facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
adamdardy-zha-sy-k-ru-zh-ne-m-r-n-50-zhyldan-astam-ua-ytyn-hirurgiya-a-arnau-zhayynda
logo
Адамдарды жақсы көру және өмірінің 50 жылдан астам уақытын хирургияға арнау жайында

Серік Тоқпанов

хирург, медицина ғылымдарының докторы

28.03.2019

Адамдарды жақсы көру және өмірінің 50 жылдан астам уақытын хирургияға арнау жайында


Өзі жайында


Мен қайсар мінездімін.

Мен салмақтымын, ешқашан абыржымаймын және операция бөлмесінде ассистенттерді сабырға шақыруға тырысамын.

Мен ән айтамын, концерттер беремін және кейде серуендеген кезде өлеңдерді жаттап жүремін, репетиция жасаймын. Кішкентай кезімнен ән айта бастадым, бірақ ата-анам ол туралы білмейтін, себебі мен олардан ұялып, үйде ешқашан ән айтпайтынмын. Бірде мені байқауға қатыстырып, Көкшетауға жіберді, сол жерде мені Ленинградтық консерваторияның профессорлары іріктеп алды. Маған КСРО халық әртісінің жолын болжады, бірақ мен медицинаны таңдадым.

DSC_5103.jpg

1962 жылы мен Қарағанды медицина университетінің емдеу факультетіне түстім. 1968 жылы оқу орынды бітіргесін, мені сол жерде тағылымгер ретінде алып қалды, кейін мен аспирант және оқытушы қызметін атқардым.

Мен 50 жылдан астам айналысып жатқан ісімді, яғни хирургияны жақсы көремін. Менің бүкіл өмірім осы мамандықпен, адамдарға деген сүйіспеншілік пен көмек көрсетумен байланысты.

Мен 1994 жылы алғаш рет АҚШ-да болған кезде, операция жасауды ұсынған кезде, пациенттің келісетінін көрдім, ал біздің адамдарымыздың менталитеті мүлдем басқа. Жағдай күрделеніп болмағанша, біздің адам ешқашан операцияға келмейді, дегенмен қазіргі ұрпақ өзгеріп жатыр, адамдар өздерінің денсаулықтарына саналы түрде қарап жатыр.

Адамдарды жақсы көру – хирургияда ғана емес, жалпы медицинадағы басты қағида


Маған ойланып-толғануға болатындай және ешкім бөгет жасамайтындай жеті-он километрден серуендеу ұнайды.

Мен 60 жасымнан кейін рөлге отырдым және маған көлік жүргізу ұнайды.

Адамдарды жақсы көру – хирургияда ғана емес, жалпы медицинадағы басты қағида. Сонымен қатар менің өмірлік қағидаларым – адалдық және әдептілік. Өзіңе жіне пациенттерге адал болу керек.



Астана жайында


1998 жылы сәуір айында мені Алматыдан Целиноградқа ауыстырды. Мен сол кездегі қаладағы ең жақсы жерге – Теміржол клиникасына жұмысқа істеуге келдім. Сол кезден бастап, Астанадағы медицина ілгері қадам басып, дами бастады.

Астана – бірегей және ғажайып қала. Бұрын адамдар өз өмірлері жөнінде қам жеп, көшеде өтіп бара жатқан кезде, айналадағыларды елемей өтетін, ал қазірде адамдар өмірге ашық қарайды, күлімсіреп жүреді. Бұл мені қуантады.

Астана – бірегей және ғажайып қала



Жанашыр адамдар және олардың өмірлік істері


DSC_5109.jpg

Хирургия – бұл менің өмірім. Медицинаның бұл бағытында әрдайым оқып, үйрену керек, басқаларға қарап, жаңа тәжірибе мен білімге ие болу керек. Қазірде хирургтар инженерлермен бірге жұмыс істей бастаған кезде, көп жобалар мен ұсыныстар, түрлендірудің әртүрлі құралдары пайда болып жатыр.

Мен адамдарға денсаулықтары мен өмірлерінің сапасын қайтарып жатқанымнан үлкен рахат аламын.

Мен адамдарға денсаулықтары мен өмірлерінің сапасын қайтарып жатқанымнан үлкен рахат аламын



Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Менің рухым сергек күйінде. Соңғы уақыт ішінде көп операциялар өткізілді, олардың қатарында ешбір жерде жасалмайтын бірегей операциялар да бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм