facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-zhas-zh-p-ke-sen-zh-ne-klientterd-zdest-rud-azhet-etpeyt-n-biznest-ash-andary-turaly
logo
Қалайша жас жұп кеңсені және клиенттерді іздестіруді қажет етпейтін бизнесті ашқандары туралы

12.09.2018

Қалайша жас жұп кеңсені және клиенттерді іздестіруді қажет етпейтін бизнесті ашқандары туралы

Қанат Нурқанов, 26 жаста, туған жері — Жетіқара, анимация, моушн-дизайн, мультипликация

Эльмира Нұрқанова, 27 жаста, туған жері — Хабаровск, Ресей, сценарийлікіс, маркетинг, арт-дирекция


GLITCH ANIMATION LAB

Негізіқаланғанкүні: тамыз, 2016 жыл

Бастапқы капитал: 0



Барлығы қалай басталғаны туралы



Қанат. Барлығы Астанаға келіп, өзімді сүйікті ісімде, яғни дизайнда байқап көруімнен басталды. Сұхбаттасуларға барып, үшеуіне қатыстым және үшеуінде де менің қабылдады. Оқыту орталығындағы бір сұхбатты өзімнің болашақ жұбайымнан өттім.

20180828-WED_2334.jpg

Сол кезде анимациямен айналыстым және мені сол іспен айналысуға бір компанияға қабылдады. Жұмысым алға басқан кезде мені басқа бір компанияға арт-директор қызметіне шақырып алды. Ол орында да анимацияны барлық жерде қолдандым. Анимацияға ғашық болдым және сол уақытта фрилансқа тапсырыс алдым.

Уақыт өтіп, өз ісімді ашуды шештім, бұл ойыммен Эльмирамен бөлістім. Ал ол маған сенетінін айтып, сценарий жазуды, кейін жұмыстың ұйымдастырушылық бөлігін өзіне алды.

Мен кез келген қазақ секілді кеңсені жалға алдым. 20 шаршы метр кеңсені жалдап, оған 60 000 теңге төледім. Бұл ең үлкен қателігім болды. Үйде жұмыс істей алып, клиенттер келмейтін адамдарға кеңсе ашпай, коворкингке барып, немесе үйде жұмыс істеуге кеңес беремін.

Мен кез келген қазақ секілді кеңсені жалға алдым


Кадрлар іздестіре бастадым, хат алмасу арқылы достасқан Павлодардағы адамға хабарластым. Ол маған тест тапсырмаларын беріп, келді, кейін жұмыс жасауды бастадық. Тағы бір адамды HeadHunter таптым. Осы адамдармен көп нәрседен өттік, бірақ нәтижесінде тарап кеттік.

Содан соң маған Ресейдегі балалар хабарласып, анимацияны онлайн оқытуға ұсыныс тастады. Бұған қатты сенген жоқпын, алайда бүгінгі күнде 5000 адамды шығардық. Үйрететін барлық адамдарымыздан үй тапсырмасын тексереміз, ал ең дарындыларын біздің жобаларға қатыстырамыз. Қазір штатта шамамен 10 адам, бірақ олардың барлығы Қазақстанда емес. Сондықтан біздің кеңсеміз жоқ.



Идея туралы



Қанат. Мен үшін анимация — бұл тіл, оқиғаларды айтуға көмектесетін аспап.

20180828-WED_2327.jpg

Эльмира. Анимация — бұл сиқырлық. Алдын ала дайындық менен басталады, сценарийлерді ойлап тауып, жазамын, ал кейін ойлап тапқан нәрселерімді іс жүзінде көргенде мен үшін ол сиқырлық секілді.

Студиямыздың идеясы — сүйікті ісіңді кешегі күнге қарағанда бүгін жақсырақ жасау.

Студиямыздың идеясы — сүйікті ісіңді кешегі күнге қарағанда бүгін жақсырақ жасау


Сондай-ақ, коммерциялық жобаларды коммерциялық емес жобаға айналдырамыз. Біздің анимация — жарнама аспабы, ол қызықты және сәнді көрініп, бірақ жарнама ретінде жұмыс істеуі үшін оны шығармашылыққа жақын етуге тырысамыз.



Анимациялық жобалар туралы



Қанат. Бастапқыда әдемі танымбелгілерді «клиент-кейске» салғымыз келді. Үлкен, танымал компаниялармен жұмыс істегіміз келді. Бірінші кезде қорғаныс Министрлігімен және футбол Федерациясымен жұмыс жасадық. Сол кезде біздің міндетіміз адамдарды стадионға тарту болды. Қолымыздан келді және стадионды толтырдық. Бұл біздің бірінші тапсырысымыз болғандығына қарамастан бізге жақсы ақша төледі.

20180828-WED_2383.jpg

Эльмира. Жүгеріні экспорттаумен айналысатын балаларға платформа жарнамасын жасағанымыз есіме түсті. Дәл осыдан кейін біз ресми түрде клиенттермен қашықтықта жұмыс істеуге көштік. Осы жобамен барлық шарттарды бұздық, кәдімгі жарнамалық жобаға көркем стильдегі суреттерді қостық. Біздің не қалайтынымызды түсініп, идеяларымызды қолдаған маркетологпен жұмыс істеп, жолымыз болды. Осылайша сценарий, сурет салуда, жұмыс нәтижесінде ешқандай ескертулер естіген жоқпыз.

Қанат. Соңғы кезеңдерді міндетіміз — клиент күткеннен шамалы жақсырақ жасау.



Қиындықтар туралы



Эльмира. Ең қиын кезең — бір клиентке мөлшерлеме жасадық, ол үшін бір ай бойы жұмыс істеп, қызметкерлерді жалдадық, ал ол төлегісі келмеді. Бұл күйзеліс кезеңі болды.

20180828-WED_2300.jpg

Қанат. Жұмыста жалақыны фирма мақсатымен бөгеттеген жағдайда екеуміз де болдық. Өзіміздің адамдарымызбен олай істегіміз келмеді, өйткені бізге ең маңызды нәрсе — адами қарым-қатынастар. Сол себепті бірінші кезекте жалақыны бердік, кеңсені төледік, ал өзімізге тек бірнеше шұжыққа ғана ақша қалатын.

Екінші қиындық — барлығы бақылаудан кетіп, түнде ұйықтай алмай, компьютер алдында кеңседе түнейтін кездер. Бұл денсаулыққа жаман әсерін тигізеді. Мүмкін бұл шыңдайтын шығар, бірақ ондай жағдайларды болдырмауға тырысамыз. Жұмыс күнімді демалуға уақыт болатындай реттеуге тырысамын.

Өз бизнесіңді ашқан кезде клиенттерді тауып, жарнама жасау қажет — бұл стандартты қиындықтар, бұл іске дұрыс тәсіл табумен шешіледі. Біз барлығы секілді менеджер жалдауды шештік, бірақ біз жақсы жалақыны ұсынсақ та, бізге ешкім келген жоқ. Адамдар анимацияны не үшін сататынын, не үшін қажет екенін түсінбейді. Сондықтан схеманы өзгерттік: енді біз клиенттерді іздемейміз, олар бізді өздері іздеді. Біздің міндетіміз — қажет жерде болу және егер адам біз жасайтын нәрсені іздесе, ол бізді таба алады. Бәрінен гөрі бізге сенбейтін адамдар келген жағдайлардан қорқамыз. Қазір бізге: «Мен сізді Google парақшасында таптым, сізді көп іздедім. Маған барлығы ұнады, жұмыс жасайықшы» — деп айтатын адамдар келеді. Бұл қуантарлық жайт, әсіресе адамдар біздің жұмыстарымызды мысал ретінде жіберіп, дәл солай жасауға сұрайтын кездер ұнайды.



Ортақ іс қалайша отбасыға ықпал ететіні туралы



Қанат. Әрқашан біргеміз: үйде, жұмыста, жаттығуда. Әрқашан бірге болудан жалықпаймыз, өйткені мақсаттарымыз бірдей және бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Басқа да қызығушылықтарымыз бар және уақыт өте келе басқа жобаларымыз пайда болатынын жоққа шығаруға болмайды.

20180828-WED_2363.jpg

Эльмира. Бірінші жылы ұрсатынбыз. Себебі бұрын бір-бірімізді тек адами, романтикалық қатынас жағынан білетінбіз, ал кейін кәсіби жақтан да таныдық. Жұп ретінде, іс бойынша серіктестер ретінде де бір-бірімізге үйрене бастадық. Қанат маған: «Қалайша үйде сүйкімді, ал жұмыста қатал болатыныңды түсінбеймін», — деп айтқан кез болды.

Әрқашан бірге болудан жалықпаймыз, өйткені мақсаттарымыз бірдей және бір-бірімізді жақсы түсінеміз


Қанат. Егер бір-біріміздің көзқарасымызды түсінбесек, оны жасырмаймыз. Дауласып, түсіндіреміз, менің ойымша, бұл жақсы. Түрлі жағдайлар болады, бірақ бірге жұмыс істеген ыңғайлы. Жанымыздағы адамдар біз нағыз команда екенімізді айтады.



Жоспарлар туралы



Эльмира. Менің жоспарымда тек анимациялық шеңберінде ғана даму емес, бірақ үйреніп қалдым. Сценарист ретінде өсіп, шығармашыл, көркемөнер роликтерді жасағым келеді.

Ал біздің студия үшін қашықтықта жұмыс істемей, бірге жиналып, әрқашан байланыста болып, бір-бірімізді шабыттандыратын үлкен топтың болғанын қалаймыз.

Қанат. Барлығын қалдырып, тек бақылаумен айналысқым келеді. Орындаушыларға мен секілді, менен артық жасай алатындай сенгім келеді. Менің мақсатым — жұмыс үрдістерін автоматтандырып, сапасын жақсарту.

Және әрине отбасыда бақытты болу. Бизнестік тексерістен өттік, бұл бізді жақындатты.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.