Арбат
Арбат — шығармашыл жастардың жиналатын орны мен суретшілердің арт-кеңістігіне айналған қаланың жаяу жүргіншілері жүретін көше. Мұнда серуендеп, жергілікті көше музыканттарын тыңдауға болады.
Мекен-жайы: Жібек Жолы даңғылы
ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы
Саябақта монуметтерді, қаланың әсем көріністерін тамашалауға болатын, тематикалық алаңдарды табуға болады. Жазда жиі алмалық фестивальдер мен жәрмеңкелер өткізіледі.
Мекен-жайы: Дулати даңғылы, 1/1
«Атакент-Экспо»
«Атакент» — спорттық орталықтар, кафе, барлар, қонақ-үйлер және бизнес-орталықтар орналасқан, мәдени-іскерлік алаң. Оның аумағында халықаралық, ұлттық және тематикалық көрмелер мен жәрмеңкелер өтеді.
Мекен-жайы: Тимирязев көшесі, 42
Esentai Gallery
Фотоның дерек көзі: @esentaigallery
Тұрақты түрде көрмелер өтетін галерея. Мұнда қазақстандық жас суретшілердің жұмыстары көрсетіліп, дәрістер мен шеберлік сабақтар өтеді.
Мекен-жайы: Әль-Фараби даңғылы, 77/8
Байланыс телефондары: 8 700 120 12 20
Depo Evolution Park
Медеодан сәл жоғары «денсаулық баспалдақтары» аталатын баспалдақтар бар. жоғары көтеріліп, алматылық таулардың пейзажын көруге болады.
Almaty Gallery
Заманауи өнердің көрмелері, конкурстар және перформанстар өтетін, мемлекеттік галерея.
Мекен-жайы: Достық көшесі, 44
Байланыс телефондары: 970 20 24, 8 708 970 20 24, @almaty_gallery
Тулебаева көшесі
Алматының бұл ескі көшесі «Игла» кинофильмі жарыққа шыққаннан кейін танымал бола бастады. Сол уақыттан бері «Кино» группасының фанаттары осы мәдени орынды көру үшін келеді.
Бұрын көше «Фонтанная, Сергипольская» деп аталатын, қазір қазақстандық композитор Мұқан Тулебаевтың атында. Ауданда саябақтар, театрлар, кинозалдар мен ыңғайлы тұрақ бар.
«Жасыл базар»
Фотоның дерек көзі: @kok.bazar
«Жасыл базар» Алматының танымал жерлерінің бірі. Бұрын базарда алматылық алмалар танымал болған. Бүгін бұл таңдаулы тарихы мен ерекше стильдегі колориті бар, сауда кеңістігі. Базардың ерекшелігі — түрлі тауардың ассортиментінің болуы.
Мекен-жайы: Жібек Жолы даңғылы, 53
Байланыс телефоны: 736 282