Ақтөбеде бірыңғай байланыс орталығы жұмысын бастады. Қанатқақты жобаның мақсаты – коммуналдық қызмет сапасын жетілдіру. Енді тұрғындар «109» нөміріне қоңыру шалу арқылы коммуналдық шаруашылыққа қатысты мәселелері мен апаттар туралы хабарлай алады. Одан бөлек кез келген мемлекеттік мекеменің қызмет көрсету сапасына шағымдануға болады.
Нұрлан Күнтуов, қалалық мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы:
— Бізде бұл байланыс орталығы кезең-кезеңмен жұмыс жасайды. Алғашқы кезеңі, азамат бізге телефонмен «109» арқылы хабарласады. Ол өтініш тіркеледі. Тіркелгеннен кейін ол коммуналдық мекеменің байланыс орталығына жолданады. Біздің арамызда сол жолданған өтінімнің тез арада, уақтылы орындалуын қадағалау. Бізге «өтініш шешілді» деп коммуналдық мекемеден жауап келгенде, біз телефон соққан адамға хабарласып, сол өтініштің шешілгенін, не шешілмегенін анықтай аламыз.
Дерек көзі: 24.kz