ҚР Президенттік орталығы Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорымен бірлесіп, «Абай Әзербайжанда және әлемде» жинағын таныстырды. Оған Абайдың әзербайжан тіліне аударылған өлеңдері, әндері, қара сөздері, «Абай жолы» романынан үзінділер енген.
Аударма жұмысымен Әзербайжанның көрнекті әдебиет өкілдері П. Хәлилов, М. Ибрахимов, К. Пашаева, Ф. Агаева, Е. Кулиев, Ф. Вәлиева айналысқан.
Дереккөз: kaz.inform.kz