facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/895/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/oi7qjffjyabj4btx6syom91tzp6qr5q6.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
alaly-biznes-almaty-astana-alalarynda-hosteld-alay-ashu-a-zh-ne-damytu-a-bolady
logo
Қалалық бизнес. Алматы, Астана қалаларында хостелді қалай ашуға және дамытуға болады
Главный (каз)

29.07.2023

Қалалық бизнес. Алматы, Астана қалаларында хостелді қалай ашуға және дамытуға болады

Біз Алматы, Астана қалаларының кәсіпкерлерімен кездесіп, олардың хостелді қалай ашқанын және Орталық Азиядағы туристермен қалай жұмыс істейтіні жайында сұрап білдік.


Эльмира Оразымбетова, 45 жаста, қаласы — Алматы, Evergreen Hostel Almaty негізін қалаушы, @evergreen_hostel

Эльвира, городской бизнес

Бәрі қалай басталды

Отбасыммен Алматыда 2010 жылдан бері тұрамыз. Мен өмір бойы күйеуіме сауда компаниясын құруға көмектестім, қаржылық есеп жүргіздім. 2019 жылдың қараша айында үй-жайларымыздың бірінде хостел ашу идеясы келді. Карантин болғандықтан, ашуға асықпай дайындалдық. Сөйтіп, 2021 жылдың 1 наурызында 24 адамдық Evergreen Hostel ашылды. Алты айдан кейін осы ғимаратта екі адамға арналған бөлек апартаменттер аштық.

Біз Алматыдағы хостелдар туралы көзқарасты өзгерткіміз келеді және қаладағы қызмет көрсету деңгейін көтергіміз келеді.

Қазір Evergreen Home-да хостел және 28 қонаққа арналған 12 апартамент бар.

Ботаникалық бақтың аумағында, саябақтың негізгі кіреберісінен 200 метр жерде орналасқанбыз.

хостел Алматы

Evergreen Home — барлығы кіретін хостел және апартаменттер. Қонақүй тәпішкелері мен сүлгі, шай, кофе кіреді, тіпті кір жууға да болады. Қонақтардың дәмді таңғы ас ішуіне арналған бөлек кофехана бар.

Клиенттері жайлы

Қонақтарымыздың 70%-ы — қазақстандықтар, 30% — шетелдіктер. Алматыға әр адам әртүрлі мақсатпен келеді. Қаланың көрікті жерлерін тамашалауға келетін саяхатшылар да бар. Жұмыс істеуге келетін немесе «Атакент» көрме кешеніне келетін қонақтар да бар.

Жоба қалаға қалай әсер етеді

Біз тұрғындарға және қалаға экономика, әлеумет және экология тұрғысынан, яғни үш түрлі әсер етеміз. Яғни қаладағы кез келген туристік бизнес сияқты.

городские предприниматели

Біз қызметкерлерді жұмыспен қамтимыз, тауарлар мен қызметтер ұсынатын жергілікті жеткізушілермен ынтымақтаса жұмыс жасаймыз.

Менің ойымша, компаниямыздың арқасында қызмет көрсету деңгейі, жалпы алғанда, Алматы мен Қазақстан жайындағы адамдардың көзқарасы жақсы жаққа өзгереді.

Ақыл-кеңес

Жоба өз қаражатының және барлық табысын компанияны одан әрі дамытуға жұмсайтын инвесторлар есебінен дамып келеді. Биыл тағы алты апартамент ашуды жоспарлап отырмыз.

Қонақүй бизнесінде жұмыс істеу үшін адамдарды жақсы көруің керек. Бұл біздің бизнестегі ең маңыздысы. Біз қонақтарымыздың жайлы жерде әрі қауіпсіздікте болғанын қалаймыз.

Ең бастысы, бірінші қадамды жасаудан қорықпаңыз, барлық тәуекелді есептеңіз және алға қойған мақсатыңызды төмендетпеңіз. Бірден көп ақша келеді деп үміттенбеңіз, ең дұрысы, асықпай, сенімді түрде табысқа қарай бағыт алыңыз.

Отбасының қолдауы да маңызды. Менің жолым болды, себебі инвесторлардың бірі менің күйеуім болса, екіншісі — оның жақын досы.


Бота Шоманова, 33 жаста, қаласы — Астана, Shanyraq хостелінің негізін қалаушы, @bota.shoman

Хостел, Астана

Барлығы қалай басталды

Мен Қызылорда облысында дүниеге келгенмін, бірақ Астанада тұрғаныма тоғыз жылдай уақыт болды. Өз кәсібімді 11 жыл бұрын бастадым. Сұлулық саласындағы қызметтерді көрсетуден бастадым, ол көп ұзамай үлкен SPA орталығына айналды. Біраз уақыттан кейін біз бизнесімізді сатып, Астанаға көштік.

Мен бәсекеге қабілетті ортаға түстім. 2018 жылдың соңына қарай бес қабатты мейрамхана кешенін аштық. Алайда 2020 жылы біз, әлемдегі барлық адамдар сияқты, пандемиядан зардап шектік. Жастайымнан әйелдер киімінің дизайнын жасауды жақсы көргендіктен, карантин кезінде отандық киімдердің алғашқы желісін іске қостым.

2022 жылы мен Астанада хостел ашуды шештім, мұнда әрбір адам аздаған сомаға елордадағы қонақүйлер ұсынатын жағдай жасауды көздедім. Командамен бірге бизнес-жоба жазып, жөндеуге кірісіп кеттік. Кез келген бизнестегі сияқты, хостел ашқан кезде де біраз қиындықтар болды. Мердігерлер мен үшінші тұлғаларды есептемегенде, біз тәрбиемізге, менталитетімізге және мәдениетімізге қатысты мәселелерге тап болдық.

