facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
akha-jah-khalib-ten-ne-yrengen-zhayly-sonday-a-muzykany-ne-sh-n-zhasaytyny-zh-ne-rt-st-shabyty-turaly
logo
Akha Jah Khalib-тен не үйренгені жайлы, сондай-ақ музыканы не үшін жасайтыны және әртістің шабыты туралы
Главный (каз)

20.01.2023

Akha Jah Khalib-тен не үйренгені жайлы, сондай-ақ музыканы не үшін жасайтыны және әртістің шабыты туралы

Akha деген атпен танымал Ахметпен кездесіп, ол үшін шығармашылықтың не екенін, қайдан шабыт алатыны жайлы әңгімелесіп қайттық.


Ахмет Өсербек, 28 жаста, қаласы — Алматы, музыкант, @aakha23

артист

Өзі туралы


Мен Шымкент қаласында тудым, бірақ Алматыда ержеттім, сондықтан бойымда шымкенттік тәрбие мен алматылық менталитет үйлесім тапқн.
Тәрбиемнің арқасында ешкімді ренжітпеу үшін өзімді қалай ұстау керектігін үйрендім. Ал Алматыдағы өмірдің арқасында дүниетанымым кеңейіп, үлкен нәрселерді армандау әдетім қалыптасты. «Курьер» фильмінде басты кейіпкердің досы пальто армандайтынын айтқан танымал көрініс бар. Міне, сол сияқты алматылықтар пальто туралы армандамайды. Олар пальто сататын компания ашуды армандайды.

Мен гиперактивті адаммын. Егер ешқандай жұмыс бермей, жабық жерде қалдырса, жынданып кетер едім. Сондықтан менің үнемі жұмыс істеп, белсенді болып жүруім керек.

Мен сахнаның адамымын


Оған қоса, мен сахнанның адамымын.

Шығармашылығымның көмегімен адамдарға қандай да бір мән-мағына мен идеяларды жеткіземін.

Шығармашылыққа қалай келгені жайлы


Менің отбасымда ешкім музыкамен айналысқан жоқ.
Шығармашылыққа деген сүйіспеншілігімнің қай кезде оянғаны да есімде жоқ. Алматыда оқып жүргенде сыныпқа домбыра пәнінің мұғалімі келіп, сабаққа жазылуды ұсынды. Ешкіммен ақылдаспай, домбыра тартқым келетінін айттым. Нәтижесінде музыка мектебін домбыра сыныбы бойынша бітіріп, аттестат алдым.

2008-2009 жылдары достарыммен Nuendo бағдарламасымен танысып, оған алғашқы әндерімізді жаздық. Біз не істеп жатқанымызды білмедік, жай ғана тәжірибе жасадық. Сол тұста мен тұңғыш өлеңімді жаздым – жоғары сыныптағы бір қызға ғашық болып қалған едім.

Мен музыкалық мансап жолына түсемін деп ойламаппын. Алматыдағы университетте қаржыгер мамандығы бойынша білім алып, Латвияға магистратураға түстім. Сол жақта музыкаға ғашық болып, альбом жаздым, тіпті алғашқы концертімді де ұйымдастырдым. Осылайша, музыкасыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім.

Akha

Мен оқуымды тастап, үйге қайттым. Отбасыма қаржыгер емес, музыкант болатынымды айттым. Әрине, бұлай деу қиын болды, бірақ бұл менің сүйікті ісім екенін дұрыс жеткізе алдым. Отбасым мені қолдайды.

2017 жылы «Принцесса» әнін жаздым, осылайша бұл ән мені танымал етті. Еңбек жолым осылай басталды десем де болады.

Шабыт туралы


Мен үшін музыка — өмір.
Қайда болсам да, не істесем де, үнемі әндетіп жүремін. Бұл кез келген ойдан шығарылған ән немесе әуен болуы мүмкін. Өнер мен шығармашылық — ойымның жүзеге асуы.

Әртістердің екі санаты бар: біреулеріне музыка жұмыс болса, екіншілеріне музыка — шабыт. Осы екіншілер музыканы тек табыс үшін ғана емес, жоғары мақсаттар үшін жасайды.

Музыкадағы мақсатым — жүректерді емдеу, үміт сыйлау, отбасын сүю керектігін, ата-ананы құрметтеу керектігін көрсету. Әрине, шығармашылық сондай-ақ ақша табу көзі екенін де мойындаймын, бірақ басты мақсатым болмаса, ол маған мұндай ләззат әкелмес еді.

Мен үшін музыка — өмір


Мен үшін ең күшті шабыт — эмоциялар.
Оларды кез келген жерден табуға болады. Көшеде келе жатып, біреуге күлімдеп қарауым мүмкін, ол да маған жауап ретінде жымиып өтуі мүмкін. Немесе біреуге комплимент айтамын да, ол адамның реакциясын көремін. Міне, осындай сәтте жарқын сезімдер туындап, керемет музыка жасаймын. Сондай-ақ музыканттар кештерде, кездесулерде, концерттерде де жарқын эмоциялар алады.

Сондай-ақ, әрине, музыканттың музасы — жаныңды тыныштандыратын сүйіктің болуы керек. Ал тыныштық жағдайында болсаң, жақсы ойлар өздігінен келеді.

Қазақстандағы музыка индустриясының дамуы туралы


Музыка үнемі дамып отырады.
Жақында мен Tanir & Tyomcha-ның сұхбатын көрдім. Олар өмірде жақсы нәрселерге қол жеткізген көптеген музыканттың қиын жағдайда өскендері туралы айтты. Менің ойымша, қазақ өнерпаздарында бір орында тұрып қалмай, биіктерге ұмтылуына итермелейтін бір күш бар. Әрбір өнер адамы ештеңеден таршылық көрмей, жақсы өмір сүруді қалайды. Сондықтан өнерпаздарымыз алдағы уақытта керемет дүниелер жасайды деп сенемін.

казахстан

Мен әндерімді ұстазым Jah Khalib жетекшілігімен жасаймын. Оның айтқанының бәрін «губка» сияқты бірін қалдырмай сіңіріп алуға тырысамын. Мен оның қалай жұмыс істейтінін, өз ісін қалай жақсы көретінін бақылаймын. Одан ең басты үйренгенім тәртіп болды.

Оған қоса Баха маған музыкаға түсіністікпен қарауды да үйретті. Егер музыка туындамаса, жағдайды қабылдау керек, бір трекпен екі-үш күннен артық жұмыс жасамаңыз. Бұл көмектеспейді. Оның орнына кейінірек қайта оралып, одан да күштісін жазып шыққан дұрыс.

Жобалары жайлы


Менің жеке трек ретінде шығаратын материалдарым жеткілікті.
Солардың ішінде басқаларына қарағанда көбірек ұнайтын үш әнімді атай аламын: «Закрывай глаз», «Моя любовь» және «Набери».

1 сәуірде IntroVert-пен бірге біз «Вечера» әнін шығардық. Ол барлығына ұнайды деп ойлаймын. Сондай-ақ DASHXX-пен бірге жазған трегімізді күтіңіздер. Сондай-ақ мен BALLER-дің жаңа альбомының қонағы болдым.

Қазақстан бұдан да көп Grammy әкеледі деп ойлаймын. Мен музыканттарымыздың дамуын жеңілдеткім келеді, олардың мүмкіндіктері көбірек бола деймін. Жалпы, қоғамда өнер адамдарына деген көзқарастың өзгергенін қалаймын. Бәлкім, бес жылдан кейін мен өз лейблімді құрып, оған Қазақстанның барлық өнерпаздарын жинармын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.