facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ala-sh-ndeg-ala-esentai-city-t-r-yndary-zha-a-t-r-yn-y-keshen-ndeg-m-r-zhayynda
logo
Қала ішіндегі қала: Esentai City тұрғындары жаңа тұрғын үй кешеніндегі өмір жайында
Өмір сүру стилі

16.02.2019

Қала ішіндегі қала: Esentai City тұрғындары жаңа тұрғын үй кешеніндегі өмір жайында

Айжан Айтмұқан, 23 жаста, туған қаласы — Астана

IMG_5255.jpg

Тұрғын үй кешенін таңдау жайында


Менің отбасым Астанада тұрады, бірақ мен қазір Алматыда жұмыс істеп, тұрып жатырмын. Ал Esentai City-де өткен жылдың соңынан бастап, шамамен екі ай тұрып жатырмын. Мен Алматыда тұрғын үй іздедім және Esentai City жайында білген кезде, қалайтыным осы екенін бірден түсіндім.

Маған үйдің дизайны ұнады және әрбір пәтер үшін үйдің шатырындағы террасаның болуы еліктірді. Мен бұрыннан бері террассасы бар пәтер іздедім, сол себепті дәл осы жеде тұратынымды шештім.


Esentai City-дегі өмір


Esentai City — бұл қала ішіндегі қала. Осында жайлы өмір сүру үшін барлығы бар: мейрамханалар, дәмханалар, дүкендер. Тұрғын үй кешені аумағында электроавтобустар жүреді. Сонымен қатар саябақ пен аллеялар салынады. Кішкентай қаладан шықпай-ақ өмір сүруге болады. Бұл дұрыс тұжырымдама, осылайша әрбір үй жобалануы тиіс.

Esentai City-дің үйлері биік емес, үш қабаттан тұрады. Бұл әдемі көрінеді, кешен және аумақ ерекше көрінеді. Оған қоса осында ақылды үй жүйесі жұмыс істейді. Жылжымайтын мүлікті сатып алған кезде, негізгі пакетте қозғалыс бергіші, газдың кемуі, өрт, қауіпсіздік жүйесі қарастырылған.

Құрылыс әлі де жалғасып жатыр және бұл ыңғайсыз, бірақ мен бұның уақытша екенін түсінемін. Жуық арада барлығын жөнге келтіреді және өміден толықтай рахат алып, тұруға болады.

Мен қаламызда осыған ұқсас үйлерді көрген жоқпын. Ол заманауи адамның талаптарына мінсіз сай келеді.


Любовь Миронова, 34 жаста, туған қаласы — Якутск, кәсіпкер

fbfdfe57-8872-45b8-872b-187681c33313.JPG

Тұрғын үй кешенін таңдау жайында


Біз жұбайымызбен және баламызбен екі жыл бұрын Ресейден Қазақстанға көшіп келдік және жылжымайтын мүлік іздеудің нұсқаларын қарастырып жүрдік. Біз аудандар және жылжымайтын мүлік нарығындағы ұсыныстар жайында ештеңе білген жоқпыз, бірақ аяқ астынан мейрамхана ішінде жаңа тұрғын үй кешеннің жарнамасын көріп қалдық.

Бұл аудан біз үшін ыңғайлы болып шықты. Үй ұлымыз оқитын мектептің жанында орналасқан.

Үй қаланың ортасында орналасқан, бірақ өзінің мейрамханалары, дүкендері және серуендеуге арналған жаяу жүруге арналған аямағы бар. Сол кезде бағалар қазіргіден төменірек болды және біз пәтерді бөліп төлеп алдық – бұл тиімді еді. Шешімді қабылдауда төлем шарттарының ыңғайлы болуы да өз рөлін атқарды.


Esentai City-дегі өмір


Мен үшін ең басты артықшылық — үй аймағындағы мейрамханалар мен дүкендер.

Кешен аласа үйлерден тұрғаны ыңғайлы. Осында әдетте тұрғын үй кешендерінде болатындай көп адамдар жоқ. Оған қоса қалаға және тауларға деген көрінісі тамаша.

Қауіпсіздік жайында айтар болсақ, осында жер-сілкінісіне төтеп беру деңгейі жоғары.

Үйді біз күткен уақыттан кейін тапсырды, сол себепті біздің пәтерімізде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл кешеннің бірегейлігін толықтай жазға қарай бағалауға болады, себебі басқа блоктардың құрылысы әлі жүріп жатыр. Бірақ бір жылдан кейін барлығы бітеді және біз бастапқыда жоспарлаған нәрсені көреміз деп ойлаймын.

Кейбір кезде тұрғын үй кешеніне келіп тоқтау қиынға соғады, себебі ол үлкен трафигі бар орталық көше бойында орналасқан.

Менің ойымша бұл кешеннің табыстылық жағынан келешегі зор. Пәтерлерге деген бағалар жыл сайын өсіп тұратыны ықтимал.


Ян Рэй, 32 жаста, туған қаласы — Алматы, мейрамхана бизнесі, EATModels модельді агенттігінің иесі, Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығының ұйымдастырушысы

IMG_5267.jpg

Тұрғын үй кешенін таңдау жайында


Мен Esentai City-де үшінші ай тұрып жатырмын. Менің таңдауыма үйдің орналасуы ықпал етті. Маған тұрғын үй кешенінің тауларға жақын, әрі қаланың орталық бөлігінде орналасқаны ұнайды. Сонымен қатар барлық үйлердің үш қабатты екені және әрбір пәтердің өз террассасының болуы ұнады.


Esentai City-дегі өмір


Пәтерде газжағулық қазанның болуын атап өткім келеді — үйдің температурасын өздігінен реттеп отыру мүмкіндігі бар. Бұл ыңғайлы, себебі қала коммуникацияларынан тәуелсіз боласың.

Құрылыс кезінде қысқы уақытта жылуды сақтауға септігін тигізетін финблоктар қолданылды. Аумақта көптеген ыңғайлы нәрселердің болатыны маңызды: барлары бар мейрамханалар, аурухана, полиция бөлімшесі, жаттығу залы, бассейн, кинотеатр, теннис алаңы. Барлығы қол астында.

Басты артықшылықтар дизайнде, жоғары төбелерде және жайғасымында. Тағы бір артықшылық – дәл пәтердің алдында көлікті қоятын орынның болуы.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.