2024 жылы АҚШ-тың туристтік және бизнес-визасын қалай алуға болатыны жайлы айтамыз. АҚШ-тың В1/В2 категорияларындағы визасын алу үшін қадамдық нұсқаулық.
Азамат Нурмагамбетов, Астана қаласы, саяхатшы, @nomadcenter негізін қалаушы
АҚШ-қа виза алу процессы біз ойлағаннан да, жеңілірек. Бастысы — қажетті құжаттарды дұрыс жинақтау және DS-160 анкетасын толтыру, сонымен қатар АҚШ елшілігінде өтетін жеке сұхбатқа сауатты түрде дайындалу.
АҚШ-қа виза алудағы негізгі элемент — сіздің саяхат тарихыңыз.
Визалық тарих — бұл жауапты саяхатшы ретінде сіз туралы пікір. Ол тек сіз саяхатта болған елдердің тізімін ғана емес, сонымен қатар визаларды барлық талапқа сай қолданғаныңызды да көрсетеді. Әртүрлі елдерде болған, әлемді көрген және әр кез мінсіз үйіне оралған, саяхатта өз шығынын өзі қамтамасыз ететін өтініш беруші АҚШ елшілігінің қызыметкерлеріне сенім тудырады.
АҚШ визасын алу үшін кешенді және қысқа нұсқаулық
1. state.gov сайтында анкетаны толтыру
Сұхбатқа жазылу үшін виза түрін таңдау және DS — 160 анкетасын толтыру қажет. Анкетаны толтырмас бұрын 5*5 форматында ақ фондағы циврлық фото дайындаңыз. Анкета тек ағылшын тілінде толтырылады. Сұхбатқа кем дегенде 2 күн қалғанда анкетаны толтырып, растауды жіберу керек.
2. ustraveldocs.com сайтында сұхбатқа жазылу
Ары қарай өзіңіздің поштаңыз арқылы профиль ашып, форманы толтыру, DS-160 анкетасының нөмерін көрсетіп, 185$ көлемінде консульдық алым төлеу және сұхбат өтетін күн мен уақытты таңдау қажет.
3.Құжаттар пакетін жинау
Құжаттар пакеті визаның түріне байланысты. Мысалы, егер сіз АҚШ-қа бизнес-конференция үшін баратын болсаңыз, сізге міндетті түрде конференцияға қатысу үшін жіберілген шақыртуды көрсету қажет. Сонымен қоса төлқұжат, жұмыс орнынан анықтама, ЖШС кәсіпкерлері немесе жеке кәсіпкелер үшін құжаттар талап етіледі.
Қонақүйлерді, авиабилеттерді және сақтандыруды брондау Шенген визасын алу үшін маңызды, бірақ АҚШ визасы үшін міндетті емес. Алайда сіз оны өз қалауыңыз бойынша жасай аласыз.
4.АҚШ елшілігінде өтетін бетпе-бет сұхбатқа дайындалу
Басқа елдермен салыстырғанда АҚШ визасы бетпе-бет сұхбаттан соң ғана беріледі. Сұхбатты виза қызметкерлері өткізеді — АҚШ азаматтары.
АҚШ елшілігінде сұхбат орыс тілді мемлекеттерде орыс тілінде өтеді, ал басқа мемлекеттерде ағылшын тілінде, бастапқы деңгей болса да жеткілікті, сізден жоғарғы деңгейді талап етпейді.
Виза қызметкерлері сұрақтар темасында шектелмейді, сұхбат кезінде олар сіздің өміріңіздің кез келген аспектісіне қызығушылық танытуы мүмкін. Бірақ оларды қызықтыратын негізгі тақырыптар бар:
— АҚШ-қа барудағы себебтер және мақсатыңыз
— сіздің Отаныңыздағы өміріңіз: жұмыс, оқу, отбасы, табыс және бизнес.
— осыған дейін саяхатта болған елдеріңіз, тәжірибеңіз.
Сұхбат ұзаққа созылмайды, орташа есеппен бес минут. Сондықтан қысқа, бірақ танымдық жауаптар бергеніңіз жөн. Тым ұзақ жауаптарыңыз сіздің қобалжығаныңызды және виза сіз үшін тым маңызды екенін көрсетіп қоюы мүмкін. АҚШ-қа виза алудағы басты құпия — сұхбатта шынайы және сабарлы болу.