facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-shymkentten-amerika-a-k-sh-p-shveycariyada-kompaniya-ashu-a-bolatyny-turaly
logo
Қалайша шымкенттен Америкаға көшіп, Швейцарияда компания ашуға болатыны туралы

30.10.2018

Қалайша шымкенттен Америкаға көшіп, Швейцарияда компания ашуға болатыны туралы

Диора Сулейманова, 51 жаста, туған жері — Кентау, кәсіпкер, ментор

@diorasuleymanova



Өзі туралы



Үш континентте жұмыс тәжірибесі бар маманмын: Орталық Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. 2000 жылы өмірімді түбегейлі өзгертіп, АҚШ-қа көшуді шештім. Онда халықаралық логистика мен банк ісі саласындағы корпорацияларда қызмет еттім.

1472840_557212567699116_1495805600_n.jpg

2008 жылы Швейцариядағы Женева Халықаралық университетінің магистр бағдарламасына түстім. Университетті бітіргеннен кейін мен Билл Гейтстің «Ғаламдыққор» ұйымында кеңесші болып жұмыс істедім, онда сыртқы байланыстар бөлімінде халықаралық жобаларға жетекшілік еттім. Әлемнің 31 елінде жоба жүргіздім. Түрлі елдердің медиа-агенттіктерінің журналистерімен жұмыс істедім, Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда компаниямыздың он жылдығын ұйымдастыруға қатыстым.



Жұмыс пен стартаптар туралы



Шеберлік класстар, семинарлар, батыстың жетекші спикерлерінің эмоционалды интеллект, өзгерістерді басқару, шешендік өнер, ынталандыру, шабыт, жаһандық көшбасшылық мен жұмыс орнындағы бақыт тақырыптары бойынша презентациялар арқылы әлеуетті ашумен айналысатын Ikigai Leadership компаниясының негізін салушымын. MassChallenge батыс акселераторында тәлімгерлікпен айналысамын.

Цифрландыру заманында инвестиция көбінесе ғаламторлық заттарға, үлкен деректерге, блокчейнге, криптовалютаға жасалады


Әрбір ел ерекше. Олар экономикалық және саяси дамуларымен өзгешеленеді, сондай-ақ, кәсіпкерлік белсенділік индексінде де айырмашылықтар бар. Сол себепті АҚШ, Қазақстан, Швейцария секілді әртүрлі елдерде стартаптардың жалпы даму формуласы жоқ. Осындай елдердегі кәсіпкерлікті қолдау деңгейі де өзгеше.

ac7a7fbb74514798cc083610c4601e4e.jpg

Цифрландыру заманында инвестиция көбінесе ғаламторлық заттарға, үлкен деректерге, блокчейнге, криптовалютаға жасалады.



Шымкент пен өзгерістер туралы



Қазақстаннан кеткеніме 20 жылдай болды, алайда жыл сайын туыстарыма, жақындарыма келіп тұрамын.

Келген сайын Шымкенттің сырт келбеті қалай өзгергенін көріп отырамын, әсіресе оның сәулеті. Жібек жолының жүрегі болып саналған қала өзінің бірегейлігін сақтап, тарих пен заманауилықты үйлестіре білді. Шымкент мен үшін ас үйі бай, өз жерін мақтан тұтатын ашық адамдары бар ең қонақжай әрі меймандос қала болып қала береді.

Қала өзінің бірегейлігін сақтап, тарих пен заманауилықты үйлестіре білді


Осы уақыт ішінде Шымкенттегі бірнеше адам мен жоба өздеріне назар аудартты.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жайлы жақсы пікірлер естідім. Ол туралы жаңа жобаларға, әсіресе еуропалық жобаларға ашық адам ретінде айтады. «Көп өмір сүргеннен емес, көпті көргеннен сұра» — менің ойымша, оның тобы шетелде оқып, өмір сүрген адамдардан құралады, өйткені бұл тәжірибе әлемге, өз еліне, өмірге басқа көзқараспен қарауға көмектеседі және Қазақстанда жаңа даму тәсілдерін таратуға септігін тигізеді. Shymkent Bike әлеуметтік бастамасы — бұл қала өміріндегі тағы бір оң өзгерістер. Шымкент көліктердің көптігінен Қазақстандағы жоғары ластанған қалалардың үштігіне кіретіндіктен, бұл экологиялық көлік түрі қаладағы ауаның ластануын азайтады, жаһандық жылу үрдісін баяулатады және жол қозғалысын жеңілдетуге көмектеседі. Бұдан басқа, велосипедтің болуы көлікке қарағанда әлдеқайда арзанырақ шығады, физикалық белсенділікті арттырып, трафик проблемаларын ұмытуға көмектеседі.

12_July.jpg

Қалада әлі де талмай еңбек етуді қажет ететін мәселелер бар. Проблемалық факторлар: экология, коррупция, трайболизм және білім сапасы.



Жоспарлар туралы



Біз Шымкентте әлеуметтік-экологиялық ұйымды құруды жоспарлап отырмыз. Мен халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесемін. Менің ойымша, ұйымдастырушылық жақтан көмектесіп, Шымкент қаласындағы және жалпы облыстағы адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертетін бастамаларға қолдау көрсету қажет. Мұндай жобалар олардың ділін өзгертулері мүмкін екені маңызды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі