. Мұнда барлық жерде ескі базарлар орналасқан. Адамдар көп уақытын далада өткізеді, сүт қосылған дәстүрлі шәй — каракты ішеді.

Менде Араб Әмірліктерінде көп қарым-қатынас болған жоқ, ал мұнда катарлық достарым көп. Кездесіп тұрамыз, олардың мәдениеті мен дәстүрлері жайлы жаңа ақпарат аламын.

Катарда адамдар тек көлікпен жүреді. Жаяу серуендеу үшін сауда үйлеріне барады. Көп шетелдіктерде Эфиопия, Шри-Ланка, Үндістан, Индонезиядан келген бала күтушілер жұмыс істейді. Өйткені жақын туыстары алыста. Мысалы, егер жолдасым 10 күнге кетіп қалса, мен екі баламен жалғыз жүре алмаймын.

Катар — ең бай мемлекет. Ең басты айырмашылық — бағалар, мұнда барлығы қымбат. Өндіріс жоқ, сондықтан барлық азық-түлікті шетелден әкеледі. Қазақстан мен Түркияға қарағанда ет бірнеше есе қымбат. Барлығы үнемдейді, өйткені табыс табу үшін келеді.

Катар — ең бай мемлекет


Катарда мемлекеттік медицина тегін. Әрқайсында екпелер мен емханаларда тегін қызмет алуға мүмкіндік беретін health card бар. Сондай-ақ жеке сақтандыру бар. Ол арқылы тіс дәрігері мен басқа қызметтерді алуға болады.

Катар, Араб Әмірліктері, немесе Сауд Арабиясы сияқты елдерге көшкенде, сізге ұсынылатын әлеуметтік пакетке назар аудару маңызды. Жұмыс беруші сіздің қандай шығындарыңызды жабатынын біліп алу керек. Мысалы, жолдасымның компаниясы балалардың мектебі мен баспананың ақшасын төлейді. Сондай-ақ әлем бойынша ұшақ билеттеріне жеңілдік беретін сақтандыруымыз бар.

Басқа жағдайда мұнда тұру қиын.

Катар — өмір бойы тұра алатын ел емес. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін елден кетуге тура келеді. Егер мұнда баспанан болса, қалуға болады. Бірақ оған үлкен қаржы керек.

Катарда барлығы келушілер. Жергілікті халықтың үлесі — 10%, яғни Катарда тұратын 2 800 000 адамның тек 300 000 адамы жергілікті тұрғындар.

Тез бейімделу үшін араласатын адамдарды табу керек. Facebook-те : «Қазақтар Түркияда», «Орыстілділер Катарда» деген тематикалық топтар бар. Қолдау бар кезде — шетелде тұру оңай. Шетелдіктер басқа елдерде бірге топтасады.

Тағы бір лайфхак — блог жүргізу, үлкен аудиториямен инсайттармен бөлісу. Бұл өз тарапынан психологиялық терапия сияқты.

Alina2.jpg


Қызметі жайлы


Мен журналистпін, Қазақстандағы Cosmopolitan, Time Out журналдарының бұрынғы редакторымын, телевидениеде жұмыс істедім. Шетелде көптеген мамандық ауыстырдым. Duty Free-де жұмыс істедім, Ким Кардашьян, Том Круздан сұхбат алдым, дубайлық шейхті фотоға түсірдім.

Катарда белсенді түрде Doha Film Institute-мен серіктеспін. Канн кинофестивалінің лауреаты және «Оскар» номинантының жетекшілігімен қысқаметражды документалды фильм түсірдім. Ол фильмді түрлі кинофестивальдерге ұсынамын. Мысалы, жақында Дохада менің фильмім көрсетілетін, фестиваль өтеді.

Жергілікті компаниялар түйіндемені ұзақ қарайды. Көп нәрсені таныс шешеді


Сондай-ақ блог, сценарий, мақалалар жазамын. Екінші кітабымды жазудамын. Жақында гидтің лицензиясын алдым, кейде Дохада экскурсиялар өткіземін.

Мұндай қосымша табысты табу қиын емес. Бірақ тұрақты жұмыс іздеп жүрген достарым бар. Жергілікті компаниялар түйіндемені ұзақ қарайды. Көп нәрсені таныс шешеді. Барлық процесс тез өтетін орын — авиация. Мысалы, стюардессаларды табу үшін компания өкілдері әлемді аралайды. Алматы мен Нұр-Сұлтанда да іріктеу өтеді.

Alina(7).jpg

Жұмыс табу үшін тілдерді білу маңызды. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы жұмыс тәжірибесі маңызды. Мұнай компанияларында жұмыс табуға болды. SMM, маркетинг саласы қарқынды дамуда.

Қызықты ерекшелік — көптеген мемлекеттік мекемелер ауа-райына байланысты 07:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.


Көшу қалай әсер етті


Шетелдегі өмір қалыпты өмірінді өзгертуге үйретті. Мысалы, Стамбулда аяғым ауыр кезімде кино түсірдім. Испан тілінде білім алып, түрік тілінде фильм түсірдім. Шетелде мықтырақ бола бастайсың, барлығы мүмкін екенін түсінесің.

Сондай-ақ мен қызықты өмір тәжірибесін алып жүрмін. Журналист пен жазушы ретінде қызықты оқиғаларды жазу мүмкіндігім бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар