Қазақ телевизиясының 60 жылдығы қарсаңында медиа-музей ашылды.
Ақтөбе облыстық телеарнасы ғимаратында орналасқан мәдениет орны жергілікті журналистика тарихынан сыр шертеді. Музейде Ақтөбе арнасының алғашқы жаңалық жүргізушілері Мәриям Айымбетова, Иван Ушанов пен Людмила Незванкиналардың суреттері тізілген. Көрерменнің көзайымына айналған бағдарламалардың шығу тарихы да бар. Жәдігерлердің қатарында көне телеқұрылғылар мен дыбыс жазу аппаратуралары да ұсынылған.
Жексенбай Құлданов, облыстық телеарнаның бас инженері:
— Киноға түсіріп алып келгеннен кейін, бәрін дайындаймыз, сонан соң осындай ленталар шығады. Киноның ленталары монтаждалады. 1996 жылдан кейін біз мынадай JVC деген қондырғылар алдық. Сосын барып жұмысымыз жеңілдей бастады.
Дерек көзі: 24.kz