Ғани Тулепбергенов, 33 жаста, қала — Алматы, рентгенхирург-аритмолог дәрігері

Университетті таңдау жайлы
Мен Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетін 10 жыл бұрын тәмәмдадым. Бұл оқу орнын үлкен тарихы, жақсы рейтингі болғандықтан таңдадым. Асфендияров университеті бұрын да, қазір де еліміздегі ең үздік медициналық оқу орны болып саналады.
Оқу ерекшеліктері және атмосферасы жайлы
Сапалы білім береді. Кез-келгген басқа медициналық университеттегідей оқу қиын, көп тапсырма береді. Күнделікті тағылымдама, кезекшілік, кітапханада зуылдап өтіп жатқан күндер, ондаған кітап — сенің барлық уақытын сабақта, қалғанына уақыт жоқ.
Университет атмосферасы ерекше. Студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Әрқашан кафедраға, деканатқа көмекке жүгінуге болады.
Студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас жақсы
Оқытушылардың мейірімі мен қамқорлығын көріп, сондай қарым-қатынасты науқастарға да көрсетеді. Дәрігер мейірімді және білімді болу керек деген түсінік қалыптасады. Біздің университетте оқитын студенттер бір-бірін бағалайды.
Не алдық
Университет үлкен білім берді. Ол негіз ретінде кез-келген түлекке жұмыс барысында көмектеседі. Болашақтағы мансабын университеттен алған білімін мен іскерлікке тікелей байланысты.
ҚазҰМУ түлегі деген кім
Біздің түлектер сауатты, адал, жауапты және креативті.
Бірнеше жыл өтсе де әлі де группаластарыммен араласамыз. Тек мереке күндері ғана емес, жұмыс барысында араалсамыз, бір-бірімізден көмек сұраймыз. Барлығымыз әріптес болдық, адам өмірін жақсарту жолында еңбек етеміз.
Жұмыс жайлы
Мен Алматы қалалық кардиоорталықта аритмолог-дәрігер болып жұмыс істеймін. Аритмология — жүрек ырғағының бұзылуы, кардиостимуляторларды, дефибрилляторларды имплантациялау мәселелерімен айналысатын кардиологияның бір бөлігі.
Жәнібек Алимбаев, 33 жаста, қала — Алматы, нейрохирург-дәрігер

Университет таңдау жайлы
Мен Қазақ Ұлттық медицина университетін 2010 жылы «педиатрия» мамандығы бойынша бітірдім.
Біздің оқу орны 1931 жылы құрылды — бұл тарих пен дәстүрге бай, халыққа риясыз қызмет ету идеясы бар еліміздің көне университеті. Алматыда туып өстім, сондықтан оқуға қайда баратыным айқын болды.
Оқу ерекшеліктері мен атмосферасы жайлы
Оқытушылар принципті, талапшыл, нағыз кәсіби педагогтар болды. Бізде жақсы анатомиялық мұражай болды, онда барлық студенттер адам анатомиясын зерттеді.
Көптеген студенттер сияқты, мен де жұмыс істедім, себебі шәкіртақы жетіспеді. Ауруханада жиі кезекшілікте болдым, операцияларға көмектестім, ал таңертең дәрістерге жүгіріп, сабақ арасындағы үзілістерде ұйықтадым. Менде студент-дәрігердің әдеттегі өмірі болды.
Университетте атмосферасы ерекше болды: бірлік рухын, үлкен отбасына тиесілі екенін сезініп жүресің
Университетте атмосферасы ерекше болды: бірлік рухын, үлкен отбасына тиесілі екенін сезініп жүресің. Оқу орнында кешке дейін жиі жүретінбіз. Сабақ кестесі ауыр болды. Бұл дұрыс деп санаймын, себебі медицинадағы кездейсоқ адамдар болмауы керек, дәрігер-студенттерге қойылатын талаптар жоғары.
Не алдық
Мен одан әрі кәсіби өсу үшін жақсы база берген мұғалімдерге алғысымды білдіремін. Клиникалық ойлауды үйрену — өте маңызды. Көптеген достар, таныстар таптым. Ең бастысы, бізге Гиппократ айтқандай, маңызды қағидатты дарытты — зиян тигізбеуді үйретті.
ҚазҰМУ түлегі деген кім
Бізді өз университеті үшін, оның тарихы үшін, осындай оқу орнына қатысы бар болғаны үшін мақтаныш сезімі ерекшелендіреді.
Біздің түлектеріміздің басым бөлігі мамандық бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істейді. Олар өз ісінің шеберлері. Уақыт өте келе біз кездесеміз. Бірақ отбасы пайда болғанда сирек көрісе бастадық. Кездесулерде оқу, жаттығу, ұйқысыз түн және студенттік бақытты күндерді еске аламыз.
Жұмыс жайлы
Мен Алматы қаласы және № 4 Қалалық клиникалық ауруханасында онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеймін. Жұлын нейрохирургиясына баса назар аудара отырып, нейрохирургиялық науқастарды хирургиялық емдеумен айналысамын.
Зарина Бегешева, 31 жаста, қала — Гетеборг, дәрігер, @freakyz

