Біз жайлы
Ғалым. Ғалияны алғаш рет 1998 жылы КИМЭП-те көрдім. Алғаш көргеннен ғашық болдым, бірақ тек желтоқсан айында жақындадым.
Ғалия. Ғалым университеттің фан-клубына Жаңа Жылды қарсы алу үшін келді. Сол түні ол мені үйге шығарып салғанда, тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірді. Біз тіпті 1 қаңтар күні жабық болған АХАЖ бөлімінің ғимаратына дейін жеттік. Бірақ Ғалым сол күннен бастап мен оның қалындығы екенім туралы айтты.
Ғалым. Мен өз бақытымды өткізіп алудан қорықтым, сондықтан бірден ұсыныс жасадым. Сол уақыттан бері біз біргеміз.
Ғалия. Біз тоғыз ай жүріп, қазан айында үйлендік.
Ата-аналарымызбен тойдан бірнеше апта алдында құдалықтың үстінде танысты. Біз бірден бір-бірімізге ұнадық.
Ғалым. Ғалияның ағаларымен танысу қызық болды, десе де болашақ қайын ағалармен танысудан қорқатынмын.
Шымкент жайлы
Ғалым. 2006 жылы біз кәсібіме байланысты Шымкентке көштік. Бұл жерде компанияның бас кеңсесі орналасқан. Сол уақыттан бері бұл қала да Талдықорған мен Алматы сияқты жақын болып кетті.
Ғалия. Алғашында Шымкентке көшу мен үшін қорқынышты болды. Біз мұнда көп тұрамыз деп жоспарлаған жоқпыз. Бірақ уақыт өте Шымкентке бауыр басып қалдық.
Ғалым. Шымкенттік ауа-райы мен үшін ең қолайлы. Ол менің қалаға деген көзқарасымды өзгертті. Бұл жердегі өмір тыныш, отбасына да, өзіңе де көңіл бөле аласын.
Шымкенттің ең басты ерекшелігі мен құндылығы — адамдары. Олар мейірімді, қонақжай, мұнда салт-дәстүрлердің барлығын ұстанады. Сондай-ақ тағамдары өте дәмді.
Отбасым жайлы
Ғалия. Біз — классикалық отбасымыз. Әкеміз — табысты кәсіпкер, ал анамыз — үйде. Бір жылдары карьера туралы ойлағанмын, бірақ бала санының көбеюіне байланысты үйде де табысты бола алатынымды түсіндім.
Біздің отбасында жеті бала. Олар барлығы әртүрлі. Біреуге көп көңіл бөлу керек, біреу тыныштықты қалайды, ал тағы біреуі әкесінің қас-қабағына қарайды.
Үлкен қызым Камила қалғандарына үлгі. Кішілер оның әдемілігі мен ақылына сай адам жоқ екенін біледі. Ол мектепті Канадада бітірді. Қазір Берлинде екінші курста оқиды. Осындай жауапкершілікті атқара отырып, ол біз үшін әрдайым кішкентай болып қала береді.
Он бес жастағы ұлым Жәңгір — көңілді, еш мойымайды, дзюдодан чемпион.
Зере қызым 11 жаста. Ол шығармашылықтың адамы, фортепианода ойнайды. Тоғыз жастағы Дамели — көркем гимнастиканың фанаты, жаттығу залында барлық уақытын өткізуге дайын.
Жеті жастағы Таніржан — футболдың генийі. Ол барлық жерде көшбасшы болуым керек деп санайды. Бірдене дұрыс болмай жатса қатты алаңдайды.
Дармен бес жаста. Ол барлығы үшін жұмсақ ойыншық секілді.
Кіші ұлым Бату әлі талантын білдіре қойған жоқ.
Ғалым. Жеті адамға өмір сыйлау — үлкен аналық ерлік. Мен мұндай адамды кездестіргенім үшін бақыттымын.
Ғалия. Тұңғышымыз дүниеге келгенде бала күтімінде тәжірибеміздің жоқтығына көзім жетті. Күшіміз жетпейтін. Жауаптарды түрлі кітаптардан, ата-аналарымыздан сұрайтынбыз. Бала дұрыс, әрі әдемі өссе деген қалауымыз болған. Кейінгі балалармен педагогиканың күнделікті балаға деген көңілінен өсетінін түсіне бастадық. Бастысы сен өз орнында екенінді түсініп, әлемді балаларынмен бірге ашу.
Ғалым. Біз бір-бірімізге көп көңіл бөлеміз, барлығын бірге жасаймыз. Балаларды үй шаруасына үйретеміз. Барлық міндеттер иерархиялық тұрғыда бөлінген. Үлкендер кішілерге тұрмыста көмектеседі, білмейтіндерін үйретеді. Үйден шығарда үлкендер балаларды киіндіруде, киімдерін жинауда, көлікке отырғызуда көмектеседі. Жылдар бойы бұл үрдіс келе жатыр. Мұндай тәртіпсіз барлығынмен үлгеру мүмкін емес.
Ғалия. Балалардың жұмыс күндері белгілі режимде өтеді: мектеп, үйірмелер, спорттық жаттығулар. Демалыс күндері — отбасылық демалыстың уақыты. Бірге түстенеміз, мейрамханаларға барамыз, кино, балалар аттракциондарына, табиғатқа барамыз. Үлкендер сабақтан тыс уақыттарында кішілермен бірге өткізеді, бірге ойнайды, тәттілер пісіреді, одан кейін кино көреді.
Ғалым. Соңғы жылдары мен жұмыстан қолым босады, сондықтан отбасыммен бірге көп уақыт өткіземін. Тұрмыста көмектесемін, таңғы ас дайындаймын, тамақ аламын. Ең сүйікті ісім — кешке үш кіші ұлды шомылдырып, екі жастағы сәбиді ұйықтатуым. Үлкен балаларға мен қазақша, әскери әндер айтатынмын. Кіші балам тек классикалық әуенге ұйықтайды.
Балалар ұйықтағаннан кейін, түнге жақын жолдасым екеуіміз шәй ішеміз. Өткен күнді қорытындылаймыз, балалардың қызық оқиғаларын әңгіме етеміз.
Ғалия. Балалар қатал тәртіпте өсіп жатыр. Әрқайсысы өз жауапкершілігін біледі. Біз оларға сабақтары, үйірмелері, бос уақыттары, достары бойынша бостандық береміз. Өз ойымызбен жүктемейміз, бірақ әрқашан оларға көмектесуге дайынбыз. Үлкендер өз дамуында бізден тәуелсіз.
Ғалым. Біз үшін көпбалалы болу мақсат емес еді. Барлығы үстінен келді. Мен алты рет босану процесіне қатыстым. Және үлкен қызымның туғанын көрмегенім үшін өкінемін.
Көпбалалы болудың кереметтілігі біз әртүрлі жастағы адамдармен қарым-қатынастамыз. Осының арқасында отбасымыздың маңыздылығын түсінеміз.
Бүгінгі күні ішкі дүниеміздің жағдайы
Ғалия. Үлкен отбасы әр күніне қуануға, қиындықтарға күлімдеп қарауға, барлығы уақытша екеніне сенуге мүмкіндік береді.
Ғалым. Мен әрқашан күресуге дайынмын. Түрлі қиындықтарды жеңуді жақсы көремін.