Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/4bc/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/4bc70309b7b2e808c40d9bebba919fbe.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Қалай Нұр-Сұлтанда отбасылық кәсіп ашып, оны бір жыл ішінде танымал жасау
2594

Аблай Газизов, 28 жаста, қала — Нұр-Сұлтан, Baker Street кондитерге арналған дүкеннің негізін қалаушылардың бірі, @baker.street.mart

Гүлхан Сейтикова, 24 жаста, қала — Нұр-Сұлтан, Baker Street кондитерге арналған дүкеннің негізін қалаушылардың бірі.

28.04.2020

Қалай Нұр-Сұлтанда отбасылық кәсіп ашып, оны бір жыл ішінде танымал жасау


Бәрі қалай басталды


abylai_gulhan(1).jpeg

Гүлхан. Біз дүкен ашамыз деп жоспарлаған жоқпыз. Мен ағылшын тілінің мұғалімі болып жұмыс істедім және болашақта білімге бағытталған жоба, мектеп ашқым келетін. Аблай да бұл ойымды қолдайтын. Бірақ маған жоспардан тыс демалысқа кету керек болды. Сол уақытта мен кондитерлік өнермен айналыса бастадым. Тәттілер пісіріп, ол менің хоббиім екенін түсіндім. Уақыт өте біз дайын бизнесті — кондитерлерге арналған дүкенді тауып алып, оны сатып алуға шешім қабылдадық.

Аблай. Біздің нақты бизнес-жоспарымыз болған жоқ. Біз түрлі бизнестерді қарап, білім беру саласы тым көп көңілді қажет ететінін түсініп, дағдарысқа қарсы тұра алатын кәсіппен айналысуға бел будық.

Бізді дайын, жұмыс істеп тұрған бизнестер қызықтырды, себебі жұмыс процессін тездеткіміз келді. Менің кәсіп саласында тәжірибем болды. Біз достарымызбен Amigo Pizza пицца жеткізу сервисін ашқан болатынбыз. Сол тәжірибеме сүйендім. Алғашқы жылы клиенттік базаны жинау және жобаны табысқа әкелетін жолға түсіру қиын екенін білдім.

Біздің нақты бизнес-жоспарымыз болған жоқ

Жолдасымның хоббиі пайда болды, тіпті жақындарымыз осы салада дамығандарын жақсы болар еді деген пікірлер айтты. Біз өзіміз арнайы дүкендерге баратынбыз. Және маған кәсіпкер ретінде ондай дүкендерді ұстау табысты деген ой келетін. Орташа чек жоғары, клиенттер — жақсы энергиясы бар шығармашыл адамдар. Маған осы ойдың атмосферасы ұнады, жолдасым ойымды қолдады.

Біз жүйеге қойылмаған бизнесті сатып алдық. Ол жұмыс істеп тұрмаған, қожайыны дүкенді жауып тастаған. Тауарлар базасы болды. Бұл арнайы дүкен болғандықтан өзінің ерекшелігі болды. Бренд қалыптастыру бойынша жұмысты басынан бастадық, ал оған дейін болған база жұмысты тездетуге көмектесті.

abylai_gulhan(2).jpeg

Гүлхан. Наурызда Baker Street дүкеніне бір жыл толды. Біз мерекені клиенттеріміз бен бірге атап өттік.

Baker Street — бұл кондитерге арналған дүкен. Біз шикізат: майлылығы әртүрлі кілегей, ірімшіктің барлық түрлері, жидектер, бояу-пасталары, глазурь, мастика және т. б. керекті заттарды сатамыз. Бізде кез келген десерт пен торт дайындау үшін қажетті ингредиенттер бар, ол мейлі «Молочная девочка» немесе «Вупи пай» болсын. Сондай-ақ аспаптар, түрлі пішіндер, металл, силикон. Бізде пергамент, қораптар — клиент тортты дайындауға, оны безендіруге, жинауға, буып-түюге және өз клиентіңізге беруге болатын барлық буып-түю өнімдері бар.

