«Ел айна» аталған жоба 2020 жылға дейін «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады. Болашақ агломерация тұрғындары шаһар туралы ақпаратты smart-қосымшалар арқылы анықтап, қажетті мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізе алады. Қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінетін болады. Мыңнан астам бейнебақылау камерасынан бөлек көлік нөмірін де бір жүйемен басқаруға мүмкіндік туады. Бұл бастамалардың басым көпшілігі мемлекеттік және жекеменшік әріптестігі аясында жүзеге асады.
Дерек көзі: www.khabar.kz