facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-pol-shada-y-uber-zh-mysynan-key-n-aza-standa-d-st-rl-nan-n-mder-naubayhanasyn-ashu-turaly
logo
Қалайша польшадағы Uber жұмысынан кейін қазақстанда дәстүрлі нан өнімдері наубайханасын ашу туралы
Өмір сүру стилі

29.08.2018

Қалайша польшадағы Uber жұмысынан кейін қазақстанда дәстүрлі нан өнімдері наубайханасын ашу туралы

Еламан Талғатұлы, 24 жаста, туған жері — Мерке, Eliks наубайханасының негізін салушы



Барлығы қалай басталғаны туралы



Астанадағы қазақ-түрік лицейінде оқыдым. Кейін Nazarbayev University оқуға түсіп, онда бес жыл бойы саясаттанушыға оқып шықтым. Диплом алғаннан кейін шетелде тәжірибе жинап алғым келді, ғаламторда көрген түрлі бос орындарға түйіндеме жібере бастадым. Түйіндемеме Польшаның Краков қаласындағы кеңсесінен Uber компаниясы жауап берді. Ол жерге мен қолдау қызметінің маманы болып жұмысқа орналастым. Краковта chimney cake көрдім.

photo5447156285800819200.jpg

Келісім-шарт бойынша онда бір жыл істедім. Келісім-шартты ұзартты, бірақ отбасылық жағдайларыма байланысты Астанаға қайтып келдім. Астанада алғашқы екі ай бойы PWC — Price water house Coopers компаниясында жұмыс істедім. Excel және математикамен жұмыс істеген ұнамады. Сондықтан ол жерден кетіп қалдым.

Сhimney cake Краковта жеп көрдім. Маған ұнады. Оларды сатқан павильонның жанында тұрдым. Күн сайын жұмысқа барар кезде сол жерден нан өнімдерін сатып алатынмын. Маған бұл ой қызық болып көрінді. Ешқашан балмұздақ пен тоқашты байланыстыруға болады деп ойламаппын. Ал дәмін көрген кезде бұның қызық екенін түсіндім.

photo5447156285800819190.jpg

Қазақстанда, Астанада неліктен бұған ұқсас нәрсе жоқ деп ойландым. Келген бетте екі-үш ай бойы chimney cake жайлы достарыма, Айнұр деген қызыма айтып отырдым. Бұл жай ғана идея болды. Менің қызыма бұл ой ұнап, ол мені қолдады. Ол: «Қолымнан келгенше көмектесемін. Бұны бірігіп жасаймыз», — деп айтты.

Осы сәттен ойымды іске асыра бастадық. Ашылуына дейін барлық үрдістерді бірге жасадық: мәзірді әзірледік, дизайн, жабдықтарды сатып алдық.

Бұл жобаны отбасылық деп айтуға болады. Жұмыстың басты дайындық бөлігін Айнұр екеуміз жасадық, ал қаржы жағынан отбасы көмектесті. Тіпті қазір павильонда өзім жұмыс істеймін, кешке Айнұр шығады және менің туған әпкем де осында жұмыс істейді.

Жалпы, идеяны талқылаған күннен бастап ашылу сәтіне дейін төрт ай өтті


Ең алдымен идеяны ұсынып, оны әпкеммен талқыладық. Ол көмектесуге келісіп, қаржы енгізді.

photo5447156285800819196.jpg

Қолыма ақша түскен кезде мамандандырылған тұмпапештермен айналысатын компаниядағы полякқа жүгіндім. Бір апта ішінде тұмпапеш Алматыға жетті.



Қиындықтар туралы



Үй ішінде біреуіміз бизнеспен айналысқанын бұрыннан қалады. Менің нан өнімдерін әзірлеуді таңдағаныма ата-анам: «Қаласаң, істе», — деп айтты. Тек идеяңды айтқан кезде адам оны толыққанды қабылдамайды. Ал тұмпапешке тапсырыс жасаған сәттен бастап, көзқарас өзгерді — ата-анам chimney cake жайлы көбірек сұрастырып, қандай түрлері бар екенін көре бастады. Бастапқы кезде барлығында қорқыныш болды, менде де. Маған егер бұл шынымен жақсы идея болса, неге бұнымен бұрын ешкім айналыспады деп көрінді. Мүмкін біреу мұнымен айналысып, барлығын есептеп, бұны пайдасыз тапты деген ойлар келе бастады.

Бұл аймаққа туристер, басқа қалалардан келген адамдар келіп тұрады. Олар жаңа нәрсе көргісі келеді, бірақ кофе 600, ал балмұздақ 800 теңге тұратынын көріп, «Неліктен мұндай бағалар?» деп есеңгіреп қалады. Айтпақшы, Еуропада, мен татып көрген жерлерде, Венгрияда, Польшада осындай chimney cake шамамен 2000 теңге тұрады.

photo5447156285800819188.jpg

Сондай-ақ, біздің кофеге маманданғанымызды аз адам біледі. Біз сапалы өніп жасап, сатқымыз келеді. Алайда, мұнда да бағаға қатысты сатып алушылар тарапынан түсінбеушілікке тап боламыз.



