facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/b76/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/b76c618fbefcbdfcda3901c05910e6f0.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
alay-tynymsyz-e-bek-tailand-a-k-sh-p-tabysty-mansap-ru-a-k-mektest
logo
Қалай тынымсыз еңбек Таиландқа көшіп, табысты мансап құруға көмектесті

27.12.2019

Қалай тынымсыз еңбек Таиландқа көшіп, табысты мансап құруға көмектесті

Анара Мусина, 32 жаста, туған жері — Ақтөбе, туристік компанияда менеджер, @a_mussina

Таиланд.jpg


Қазақстан — Таиланд


Мен Алматыда «туризм және қонақ үй бизнесі»мамандығы бойынша Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетін бітірдім. Университетті тәмәмдаған соң туристік бизнесте мансап құра бастадым. Табысты жұмыс істеп, 2013 жылы мені алматылық бөлімнен Астанаға ауыстырды.

Елордада мені шетелдік серіктестер байқап, Таиландқа жұмыс істеуге шақырды. Бағымды сынап көрейін деп шештім. Маған ол ел, оның жергілікті ауа-райы ұнайтын. Қысқы демалыста ол жаққа жиі баратынмын. Ол жерге жұмысым сәтті болмаса, қашан да үйіме қайтып келе аламын деген оймен кеттім.

Бангкок.jpg

2014 жылы мен Бангкок қаласына көшіп келдім. Бес жылдан астам осында тұрамын.


Қиыншылықтар мен алғашқы әсері жайлы


Менде тілдік барьер болды. Ағылшын тілін білетінмін, бірақ сөйлеу тәжірибесі аз болды. Сондықтан алғашқы айда басқа адамдармен сөйлесу қорқыныш тудырды. Әр халықтың ағылшын тілінде сөйлегенде акценті әртүрлі. Тайландтықтардың, индустардың және басқа ұлт өкілдерінің ағылшын тілін түсіну қиын болды. Бүгінгі күні оларды оңай түсінемін.

Басқа менталитетті көру үйреншікті емес еді. Мен шетелдіктермен жұмыс істеймін, және олардың кей іс-әрекеттері маған біртүрлі көрінетін. Бірақ басқа елдердің мәдениетін зерттей келе, оларға тез үйреніп кеттім.


Таиландтағы өмір туралы


Басты ерекшелік — жұмыс пен өмірдің қарқыны. Қазақстанда адамдар жұмысқа қатысты сұрақтарды тезірек шешеді. Ал бұл жердегі адамдардың өмір қарқыны баяу. Ауа-райы ыстық болғандықтан ешкім асықпайды.

Басты ерекшелік — жұмыс пен өмірдің қарқыны


Қазақстанда өзімді ашық және көпшіл деп ойлайтынмын. Бірақ Таиландта біз шетелдіктерге қарағанда жабықтау екенімізді түсіндім. Менің компаниямда әртүрлі елден келген адамдар істейді. Олардың мейірімділігі мен көпшілдігі таңқалдырған. Олар әрдайым күлімдеп жүреді, көмек қолын созуға әзір.

Бұрын Таиландта болғанмын, оның сәулеті мен табиғаты маған таныс еді. Бірақ, бұл ел таңқалдыруды қоймайды. Маған бұл жерде тұрған ұнайды.


Жұмыс жайлы


2014 жылы мен таиландтық компанияға жұмысқа тұрып, онда екі жыл істедім. 2017 жылы швейцариялық компанияға көштім. Оның құрылғанына 62 жыл болды, Оңтүстік-Шығыс Азияда 13 бөлімшесі бар. Біз luxury-туризммен айналысамыз.

Мен турларды ұйымдастырушымын. Менің бағыттарым — ТМД елдері, Шығыс Еуропа, Индия. Сондай-ақ Қазақстанға жылына бір рет келемін.

Туризм в Таиланде.jpg

Маған бұл жұмыс ұнайды, ол қызықты. Әр күн сайын жаңа адамдармен танысып, жаңа нәрселер үйренемін. Бұл бір орында тұрып қалмай, дамуыма көмектеседі. Сонымен қатар жұмыстың арқасында көп саяхаттаймын.

Әр күн сайын жаңа адамдармен танысып, жаңа нәрселер үйренемін


Жұмыстағы басты ерекшелік — басшыңмен еркін қарым-қатынас. Мұнда мерекелер жиі болып тұрады. Ол жерде жоғары шенді адамдарды кездестіруге болады.

Менің басшыларым — швейцариялықтар. Олар қатаң тәртіпті жақсы көреді. Бұл жұмыстың арқасында өзімді ұқыптылыққа үйреттім.

туристичекие фирмы Таиланда.jpg

Әріптестеріме Қазақстан туралы жиі айтамын. Көбісі біздің елді «Борат» фильмімен байланыстырады. Мен бұл ойды өзгертуге тырысып жүрмін. Менің кеңесіммен бірнеше әріптестерім Қазақстанға барып, жақсы әсерде қалды. Кейбіреулері менің Қазақстаннан Таиландқа көшкеніме таңқалады. Туған елім жайлы жақсы пікірлер қалыптасып жатқанына қуанамын.


Көшу қалай әсер етті


Мен жауапкершілікке, көпшіл, ашық болуға үйрендім. Мақсатыма қорықпай жетемін.

Бұрын бір істі бастарда қорқыныш болатын, қазір оңдай жоқ. Бір нәрсеге қол жеткізгің келсе, іс-әрекет жасау керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы