facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/2f3/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/2f30ce4afea64cf675fb5ca359cb27ce.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
a-sh--y-emigranttar-aza-standa-y-b-l-m-men-azy--t-l-k-nes-men-zha-sy-eken-zhayly
logo
АҚШ-ғы эмигранттар Қазақстандағы білім мен азық-түлік несімен жақсы екені жайлы

21.02.2020

АҚШ-ғы эмигранттар Қазақстандағы білім мен азық-түлік несімен жақсы екені жайлы

Асель Джаффи, 35 жаста, туған жері — Алматы, FurBabiesMiami үй жануарларын күту бойынша компанияның негізін қалаушы, assel_jaffee


aselya(3).jpg

Өзі жайлы


АҚШ-на ағылшын тілі курсына келіп, осы жақта жолдасымды кездестірдім. Кейін тұрмысқа шықтым.

Үй жануарларын күту қызметтерін ұсынатын кәсібім бар.

Азық-түлік


АҚШ-да USDA organic лейблі бар органикалық азық-түліктерді сатып алуға болады. Бірақ Қазақстандағы еттің, жемістер мен көкөністердің дәмі көбірек ұнайды. Олар дәмдірек. Сондай-ақ Қазақстанда органикалық азық-түліктерді жәрмеңкелер мен базарларда табу оңай.

Қазақстандағы еттің, жемістер мен көкөністердің дәмі көбірек ұнайды


Бағасы бойынша жалақыға сәйкес есептегенде АҚШ-да арзан.

Америкада әртүрлі тағамдар көп. Бірақ Қазақстанда да барлығы жеткілікті.

Қоғамдық көлік


АҚШ-да инфрақұрылым дамыған деп тек Нью-Йорк пен Майамиді айта аламын. Нью-Йоркте метро дамылсыз жұмыс жасайды, сол жағы ыңғайлы. Майамиде Алматыдағыдай қозғалыс үшін жеке көлігін керек. Бірақ күйеу екеуіміз үшін бұл қиындық емес. Екеуіміз де үйде отырып жұмыс істейміз. Брикелл ауданында тұрамыз. Ол кіші Манхэттенді еске түсіреді. Барлық керекті орындар жанымызда: банк, пошта, мектеп, балабақша.

aselya(5).jpg

Мұнда түнге дейін жұмыс істейтін кішкентай вагондары бар, жерүсті «метромувер» жұмыс істейді. Ол тегін Wi-Fi мен салқындатқышпен қамтамасыз етелген. Ол Брикелл және Даунтаун аудандарын біріктіреді. Сондай-ақ қарапайым метро, автобус және троллейбустер бар.

Алматыда кептеліс өте үлкен. Жерасты метро салынса жақсы болар еді.

Баспана


АҚШ-да баспананы жалға берерде, несиелік тарихқа қарайды. Ал жаңа көшіп келгендерде ол құжат жоқ. Ұзақ мерзімге, кемінде бір жылға Lease келісім-шартына отырады. Сондай-ақ жалға алушылардың құқықтары жақсы сақталған.

Қазақстанда баспана алу оңай және кез келген уақытта көшіп кетуге болады, бұл ыңғайлы. АҚШ-та жалға алу шартын бұзу оңай емес.

Білім


Қазақстанда бастауыш және орта білім беру жақсырақ. Бірақ Америкада өзін-өзі көрсету мен еркіндікке көп мүмкіндік береді.

АҚШ-ғы жоғары оқу орындары сапалы, өйткені мұнда әлемнің ең беделді колледждері мен жоғары оқу орындары орналасқан.

aselya(4).jpg

Ойын-сауық


Нью-Йоркте театрлар мен мұражайлар көп. Майамиде де көп қызықты жерлер бар. Флорида аттракцион саябақтары мен ойындарға бай.

Бірақ Қаақстанда сауда үйлерінде балалар бөлмелері жақсы дамыған. Бұл аналар үшін ыңғайлы, ал Америкада ол жағы қиындау.


Лаура Утарбаева, 33 жаста, туған жері — Ақтобе, фотограф, @lauraexpat


laura(1).jpg

Өзі жайлы


Мен Алматыда СДУ бітіріп, тұрмысқа шықтым. Ол кезде жолдасым Австралияда жұмыс істеп жүрді. Ол жақта төрт жыл болдық. Сондай-ақ Катар, Доха, Сауд Арабиясында тұрдық.

2018 жылы компания жолдасымды АҚШ-на бас кеңеселеріне шақырды.

Азық-түлік


АҚШ-да тағамдардың түр-түрі бар. Біз organic деген жазуы бар тауарларды сатып аламыз.

Шетелде 11 жыл тұрғандықтан қазақстандық өнімдердің дәмін аздап ұмыттық. Бірақ Қазақстанда сапалы етті сатып алуға болады. Ондай етті ешбір елде таппадық.

laura(2).jpeg

Азық-түлік қымбат. Мысалы, екі литр органикалық сүтті 6,99 долларға сатып аламыз. 12 жұмыртқа 9 доллар тұрады. Органикалық емес тауарлар бар — олар арзанырақ. Адамның қалтасына сай келетін кез-келген дүкендер бар.

Қоғамдық көлік


Америкада қоғамдық көліктің екі түрі дамыған: жер үсті және жер асты. Әр қалада, ауданда автобус парктері бар, онда маршруттарды, жол жүру билеттері, жеңілдіктер туралы барлық ақпаратты білуге болады. Үлкен қалаларда метро, Uber бар.

Бірақ қалалар арасында жүретін пойызға билеттер ұшаққа қарағанда қымбат болуы мүмкін.

Көбісі көлікпен саяхаттайды. Жолдар ыңғайлы, әрбір бес минут сайын аялдамалар, жанармай бекеттері, мотельдер, мекемелер бар. Қазақстанда көлікпен саяхаттау үшін мұндай жағдайлар жасалмаған.

Баспана


Баспананың бағасы штатқа байланысты өзгереді. Коммуналдық қызметтерді жеке компаниялар ұсынады және әрқайсысы өз бағасын ұсынады. Газ барлық қалаларда өткізілмеген. Сондай-ақ орталық жылу жоқ, сондықтан біз кондиционер қолданамыз.

Қазақстанмен салыстырғанда бағалар жоғары, бірақ бұл Америкадағы жоғары еңбекақыдан байқалмайды.

Білім


Екі үлкен балам мектепте оқиды, біреуі төртінші сыныпта, екіншісі екінші сыныпта. Олар Монтессори жеке мектебіне барады, бізге олардың оқыту әдістемесі ұнайды. Балаға көп үй тапсырма берілмейді, оқуға қолайлы жағдай жасалған. Балалар хайуанаттар бағына, мұражайға барып, кітаптар бойынша оқығандарын тәжірибе жүзінде үйренеді.

Баланың бойынша көшбасшылық қасиеттерді дамытады, оларға еркіндік береді.

laura(1).jpeg

Ойын-сауық


Біз Жаңа Орлеан қаласының жанында тұрамыз — бұл Американың джаз орталығы. Үнемі әртістер келіп, концерттер береді.

Мұнда әр қалад ойын-сауықтың түр-түрі бар: аквапарк, дельфинариум, океанариум, саябақтың бірнеше түрі.


Эльмира Масуд, 31 жаста, туған жері — Целиноград, @elmiramika


elmira(2).jpg

Өзі жайлы


Біз отбасымызбен АҚШ-да сегіз ай тұрамыз. Жолдасым мұнда PHD-да оқиды.

Азық-түлік


Тамақтан маған сүт өнімдері жетіспейді. Дәмді ірімшік, сүт, қаймақ жоқ. Біз кішкентай қалада тұрамыз. Мұнда бізге белгілі тауарларды сатып алатын, орыс дүкендері жоқ. Барлығы салыстырмалы түрде қымбат, бірақ соған қарай жалақы да жоғары.

Жыл бойы әртүрлі жемістердің бары ұнайды.

elmira(3).jpg

Қоғамдық көлік


Біз шағын қалада тұрғандықтан мұнда қоғамдық көлік жоқ. Әр отбасының өз көліктері бар.

Баспана


Қаладағы үйлер — коттедж типті. Орталық жылу жүйесі жоқ. Қыста үй салқындатқышпен жылытылады. Маған асүйде тамақ қалдықтарын ұнтақтау жүйесі орнатылған — диспузер ұнайды.

Білім


АҚШ-да ауызша емтихан жоқ. Негізгі білімді тәжірибе арқылы немесе тест бойынша тексереді.

elmira(1).jpg

Ойын-сауық


Көптеген тегін іс-шаралар бар. Үлкен мерекелер қарсаңында жалпы қалалық іс-шараға қатысып, отбасың мен достарың арасында уақыт өткізуге болады.

Қоғамдық кітапханаларда балалармен сабақ өткізеді. Кітап оқу, қуыршақ театры, кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырады. Сондай-ақ ересектер үшін джаз музыкасы кештерін өткізеді. Саябақтар әдемі және үлкен. Әрбір саябақта ауыз су крандары, балалар алаңдары, пикник орындары бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес