Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Абай Құнанбайұлының даналық сөздері
1047

13.07.2024

Абай Құнанбайұлының даналық сөздері

Абай Құнанбаев — әлемдік деңгейдегі ұлы қазақ ойшылдары. Оның сөзі тек қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың қазынасы болып табылады.



Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Әннің тәтті оралған мәні оятар.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.


Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.


Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де — ақымақшылық.


Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.


Жақсы дос — білген сырын сыртқа жаймас.


Досы жоқпен — сырлас, досы көппен — сыйлас.


Адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді.


Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.


Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.


Надан адамның көзі болғанымен — ойы болмайды.


Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!

Меню

Істер

Қала 24

Шолу