Сhimney cake — нан өнімдері туралы



Польшада chimney cake дәл Венгрия пен Чехияда секілді аса танымал емес. Онда олар бүкіл жерде сатылады. Венгрияда ол «картошкалач», ал Чехияда «трдельник» деп аталады. Сонымен қатар, барлық жерде әртүрлі дайындайтынын байқадым — дәмі, тіпті қамыры да ерекшеленеді. Меніңше, ең жақсы трдельник Краковта дайындалады. Дегенмен, ол Литва және Латвияда да бар.

Қызықты дерек, егер чех пен венгрден трдельниктің қайда дайындалғанын сұраса, олар шексіз дауласа береді. Олар үшін «Трдельник қайда пайда болды?» — ұлттық деңгейде тұрған өткір сұрақ.

photo5447156285800819192.jpg

Біз барлығын павильонда дайындаймыз.

Бізде арнайы қамыр илегіш бар. Таңнан бастап қамырды Еуропадан алынған арнайы рецепт бойынша дайындаймыз. Сhimney cake екі түрі бар: пішіні цилиндр секілді классикалық және конус пішінді, оны біз кейіннен енгіздік, олар көбінесе балмұздақ жасауға келеді.

Жалпы, егер адам келіп, осындай нан өніміне тапсырыс берсе, оның дайындалуына 10-15 минут жұмсалады.

photo5447156285800819194.jpg

Тәтті трдельниктер үгілмелі-ашытылған қамырдан дайындалады, ал тұздыларын қабаттама қамырдан жасағымыз келеді. Егер мәзірде көрсеңіз, тұзды chimney ішінде ірімшік пен салат болады, бірақ оны өзгертудеміз. Мен естіген ең көп қойылатын сұрақтардың бірі бізде донер бар ма. Адамдар ет жегілері келеді, сондықтан оны да енгіземіз. Біз chimney dog жасайтын боламыз.



Қонақтар туралы



Бізде шетелдік қонақтарымыз болды. Олар Шығыс Еуропадан емес, бірақ сhimney cake Венгрияда татып көрген және оны осында көре алатындарын елестете алмаған. Тағы Чехияда оқитын балалар да болды. Олар бағасына таңғалығып, оның Астанада болуы керемет екенін айтты. Сатып алушыларға біздің ұсынып жатқан өнімдеріміз ұнайды. Сондай-ақ, оларды бізде адалдық картасының болуы қызықтырады. Сhimney cake сатып алған адамға карта беріледі: «Алтауын сатып алсаңыз — жетіншісі сыйлыққа». Біз жақында ашылдық, ал бізде карталарын толтырған сатып алушыларымыз бар.

photo5447156285800819195.jpg

Негізгі халық демалыста келеді. Ашылуға екі күн қалғанда астаналық парақшалардың біріне жарнама жібердік. Бірден жазылушыларымыз көбейіп, адамдар ашылуы қашан болатыны жайлы сұрап, қызығушылықтарын білдіре бастады. Біз жайлы қалай білгендерін әрқашан сұрап отырамыз, көбінесе Instagram арқылы білгендерін айтады. Кейде таныстары кеңес білдіргендерін айтады. Ал өтіп бара жатқан адамдар — сирек келетін қонақтар.



Жоспарлар туралы



Өзімізді трдельник-дәмханасы ретінде емес, ерекше нан өнімдерін жасайтын наубайхана ретінде белгілейміз. Ассортиментімізді жаңа әрі ерекше өнімдермен толтырғымыз келеді. Трдельниктен бастадық, бірақ идеялар көп. Мәселен, жақында мексикандық тәтті өнімдерді — чурросты енгізуді жоспарлап отырмыз.

Біздің павильон — бастапқы нүкте. Өзімізді сауда орталығында көреміз. Осы жылдың соңына қарай «Хан Шатырға» көшкіміз келеді. Сауда орталығына күн сайын көптеген жаңа адамдар келеді. Тезірек адамдарға жаңа өнімді көрсетіп, жаңа нәрсемен таныстырғымыз қалаймыз.

Болашақ жоспарларымыз туралы айтатын болсақ, онда Алматыда да өз нүктемізді ашқымыз келеді. Ол жерде трдельниктерге ұқсас өнімдерді дайындайтын бір кофехана бар, бірақ кәдімгі пеште. Олар шын мәніндегідей емес. Олар жай ғана кәдімгі тұмпапеште пішінін жасайды деп айтуға болады, ал ол бір уақытта қыздыра алмайды — бұл дұрыс емес. Егер осы жағынан қарасақ, онда Eliks — трдельниктердің ең бірінші наубайханасы.

Eliks — трдельниктердің ең бірінші наубайханасы


Суреттер: Алмас Джаксылыков

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.