Қанатқақты жоба қаладағы №20 орта мектепке тәжірибе ретінде енгізілді. Яғни жоғары сынып оқушылары аптасына екі рет бизнестің қыр-сырын үйренеді. Бұл бастаманы көтерген облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жасөспірімдерге арнап, семинар-тренингтер де ұйымдастырады. Онда қалаға танымал кәсіпкерлер дәріс оқып, бизнес жүргізу құпияларымен бөліседі. Бұл жобаны бастамас бұрын мамандар халықаралық бағдарламаларды зерттеп, өзге елдердің тәжірибесіне сүйенген. Яғни мектеп қабырғасында кәсіпкерлік туралы оқыған баланың бизнеске қызығушылығы оянады екен. Оқушылар сабақта бизнес-жоспар жасап, өз ойларымен бөліседі. Бұл пән тіпті қаржы нарығы мен қор биржасын қадағалап отыруды үйретеді. Кәсіпкерлік палатасы мектепті қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз еткен.
Дерек көзі: khabar.kz