Университет таңдау жайлы
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 2012 жылы бітірдім. Бұл университетті рейтинг бойынша таңдадым, Қазақстанда ол ең үздік болды. Тағы бір себеп — Шымкент пен Алматының аумақтық және климат жағынан жақын болғаны.
Оқу ерекшеліктері мен атмосферасы жайлы
Барлық медициналық университеттердің жалпы ерекшелігі — есте сақтау қажет ақпараттың үлкен көлемі. Дәрігер-студенттер әрдайым көп оқиды, тапсырмалары көп, ал оқытушылары қатал. Университет дәліздерінде сабақ арасындағы үзілістерде тыныш болатын, өйткені барлығы сабақ оқиды.
Университет дәліздерінде сабақ арасындағы үзілістерде тыныш болатын, өйткені барлығы сабақ оқиды
Асфендияров университетінің атмосферасы ұзақ уақыт оқудан кейін өзгерді. 2006 жылы оқуды бастағанда, университеттің жаңарту үдерісі жүріп, жаңа ғимараттар ашылып, салынды. Уақыт өте келе студенттік өмір қызықты болды. Көптеген кездесулер, жиналыстар, ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырыла бастады.
Не алдық
Университетте көп білім алдым. Есте сақтау қабілетімді дамыттым, тұрақты бола бастадым.
ҚазҰМУ түлегі деген кім
Біз көп оқыдық, достарымызбен аралсуға уақыт аз болды. Сондықтан кейбіреулері үлкен компанияда ұялшақтық танытатын.
Группаластарыммен байланыста болуға тырысамын. Бірақ барлығы есейді, отбасылары пайда болды, мен Швецияға көшіп кеттім.
Бұған қарамастан араласып тұрамыз.
Жұмысы жайлы
Медициналық университетті аяқтағаннан кейін мен магистратурада оқуды жалғастыру үшін Швецияға көшіп кеттім, қазір осында жұмыс істеймін.
Әсет Нусупбеков, 30 жаста, қала — Боттроп, дәрігер

Университет таңдау жайлы
Мен 2012 жылы ҚазҰМУ-де емдеу факультетін тәмамдадым. Бұл университетті таңдаған себебім — ол барлық рейтингтерде үздік оқу орны болды, медициналық ЖОО-ы арасында бірінші орында болды. Сондай — ақ, географиялық себептер де әсер етті, Талдықорғанда туып, өскендіктен маған жақындау болды.
Оқу ерекшеліктері мен атмосферасы жайлы
Барлық медициналық жоғары оқу орындарында оқытудың ерекшелігі — үлкен жүктеме. Басқалардан көп оқуға тура келді. Және бізге әрдайым қосымша демалыс күндерін бермейтін. Демалыстар қысқа болды.
Мен екінші курста оқыған кезімде жаңа ректор — Ақанов Айқан Ақанұлы келді және ол бастапқыда уәде еткендей, университетті толығымен қайта құрды. Жоғары оқу орны эстетикалық жағынан өзгерді, техникалық жабдықтау, ұйымдастыру сәттері жақсарды. Осы кезеңнен кейін түскен студенттер Айқан Ақанұлына риза болуы керек.
Профессор-оқытушылар құрамы жақсы, университетімді күлімсіреп еске аламын. Атмосфера тамаша болды. Мен оқыған қазақ бөлімшесінде топпен жиі кездестіп, футбол ойнайтын едік, сабақтан кейін кәуәптар жеп, бірге демалатынбыз.
Не алдық
Жоғары оқу орны мектептен айырмашылығы, бірінші кезекте, білім оқытушыға емес, саған керек екенін түсіндірді. Бізді жауапкершілікке үйретті. Сондықтан кім қалады сол өзің көрсетті.
ҚазҰМУ түлегі деген кім
Медицина әлемінде бәрі тең. Қай жерде оқығанымызға қарамастан, біз ортақтықты сезінеміз және бір-бірімізбен ортақ тіл таба аламыз.
Қазір тек топтағылармен ғана байланыстамын. Жоғары және кіші курста оқыған адамдармен де сөйлесеміз. Бірақ әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты жиі емес.
Жұмыс жайлы
Интернатураны аяқтағаннан кейін Орталық қалалық клиникалық ауруханада жұмыс істедім. Содан кейін German doctor exchange бағдарламасы бойынша Германияға кеттім, онда бесінші жыл тұрамын, хирург болып жұмыс істеймін.