Нұртөре Абдыкалык — TikTok-та әрдайым тренде болатын жас автор. Ол бізбен бірге қазақ тілге байланысты тренд туралы ойын білдірді.
Нұртөре Абдыкалык, Алматы қаласы, TikTok-автор, @nurtore3
Өзі туралы
Мен Қызылорда қаласында тумасымын. Қазір Алматыда тұрамын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша білім алдым. Қазір TikTok профилімді дамытып жүрмін. Түрлі мекемелерге және қызықты орындарға шолу жасап, видео түсіремін. Кейде мен travel-видеолар саламын.
Маңсабы мен шабыты туралы
Университеттің соңғы курсында оқып жүрген кезімде TikTok-тағы каналымды жүргізе бастадым. Ол 2020 жыл болды. Алғашқы видеоларымды көп қаралғанымен, жазылушыларым аз болды. Мен бір нәрсені өзгерту керек деп шештім де, дауысымды қосып, бірнеше видео түсірдім. Адамдарға мұның ұнағаны сондай, мен сол бағытта жалғастыруды жөн көрдім.
Қазақ тіліндегі контент туралы
Мені қазақтілді адамдар қарайды, себебі менің видеоларымның барлығы қазақ тілінде. Ана тілімде таза сөйлеймін, видеоны да қазақша түсіру ыңғайлы. Оған қоса, орыс тілінде ұқсас контенттер көп.
Қазақ тіліндегі контент жүргізу арқылы басқаларға да үлгі боламын деген үміттемін
Түрлі контент түсіруге тырысамын. Мен адамдарға көмектескенді ұнатамын, мысалы, олар мерекелерін жоспарлағанда.
Қазақ тіліндегі контент жүргізу арқылы басқаларға да үлгі боламын деген үміттемін. Дәл сол бізге қарап қазақ тілі арқылы TikTok-та қалай танымал болу алатынын біле алады. Барынша сауатты контент жасауға тырысамын.
Ақыл-кеңес
TikTok-та даму үшін тұрақты видео салыңыз және жұмысыңызға жауапкершілікпен қараңыз.