Біздің елде хостел бизнесі қарқынды дамып келеді. Астанада 86 хостел бар, ал жыл басында 74 болатын. Сондықтан бизнестегі генераторлардың бірі — дамып жатқан салада бәсекеге қабілеттілік.

Жоба жайлы

Біздің миссиямыз хостел концепциясында жатыр. Ең алдымен «халал» стандарты бойынша жұмыс істейміз. Қазірдің өзінде кіреберісте қонақтарды ұлттық қазақ киімін киген қызметкерлер қарсы алады. Хостелде қазақ әдебиетінен ұлттық ойындарды, салт-дәстүрлерді, Қазақстанның тарихын керемет сипаттайтын, үш тілде ақпарат беретін 30-ға жуық картина репродукциясы бар.

Shanyraq

Қазақ тілінен тегін сабақтар өткізу және ұлттық тағамдар дайындауды да жоспарымызға кіргіздік. Бізге шетелдіктер көп келетіндіктен, қонақтар арасында қазақ мәдениетін насихаттаймыз.

Нарықта жұмыс жасап жатқанымызға төрт ай болды. Shanyraq бренді қазірдің өзінде Қазақстанда ғана емес, көршілес елдерде де танымал. Біз көрші елдерден келген туристерден бірнеше рет ұжымдық өтінім қабылдадық. Адамдар бізге достарының, әріптестерінің және таныстарының ұсыныстарымен келіп жатады. Бұл — командамның үлкен еңбегі.

Көптеген келушілерге біздің орналасқан жеріміз ұнайды. Бұл — елорданың көрікті жерлері мен спорт стадиондары орналасқан сол жағалаудың дәл жүрегі. Жақын арада хостелді кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Клиенттер туралы

Хостелге әр түрлі жастағы адамдар келеді. Олардың барлығын қарапайымдылық пен басқаларға деген құрмет біріктіреді.

хостел Астана

Хостел мақсаттарының бірі — адамдарға көмектесу. Тұрғындарға толықтай қауіпсіздікке кепілдік беріледі. Олар тәулік бойы күзетіледі. Бар болғаны 4500 теңгеге әр тұрғын асүйді пайдалана алады. Қалаушылар пакетті сатып ала алады: тұру + тамақ. Хостелде теледидар және бай кітапханасы бар демалыс орны бар. Аналар мен балаларды бөлек бөлмелермен қамтамасыз етіп, оларға да ерекше көңіл бөлдік. Сондай-ақ топпен жүргендер үшін тасымалдау қызметін ұсынамыз.

Жоба қалаға қалай әсер етеді

Бәріміз де туыстарды қарсы алу керек болатын немесе қалаңызға келген адамға көмектесуге тура келетін жағдайларды бастан кешірдік. Дәл сол кезде біз көмекке келіп, барлық мәселені шешіп береміз: күтіп аламыз, орналастырамыз, тамақтандырып, шығарып саламыз.

Жақын арада хостел тұрғындары үшін қаладағы және одан тыс жерлердегі көрікті жерлерге экскурсия ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша, еліміздің ішкі туризміне ықпал етеміз.

Ақыл-кеңес

Жобаның дамуына клиенттердің кері байланысы тікелей әсер етеді. Әрбір күлімсіреу, барлығы да көңілінен шыққан келуші және олардың алғысы бәрін дұрыс істеп жатқанымызға күш береді. Біз адамдарға ақшаны үнемдеп қана қоймай, уақытты жақсы өткізуге көмектесеміз деп сенеміз.

Біздің миссиямызға сенетін және барлық қиындықтарға төтеп беретін адал ұжымның арқасына дамып келеміз. Біз келушілерді қабаттар бойынша бөлуді жоспарлап отырмыз: әйелдер, ерлер және ұжымдық қоныстандыру үшін жеке қабат. Бұл әрбір келушінің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Кез келген бизнес клиенттердің мойындауын алған кезде табысты болады. Біз өз жұмысымызды істеп, таңдаған миссиямызды жалғастырудамыз. Не істеп жатқаныңызды жақсы көру маңызды.

Трендтер тез өзгеріп отырады. Әр жолы нарыққа бейімделу керек. Мен енді бастап келе жатқан кәсіпкерлерге инвестицияны тез арада екі есеге арттыратын тауашаны қолға алмай, шынымен жақсы көретін іспен айналысуға кеңес беремін. Сонда ғана жоба ұзақ мерзімді ғана емес, сонымен қатар табысты болмақ.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Тель-Авив, Манама және Джидда — Қазақстаннан ұшатын жаңа әуе бағыттары
Тель-Авив, Манама және Джидда — Қазақстаннан ұшатын жаңа әуе бағыттары
Жақсы компанияда тәжірибеден қалай өтуге болады: Қазақстанның жас мамандарыннан ұсыныстар
Жақсы компанияда тәжірибеден қалай өтуге болады: Қазақстанның жас мамандарыннан ұсыныстар
Кәсіби деңгейіңізді көрсететін IT-мамандарға арналған халықаралық сертификат
Кәсіби деңгейіңізді көрсететін IT-мамандарға арналған халықаралық сертификат
Дамель Мектепбаева: «Бағалар мен рейтингтерге ұмтылу кезінде балалар жиі естілмей қалады»
Дамель Мектепбаева: «Бағалар мен рейтингтерге ұмтылу кезінде балалар жиі естілмей қалады»
Әкелер мен балалар. Ата-аналармен қарым-қатынас туралы 8 кітап
Әкелер мен балалар. Ата-аналармен қарым-қатынас туралы 8 кітап