Аблай. Бізге шығармашылық қызығушылығы бар 11-13 жастағы балалар да, немерелеріне бірдеңе дайындағысы келетін қарт адамдар да келеді. Кейбіреулер тапсырыс үшін торттар жасайды, басқалары өздері үшін. Бұл тек әйелдер ғана емес, ерлер де.


Біздің қағидалар мен дәстүрлер


Аблай. Біздің қағида: «Әр клиентке махаббатпен».

Біз үшін бірінші орында клиенттерге деген адалдық тұрады. Олардың пікірін тыңдап, кері байланыс аламыз, пікірлерді өңдейміз және міндетті түрде түзетеміз. Клиент дүкенге келгенде, біз жайлылық атмосферасын құруға тырысамыз. Біздің сатып алушыларымыз әрқашан бізден кеңес ала алады. Сондықтан көптеген адамдар дүкенде уақытын сағаттап өткізеді. Олар әңгімелеседі, кеңес береді, неге бірдеңе шықпағанын талқылайды. Клиенттер тек сатып алу үшін ғана емес, эмоциялар, қарым-қатынас үшін де келеді.

Біз үшін бірінші орында клиенттерге деген адалдық тұрады

Instagram-ғы дүкеннің парақшасындағы контентті Гүлхан торттар, десерттер рецептерімен толтырады. Бұл маңызды және аудиторияны тартады.

Жұбайым әлі де пісіреді, кейде тапсырысқа жасайды. Ол сататын тауарының сапасын біледі, сараптамалық пікірі бар және өз білімі мен тәжірибесін қызметкерлерге беруге тырысады.

Baker Street хобби ретінде басталды. Бірақ біздің бизнеске деген нақты қадамдарымыз бар.

abylai_gulhan(4).jpeg


Біздің жұмыс күндеріміз


Гүлхан. Кәсіп пен отбасыны ажыратуға тырысамыз. Үйде болғанның бәрі үйде қалады, жұмыстың шаруасы да солай. Сирек ренжісеміз, егер келіспеушіліктер кездессе оны шешеміз.

abylai_gulhan(5).jpeg

Аблай. Бизнес үшін келіспеушіліктеріміздің болғаны есімізде жоқ. Бір-бірімізге құлақ асамыз. Әрқайсымыздың өз міндеттеріміз бар. Мен қаржылық жағдайға, ал Гүлхан шығармашылық бағытқа жауап береді.

Кәсіп пен отбасыны ажыратуға тырысамыз

Baker Street бойынша жұмысты бастаған кезде бізге менің анам көмектесті. Біз барлығымыз бұл іске кірістік. Бүгінгі күні операциялық салада менің қатысымның керегі жоқ. Гүлхан екеуіміз Baker Street-ті бірге жүргізсек те біздің уақыт өткізуіміз әртүрлі. Ол дүкенде көп болады, ал мен уақытымның көп бөлігін Amigo Pizza-ға арнаймын.


Біздің тәжірибе


Гүлхан. Бірігіп жұмыс істеу бізді одан сайын жақындастырды. Біздің ортақ тақырыптарымыз көбейді.

Аблай. Гүлхан екеуіміз әлі үйленбей тұрғанда мен кәсіппен айналысып жүрдім. Менің жобаға деген көзқарасымды қарап, ол да өзінің жеке кәсібі болғанын қалады.

abylai_gulhan(6).jpeg

Кәсіптің бастауы — әрдайым қиындықтар, кедергілер. Осының бәрінен бірге өткеннен қарым-қатынас мықтырақ бола бастайды.

Бірігіп жұмыс істеу бізді одан сайын жақындастырды

Гүлхан. Отбасылық кәсіптің көптеген жақсы жақтары бар. Басты нәрсе — жақындарынның, күйеуіннің қолдауы. Егер ол болмаса, бұл жобаны бастамас едім.

Жоспарымызда Астанада тағы бірнеше дүкен ашу. Сондай-ақ күнде тауар ассортиментін көбейту бойынш жұмыстар жүргіземіз.

Аблай. Қолжетімді интернет-дүкен ашу жоспарымызда бар. Кез келген дағдарысқа тұра алатындай болу керек. Жолдасымның болашақта шеберлік-сағаттар өткізу жоспарында бар.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу