facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aladan-auyl-a-k-shken-3-aza-standy-ty-gimesi
logo
Қаладан ауылға көшкен 3 қазақстандықтың əңгiмесi
Өмір сүру стилі

30.05.2017

Қаладан ауылға көшкен 3 қазақстандықтың əңгiмесi

БІЗ қала өмірін ауылдың өміріне алмастырған адамдармен бұл шешімдерінің себебі мен ауыл өмірінің артықшылықтары туралы әңгімелескен болатынбыз.


Анна Солдатова, наубайхана мен аспаздық орталықтың иесі, аудандық Іскер әйелдер ассоциациясының басшысы және аудандық мәслихаттың депутаты


Павлодардан Мичурино ауылына 1998 жылы көшіп келдім.


Біздің ауылымыз қаладан 15 километр қашықтықта орналасқан, мұнда 2324 адам тұрады.


Біз ауылды қатты жақсы көргендіктен көшіп келген жоқпыз. Ол кездер қиын кезең болатын, жолдасым екуміз жұмысымыздан айырылдық және денсаулығымыз да нашарлап кетті. Сондықтан, бәрін тастап, Мичурино ауылына көшеміз деп шештік. Біздің ауылға көшетінімізді естіген әпкем де өз отбасымен ауылға келуді ұйғарды. Алайда, мұндағы өмір оларға ұнамағандықтан, екі жылдан соң қайта көшіп кетті.


Күн көру үшін өз ісімізді ашуды ұйғардық


Ауылдың қақ ортасындағы жартылай қираған ғимаратты сатып алдық, несие алып, сол жерде дүкен аштық. Қазір нан өнімдерін шығарумен айналысамыз және өзіміздің аспаздық дүкеніміз бар, штатта 20 жуық адам жұмыс істейді, әрқайсысымен жақын араласамыз. Табысты кәсіпті құру үшін Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы көп көмектесті.


SAM_0736.JPG


Қалада тұрғанда училищеде жұмыс істедім, күйеуім екеуміз Моңғолияда жұмыс істедік. Павлодарда жақсы пәтеріміз бен көлігіміз болды, сонда да қаладан кетеміз деп шештік.


Ауылда өмір өлшеулі, қарбалас жоқ, адамдары да тым қарапайым. Мичуринода адам көп болмағандықтан, өз өніміңді бақылап отыру қажет, кішкене қателік жіберсем, бәрі білетін болады және бұл менің беделіме нұқсан келтіреді. Мұнда ауа таза, адамдар бір-біріне көршілеріне қарағандай емес, туысы сияқты қарайды.


Қазір ауыл өмірі қаланыкіне ұқсап бара жатыр. Қаласаң, үйге электр энергиясын, жылу кірігізіп алуға болады, ортақ кәріз жүйесіне қосылуға да мүмкіндік жасалған. Ал егер, көлігің болса, қала да алыс емес, сондықтан айырмашылығын сезбей де қаласың.




Николай Харитониди, пластик терезе, есік және қалқа жасау мен орнату


Қарағандыдан Осакаровка ауылына 2012 жылдың наурызында көшіп келдім.

Осакаровка «Астана — Алматы» республикалық тас жолының Қарағанды мен Астананың ортасында орналасқан, 8000-9000 тұрғыны бар аудан орталығы болып табылады. Ауыл ескі, негізі 1930 жылдарда қаланған. Бірінші кезекте — көлік түйіні, одан темір жол тармағы өтеді, сондықтан да дәл осы жерде ауыл құрылған.


72546949.jpg


Көшуіміздің басты себебі — еркіндікті сезіну. Қалалық пәтерден шығып, кең, ауласында жері бар және көп бөлмелі үйде тұрғым келді. Қазір ауламда үш қарағай, емен, қайың мен төрт алма ағашы өсіп тұр. Жазда олардың иісі мұрын жарады. Балаларды еш алаңсыз аулада ойнауға жібере аласыз, олар күні бойы таза ауада жүре алады. Мектепке көлікпен үш минутта баруға болады, ал сабақтан кейін автобуспен тасып жүрмейсің.


Қалада тұрғанда экономист мамандығын алдым, ол жерде де жағдайым жаман болған жоқ. Бухгалтерлік банкте де, шаруашылық өндірісінің аудит бөлімінде де, бас есепшінің көмекшісі ретінде де жұмыс істедім. Өз пәтерім, жақсы жалақым болды, несие алған емеспін. Алайда, қаланың менікі еместігін түсіндім. Осакаровкада туғандықтан, сол жерге барып бір пайдамды тигізсем деген ой болды.


Терезе жасау мен орнату ісін 2013 жылға қарай аштым. Ауыл шаруашылығын қаржыландыру қорының көмегіне жүгіндім, олар маған ең тиімді шарттармен несие берді. Мен оны мерзімінен бұрын өтедім. Барлық уақыт бойы Осакаровкада және 16 елді-мекенде жұмыс істедім.


Менің жұбайым, қызым мен ұлым көшу туралы ойымды қуана қабылдады


76986227.jpg


Қазір әрқайсымыздың өз бөлмеміз бар, таза ауада көп уақыт өткізуге болады. Сондай-ақ, ортақ ісімізге бәріміз бірдей араласқандықтан, жұмыс істеу де жақсарды. Біз үшін менің әжелерім мен ата-анам уайымдады. Олар адамның жоғары білімі бар болса, ол ауылда тұрмауы керек деп есептейтін. Ал жұбайымның ата-анасы қарсы болған жоқ.


Осакаровкада бала тәрбиелеуге қатысты қиындықтар туындамайды. Мұнда қыздар мен ұлдарға арналған, заманауи жабдықталған, материалдық базасы жеткілікті балалар үйірмесінің түр-түрі, спорт секциялары бар. Өткен жылы бізге үш рет цирк келді. Бір сөзбен айтқанда, мұнда балалардың іші пыспайды. Әрине, киім немесе аяқ киім сатып алуға, балаларға арналған ойын-сауық орталықтарына бару үшін Қарағандыға барып тұрамыз.


Қаладан ауылға көшуді ойлап жүргендерге сәттілік тілеймін. Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Қалай да болса, қандай да бір жақсы нәрсеге қол жеткізу үшін орнына бірдеңе беруге дайын болу қажет.


77544911.jpg




Нұржан Құдайбергенов, жылыжай орнатушы


Тараздан Ақбұлым ауылына жарты жыл бұрын көшіп келдім.


Бұл ауыл Тараздың шетінде, қаладан бір шақырым жерде орналасқан.


Бұл ауылда менің өз жерім болды және жоспарымда өз ісімді бастау бар болатын. Мен оны жүзеге асыру үшін Ақбұлымға келіп, өз идеямды іске асыруға кірісу керектігін түсіндім.


Мен ауылда бизнес бастаудың оңай болатынын және табыстың мол екенінін білдім


Келешекте шағын жылыжай мен көкөніс сақтайтын қойма салып, мал басын асырағым келеді.


Отбасыммен, жұбайым және екі ұлыммен бірге көшіп келдім. Олар да бұл ойымды құптады, себебі мұнда таза ауа, азық-түлік те пайдалы әрі табиғи, адамдар да қарапайым, қаладағыдай қарбалас жоқ. Әрине, жақындарымның ішінде көшу туралы ойымнан қайтармақшы болғандар да болды, алайда басым көпшілігі біздің шешімімізге риза болды.


Қазір біз ісімізді бастап жатырмыз, егер ол өрге басса, әлбетте, осында қаламыз. Тұрмыс жағынан ешқандай қиындық жоқ, жылу, газ, электр энергиясы бәрі бар. Жанымызда қажетті дүкендер мен аялдамалар бар. Қатты қажетсінген жағдайда қалаға қайта орала аламын. Әйткенмен де, ісім алға басады деп сенемін, осында қалып, ісімді дамытқым келеді.


Бәр оңай дегенмен, ауылда бизнесті рәсімдеу жағынан қиындықтар болды және алдағы уақытта қағаз бен инстанцияларға жүгірудің айтарлықтай азайғанын қалаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.