Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/a66/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/a665c9fde3f234137e1004c22a78d8ad.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Қалай апалы-сіңілі екі қыз Instagram-дүкен ашып, мамасымен киім коллекциясын тігетіні жайлы
37726

12.06.2020

Қалай апалы-сіңілі екі қыз Instagram-дүкен ашып, мамасымен киім коллекциясын тігетіні жайлы

Атауы: Fantastic

Қызмет саласы: дүкен және киім дизайны

Негізі қаланған жыл: 2014



Мадина Сыздыкова, 26 жаста, туған қала — Арқалық, кәсіпкер

Анара Сыздыкова, 25 жаста, туған қала — Арқалық, дизайнер-художник

DSC_9807.jpg


Бәрі қалай басталды
Мадина. Біз Қостанай облысының Арқалық қаласында өстік. Отбасында төртеуміз. Мектеп бітіргеннен кейін үлкен қалаларға көшіп кеттік. Мен Алматыда, ал Анар — Астанада оқыды.

Төртінші курста маған пәтерімнің ақшасын төлеу керек болғанда, мен Анараға сатуға киім-кешек беріп жіберетінмін. Алматыда барлығын сатып алып, поезд арқылы қораппен салатынмын. Анара негізге бағаға бірнеше пайыз қосып, сататтын. Біз жақсы табыс таптық. Біртіндеп сұраныс көбейе бастағанда Instagram-дүкен аштық.

Бірнеше жылдан кейін университетті бітіріп, Астанаға көштім. Үйіме жақын болып, әпкеме қолдау көрсету үшін келдім. Анара жатақханада, мен туысқандарымда тұрдық. Әрі қарай не істейміз деп көп ойландық. Киім дүкенін ашамыз деп шештік. Себебі екеуіміз де сәнді киінгенді жақсы көреміз.

Біз дүкеннің орналасу жерін, атауын және концепциясын ойлап таптық. Мен мердігерлерді тауып, бір жерді жалға алдық. Ол 70 000 теңге тұратын подвал бар еді.

DSC_9827.jpg

Анара. Алғашқында сауда жай болған. Ештене сатпаған күндеріміз де болды. Сол кезде Instagram танымал бола бастаған кез еді. Біздің 6000 оқырманымыз болды. Бүгінгі күні 94 000 оқырман бар.

Мадина. Біз екеуіміз де оқып жүріп, дүкенде бір-бірімізді алмастырып жүрдік. Кешкі сегізге дейін жұмыс істедік. Бір жарым жылдан кейін сатушыларды алдық.

Fantastic арқасында пәтер алып, ағам мен анамызды Астанаға көшіріп әкелдік


Ақырындап кеңею керек деген тұжырымдамаға келдік. Сондықтан екі қабатты ашық жерге көштік. Жөндеу жұмыстарын да өзіміз жасадық.


Біздің қағидалар мен дәстүрлер
Мадина. Ең басында бизнес пен отбасылық құндылықтарды араластыратынбыз — бұл кедергі келтіретін. Бірақ уақыт өте келе, ұстанымдарымызды дұрыс қоя бастадық. Отбасы — басты құндылық, үйде жұмыс туралы сөйлемейміз. Ал жұмыс шаруаларына отбасылық сұрақтарды араластырмаймыз.

Анара. Мадина — үлкені, сондықтан оны әпкем және бизнес-әріптесім ретінде құрметтеймін.Ұрпақтан ұрпаққа қалатын бизнес жасағымыз келмейді. Адамдар дайынға келмеуі керек. Біздің бауырымыз 19-да, бірақ біз оған артық тиын бермейміз. Өйткені барлығыа өз күшімен жеткенін қалаймыз.

DSC_9791.jpg

Біздің жұмыс күндеріміз
Мадина. Бұрын көп уақтымды жұмысқа арнайтынмын, бірақ қазір ол уақытты жақындарыма аранған жақсырақ деген шешімге келдім. Менің қағидам — күніне үш сағаттан артық жұмыс істемеу. Қалған уақыт жақындарыма, хоббиіме арналады.

Анара. Мен үйде отыра алмаймын, бірден жұмысты сағына бастаймын. Кез келген демалыста уақытымды Fantastic-ке арнауды жөн көремін.

DSC_9784.jpg

Отбасылық бизнеске барлығы ат салысады. Анам мен үлкен әпкем тігін тігеді, мен контентті дамытамын. Мадина құрбысымен итальяндық дүкен ашты.

Әр маусым сайын жаңа коллекция шығарамыз.

Егер кикілжін пайда болса, тез суып оларды шешуге тырысамыз.

Мадина. Біз бір-бірімізге барлығын ашық айтамыз. Бұл отбасылық қарым-қатынаста және бизнесте көп көмекетеседі.
Тәжірибе жайлы

Анара. Отбасылық бизнестің көп артықшылығы бар. Мен әпкеме 100% сенемін. Ол алдамайды, сатқындық жасамайды.
Мадина. Бірігіп жасаған іс жақындастырады. Біздің ортақ тақырыптарымыз көп.

Біздің жоспаралар
Анара. Біз анам екеуіміз ателье ашқымыз келеді. Ол оның арманы. Менің мақсатым — қазақстандық бренд ашу.
Мадина. Мен жаңа дүкен аштым. Соны дамытуды жоспарлап отырмын.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу