Қазан айында Ақтаудан Дубайға тікелей әуе рейсі ашылады. Абу-Дабиге арнайы сапармен барған Маңғыстау облысының басшылары мен «FlyDubai» әуе компаниясы арасында жаңа әуе қатынасын іске қосу туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта екі аймақ арасында байланыс орнатып, оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау көрсетілген. Тараптардың айтуынша, жаңа желі Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстаннан және шекаралас Ресей, Түрікменстан мен Өзбекстан елдерінен баратын туристер санының өсуіне жол ашады. Бұл өз кезегінде Ақтау халықаралық әуежайы арқылы ұшатын транзиттік жолаушылар санының артуына мүмкіндік береді.
Дерек көзі: 24.kz